ҚМЖ “Су-табиғат құбылысы” 6-сынып 3-тоқсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ “Су-табиғат құбылысы” 6-сынып 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып Қазақ тілі пәні “Су-табиғат құбылысы” тақырыбы 3-тоқсан сабақ жоспары 1-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін: _____________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 1-сабақ

Бөлім:

6-бөлім: Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

А.Б.Даулетиярова

Күні:

08.01.24ж

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Су – табиғат құбылысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;

6.4.4.1 - сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Сабақтың мақсаты

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну арқылы детальді ақпаратты анықтай алады; сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсініп, зат есім мен сын есімнің орнына қолдана алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қоғам игілігі үшін қызмет ету.

Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.

Талап құндылығы: Салауатты өмір салтын ұстану. Білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

3 минут





5 минут






Сабақтың ортасы

8 минут









6 минут








6 минут

























6 минут










Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ой шақыру

1. «Су» ұғымымен қандай сөздерді байланыстырасың?

2. Судың адам, жан-жануарлар, өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы қандай?

3. Өз ойыңды бірнеше тірек сөздермен жинақта.

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен детальді ақпараттарды анықта.

Детальді ақпарат – мәтіндегі негізгі ақпаратты дәлелдейтін фактілер, мысалдар, жылдар, пайыздық көрсеткіштер, дәйексөздер.

Үлгі: Күнге қызған жапырақтың бойындағы су буға айналып кетеді.

2-тапсырма.

Өз пікіріңмен бөліс.

Судың су – бу, су – бұлт, су – жаңбыр, су – қар, су – мұз қалпына енуінің себебін және осы қалыптағы олардың тіршілік үшін маңызын түсіндір.

3-тапсырма

Балалар, суретке мұқият қараңдар. Не байқадыңдар?






Жіктеу есімдігі

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдік-тің түрі жіктеу есімдігідеп аталады. Жіктеу есімдігі үш жақта қол-данылады. Сөйлеуші адамды білдіретін сөз I жақ болады. Оған мен,

біз, біздер деген сөздер жатады. Тыңдаушы адамды білдіретін сөз

II жақ болады. Оған сен, сендер, сіз, сіздердеген сөздер жатады. Бөгде адамдарды не бөгде бір затты білдіретін сөз III жақ болады. Оған ол, олардеген сөздер жатады.

Жіктеу есімдігі жекеше түрде де, көпше түрде де қолданылады.

Мысалы:

Жекеше Көпше

I жақ мен біз, біздер

II жақ сен (сіз) сендер (сіздер)

III жақ ол олар

Жіктеу есімдігіне жіктік жалғау қосымшаларын жалғауға болады.

Бұлардың жіктелуінің ерекшелігі бар. Жіктеу есімдігі қай жақта тұрса, сол жақтың ғана жіктік жалғау қосымшасы жалғанады. Мысалы, Мен ән айттым. Сен ән айттың.

4-тапсырма.

Төмендегі есімдіктерді құрамына және жасалу жолына қарай

талда.

Мен, біз, сол, қандай, әрқашан, әлдебіреу, қайсыбіреу, кейбір.

Үлгі: Мен –дара, негізгі, жіктеу есімдігі

Үйге тапсырма: 5-тапсырма

Ойтаразы

Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкене бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?


Психологиялық ахуал

-Салем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)

Берілген сұрақтар


Мәтінді мұқият тыңдады. Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды.


Өз пікірлерін айтады.

Судың су – бу, су – бұлт, су – жаңбыр, су – қар, су – мұз қалпына енуінің себебін және осы қалыптағы олардың тіршілік үшін маңызын түсіндіреді.










































Есімдіктерді құрамына және жасалу жолына қарай

талдайды.






Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.


Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



Дескриптор

Білім алушы

- мәтінді мұқият тыңдайды;

-мәтіндегі деталді ақпараттарды анықтайды;

-судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіреді;

-өз пікірін білдіреді.



Сабақты бекіту кезеңін бағалау

«Жапондық бағалау» әдісі бойынша үш топ бірін-бірі бағалайды. Осы бағалау арқылы келесі өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді.

Дұрыс,келісемін


Толықтырамын, басқа көзқарасым бар.

Менің сұрағым бар




Оқулық

6-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл



Қалыптастырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

6-сынып



















Оқулық

8-сынып

«Атамұра» баспасы

2018жыл


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2024
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі