ҚМЖ "Қазақтың опера жанры" 7-сынып ("Арман -ПВ" баспасы, жаңа оқулық бойынша)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ "Қазақтың опера жанры" 7-сынып ("Арман -ПВ" баспасы, жаңа оқулық бойынша)

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ "Қазақтың опера жанры" ("Арман -ПВ" баспасы, жаңа оқулық бойынша)
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: № 5

Мектеп: Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Күні:10.12.2024.

Пән мұғалімі: Адамбаева Б.Т.


Қатысқаны: Қатыспағаны:

Бөлім тақырыбы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың опера жанры

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;

7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

Көптеген оқушылар: мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, етістіктің өткен шақ түрлерін тілдесім, жазылым барысында қолдану ;

Кейбір оқушылар: сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, етістіктің өткен шақ түрлерін тілдесім, жазылым барысында еркін қолдану

Осыған дейін меңгерілген білім

Қазақтың дәстүрлі әндері

Пәнаралық байланыс

музык сабағы, тарих

Құндылықтарға баулу

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарына баулу. Бұл арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейіндерін сабаққа аудару.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ. Қызығушылықты ояту.

  1. Опера жанрының ерекшілігі неде деп ойлайсыңдар?

  2. Опера әншілерінен кімдерді атай аласыңдар?

  3. Қазақстан қай қалаларында опера және балет театрлары бар?

Опера

Опера Еуропаның классикалық  музыка мәдениетінің ең жоғары  жетістігі болып есептеледі. Ең алдымен жазушы операның либреттасын жазады – мазмұны мен мәтінін құрайды –сосын  композитор – музыкасын жазады.

Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Басты рөлде – орындаушы – әншілер – балет әртістері – хор ұжымы болады. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық қойылым. Қойылымды басқаратын – режиссер, әншілерді, оркестр басқаратын – дирижер, қойылымды суреттейтін – суретшілер, себебі сахнаны қойылымға қарай безендіреді, әртістердің киім үлгілерін жасап шығ.ды, тігіншілер – суретшінің дайындаған үлгілері бойынша киім тігіп даярлайды, гримдеушілер, шаштараздар – әртістерді сахнаға шығуға дайындап, бет әлпеті мен шаштарын сәндейді. Дыбыс шеберлері – сахнаға жарық беріп тұрады.

Операны қоюшылар, орындаушылар тыңдармандарына терең мазмұнын жеткізуге күш – жігерін аямайды.

«Ғибратты сөз» айдары

Опера жай ғанаа музыка емес. Ол эмоциялар жарқын әрі тереңірек болатын әлемді жасайды.

Людвиг ван Бетховен

Театр – гректерден енген, түрлі таңғажайып құбылыстар,қызықтар көрінісімен қаншама халыққа көрсете алған. Көне театр Грекияның Афины қаласында ашық аспанның астында, таудың етегінде орналасқан, таудың етегін арнайы ойып, орындықтар жасап, 17мың көрермен отыратын болған, театрдың ортасы дөңгелек, шеңбер болған оны «орхестра» деп атаған. Грекияда ерлер ғана орындаған, маска киген. Алыстан көру үшін көрермендерді әртістер аяқтарына арнайы биік өкше қағылған етіктер киген.

Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев - опера әншісі (баритон), актер, педагог. Ол 1926 жылы шіледнің 4 жұлдызында Петропавл қаласында дүниеге келген. Әнші үйренген бірінші музыкалық аспап балалайка болған. Ол 1941-1943 жылдары П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка сыныбында білім алған. 1951 жылы Қазақ консерваториясының ән сыныбын тәмамдаған. Ондағы ұстасы А.М.Қорғанов болған еді.

Қазақ радиосында жүргізуші қызметін атқарған. 1947 жылдан бастап Абай атындағы Опера және балет театрында қызмет еткен. 1973 жылы Қазақ консерваториясында вокал сыныбында ұстаз болған. 1982 жылы профессор атағын алған.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылармен сәлемдесіп, зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылар тақырыпты анықтау мақсатында сұрақтарға жауап береді, өз көзқарасын танытады.


Ғаламтор беттерінен алған деректермен танысады, сілтеме жасайды.











Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


















ҚБ

-







https://kk.wikipedia.org/wiki/Классикалық_музыка








Сабақтың ортасы























ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Оқушылар ОҚЫЛЫМ мәтінін мұқият оқып, 4-тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

  • мәтінді мұқият оқиды;

  • сұрақтарға жауап береді.

ҚБ


ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН. Мәтінді оқып, «Еркін жазу» әдісімен ойларыңды жазыңдар.

Артық болмас білгенің

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі, КСРО халық әртісі (1967). 1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н. Самышинаның ән класы бойынша) бітірді.

Б. Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жүмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді. 1965–1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды. 1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді. Күміскөмей әнші

Бибігүл Төлегенова- аты аңызға айналған әлемдік деңгейдегі әнші, КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, опера жұлдызы. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, педагог, опера әншісі.

Б. Төлегенова ұлттық опера өнерінің дамуына зор үлес қосты. Ең үздік партиялары: Жібек (Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»), Гүлбаршын (Е. Рахмадиевтің «Алпамысы»), Еңлік (Ғ. Жұбанованың «Еңлік -Кебегі») және т. б. Б. Төлегенова сондай-ақ, «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған», «Тақиялы періште» кинофильмдерінде ойнады.

«Автор орындығы»

Бағалау дескрипторы:

  • Мәтін мазмұнын интонацияға сай оқиды;

  • Мәтіндегі кейіпкер туралы мәлімет алады;.

  • Опера жанры туралы өз пікірін білдіреді.

ҚБ

ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

1-тапсырма. Сұхбатты тыңдаңдар. Сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлееу мәнеріне назар аударыңдар. Негізгі ойды анықтаңыздар.Әдеби тіл нормалары.

Дескриптор:

  • Сұхбатты түсінеді;

  • Негізгі ойды анықтайды.

ҚБ

ӘТН

125-126-беттегі ережелермен жұмыс жасау

Ережені мысалдар, презентация арқылы түсіндіру.

5-тапсырманы орындаңдар

Өткен шақ етістіктерін теріп жазыңдар


«Тірек мәтін» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді. 1-ОҚЫЛЫМ мәтінін мұқият оқып,сұрақтарға жауап береді..

.



«Артық болмас білгенің» айдарындағы ақпаратпен танысады;

«Еркін жазу» әдісімен ойларыңды жазады;

Ой түйіндейді.























Сұхбаттың мазмұнын түсінеді, негізгі ойды

анықтайды.






Өткен шақ етістіктерін теріп жазады








ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!







ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!









ҚБ

- Тамаша жауап!

- Жақсы жауап!

- Төмен жауап!


7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы, жұмыс дәптер






https://music.yandex.kz/album/370529


































презентация

Сабақтың соңы Рефлексия


Үй тапсырмасы: 126-бет, 7-тапсырма

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Күнделік






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
150
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі