400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек, үлгі ретінде толық ашылып жасалған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

59 мектеп-гимназиясы

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Бөлім:

3. Физикалық география

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты

Шарипова Айнур Муратовна

Күні:

17.11.2025ж.

Сынып: 7 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.2.5 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар Қазақстандағы негізгі қолайсыз атмосфералық құбылыстарды (кемінде 4) анықтап, олардың таралу аймағын картадан көрсетеді және әр құбылысқа қатысты кемінде екі сақтану шарасын ұсынады.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

"Смайликтер алаңы": Жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушының сабаққа келгендегі эмоционалдық жағдайын анықтау. Смайликтерді таңдап, бір-біріне жақсы тілек айтады. Мақсаты: Тиімділігі: Оқушы сөзді қимыл арқылы көрсеткенде, оның миында сол ұғымның көрнекі және эмоционалды бейнесі қалыптасады, бұл оны есте ұзақ сақтауға көмектеседі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



"Қауіпті Болжам" әдісі: Тақтада қолайсыз құбылыстардың суреттерін (мұз, дауыл, құрғақшылық) көрсету.

"Сұрақ-жауап" әдісі:

Ауа райы дегеніміз не?


Климат дегеніміз не?


Атмосфералық құбылыстар деген не?


Ауа райы элементтеріне нені жатқызамыз?






Суреттерді талдап, "қолайсыз атмосфералық құбылыс" ұғымына шығады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.








PPT-дағы суреттер (Файлдан).

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.



1-тапсырма:

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру.

Жаңа тақырыпқа байланысты қолайсыз атмосфералық құбылыстарға тән жауаптарды бос орындарға толықтыр.

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты қолайсыз атмосфералық құбылыстарға тән жауаптарын бос орындарға толықтырады, дәптерлеріне орындайды:


Дескриптор: Жалпы – 3 балл

Оқулық, жұмыс дәптерлері, интерактивті тақта.


2-тапсырма:

Сұрақтарға жауап бер? Жауабын дәптерге жазып ал.


  1. Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың жауын-шашынмен байланысты құбылыстар қай аумақтарда көп орын алатынын картаны пайдаланып анықта?

  2. Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың желмен байланысты құбылыстар қай жерлерде көп орын алатынын картаны пайдаланып анықта?


Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

- жауын-шашынмен байланысты құбылыстарды картадан анықтай алады,

- желмен байланысты құбылыстарды картадан анықтап, дәптерге жауабын жазады.




Оқулық, жұмыс дәптерлері, атлас.


3-тапсырма:

Атмосфералық құбылыстарды дұрыс сипаттамаларымен сәйкестіндіріңіздер





Берілген кестедегі термин

Дер мен анықтамаларды сәйкестендіреді.


Дескриптор: Жалпы – 2 балл.

  • Бұрқасын; Қылау

  • Үсік; Бұршақ терминдерінің анықтамаларын дұрыс табады.

Презентация.


4-тапсырма:

Қолайсыз және қауіпті құбылыстардан сақтану шараларын ұсыңыз.


- Сыныптың жарты бөлігі Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аумағында болатын,

- сыныптың жарты бөлігі Қазақстанның шығысы мен оңтүстік аумағында болатын қолайсыз және қауіпті құбылыстарын жіктейді. Себептерін түсіндіреді.


Дескриптор: 3 балл

-Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды анықтайды, таралу аймағын картадан көрсетеді.

- Суреттерден Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды анықтап атайды;

- Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстардың таралу аймағын анықтап, картадан көрсетеді;



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


"Бағдаршам" әдісі (Жұптық өзара бағалау)

* ? (Жасыл смайлик): "Тапсырма өте жақсы орындалған, сақтану шаралары дұрыс."

* ? (Сары смайлик): "Жақсы, бірақ сақтану шаралары толық емес."

* ? (Қызыл смайлик): "Қайта қарауды қажет етеді."


Оқушының сабақ мақсатына жету деңгейін және жалпы ризашылығын бағалау.


Үй тапсырмасы

Тапсырма: Оқушылар Қазақстанның жергілікті компонентін (өз тұрғылықты мекенін) ескере отырып, қолайсыз атмосфералық құбылыстардан сақтанудың шараларын ұсынады.























































3-тапсырма.

  1. Апатты деңгейге жататын аймақтарды жазыңыз

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Қолайлы деңгейге жататын аймақтарды жазыңыз

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Апатты және қолайлы деңгейлерді салыстыр





Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

  • Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыру картасын пайдаланып, апатты аймақтарды атайды.

  • Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыру картасын пайдаланып, қолайлы аймақтарды атайды.

  • Екі деңгейдегі аймақты салыстырады

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20.11.2025
73
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12