400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ. Сызықтық функция және оның графигі

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімдік жоспарлау


Пәні: Математика

САБАҚ Сызықтық функция және оның графигі

Мектеп: Шымкент қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 26.03.2019

Мұғалімнің есімі: Нармухамедова М.А.

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.5.1.9

y=kx функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k-ға қатысты орналасуын болжайды;

7.5.1.10

y=kx+b сызықтық функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k мен b-ға қатысты орналасуын болжайды;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • y=kx функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k-ға қатысты орналасуын болжайды (мұғалімнің көмегімен);

  • y=kx+b сызықтық функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k мен b-ға қатысты орналасуын болжайды (мұғалімнің көмегімен);

Оқушылардың басым бөлігі:

  • y=kx функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k-ға қатысты орналасуын болжайды;

  • y=kx+b сызықтық функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k мен b-ға қатысты орналасуын болжайды;

Кейбір оқушылар:

  • Өмірмен байланысты функция алуға берілген есептерді шығарады

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:


Функция, сызықтық функция,тура пропорционалдық, абсцисса, ордината, параллель,түзу, координата басы


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

у = kх түріндегі формуламен берілген функция .... деп аталады.

Тура пропорционалдық функциясының графигі ... сызық.

k коэффициентіне қатысты ..... орналасады

Тура пропорционалдық функциясының графигі ... арқылы өтеді


Талқылауға арналған тармақтар:


Сызықтық функция дегеніміз не?

Сызықтық функцияның графигі қандай болады?

Түзу мен ОХ осінің оң бағыты арасындағы бұрыш және к коэффициенті арасында қандай тәуелділік бар?

b коэффициенті мен графиктің орналасуы арасында қандай тәуелділік бар?


Жазылым бойынша ұсыныстар:


Сызыықтық функция дегеніміз....

Сызықтық функцияның графигі...

Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Алдыңғы оқу

Функцияның анықтамасын және оның берілу тәсілдерін біледі.

Бағалау критериі

  • y=kx функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады

  • Бос мүшеге және бұрыштық коэффициентке байланысты сызықтық функцияның графигінің орналасуын болжайды

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

4 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қ/б.Интерактивті тақтадағы дайын жауаптар арқылы бір – бірін тексеріп өзара бағалайды.

Интерактивті тақта


Ортасы

5 мин.






















14 мин.

























































17 мин.

«Мен солай ойлаймын».әдісі арқылы ұжыммен жұмыс. 1- тапсырма. Интерактивті тақтада көрсетілген суреттерде бейнеленген түзулер функция графиктері болады ма? Берілген түзулер қандай функциялардың графиктері бола алады? Неге солай ойлайсың? Жауабыңды түсіндір. Жиналған ақпарат бойынша сызықтық функцияның анықтамасын қорытып шығар. (Берілген тапсырма оқушыларға сызықтық функция бар екенін еске түсіруге, оның анықтамасын беруге мүмкіндік береді.

Shape1

Дескриптор:

- Қандай функция графиктері болатынын анықтайды;

- Неге солай ойлайтынын түсіндіреді;

- Жиналған ақпарат бойынша сызықтық функцияның анықтамасын қорытып шығарады.

Қ/Б. Көшбасшының және мұғалімнің оқушыларға ауызша кері байланыс беруі арқылы бағаланады.


Топтық жұмыс. Оқушыларды кездейсоқ «ордината» және «абсцисса» деп аталатын екі топқа бөлінеді.

2-тапсырма

а) Кестені толтыр және функцияның графигін сал.

i)

х

0

2

у




ii)

х

2


у


-10


iii)

х

2


у


-3


iv)

х

0

3

у




v)

х

5


у


0




в) а – тапсырманың нәтижесін қолданып кестені толтыр сұрақтарға жауап бер

Фукция

i

ii

iii

iv

v

к






Түзу мен ОХ осінің оң бағыты арасындағы бұрыш (доғал немесе сүйір)







- Түзу мен ОХ осінің оң бағыты арасындағы бұрыш және к коэффициенті арасында қандай тәуелділік бар?

- Егер к=0 болса, онда түзу мен ОХ осінің оң бағыты арасындағы бұрыш қандай болады?

- b коэффициенті мен графиктің орналасуы арасында қандай тәуелділік бар?

- Координата осьтерімен қиылысу нүктелерін табыңыз.

- Функцияның графигін салма координата осьтерімен қиылысу нүктесін қалай анықтауға болады?


Дескриптор:

- Кестені дұрыс толтырады;

- функция графиктерін салады;

- бұрыштық коэффициенттің мәніне байланысты функцияның графигінің орналасуын сипаттайды;

- бос мүшенің мәніне байланысты функцияның қалай орналасатынын анықтайды;

- сәйкес қорытынды жасайды.

- Координата осьтерімен қиылысу нүктелерін табады.

- Функцияның графигін салма координата осьтерімен қиылысу нүктесін қалай анықтауға болатынын тұжірімдайды.



Қ/Б. Әрбір команда https://www.mathway.com/Precalculus программасы арқылы графиктерінің дұрыс салынғандығын тексеріп өзін – өзі бағалайды.


Жеке жұмыс. «Сатылы тапсырмалар» Оқушыларға оқулықтан тапсырма беріледі

3- тапсырма (оқулық 119-бет, 2-тапсырма)

Shape2

Дескриптор:

  • Кестені дұрыс толтырады;

  • Бір координата жүйесінде берілген функциялардың графиктерін салады;

  • Көріп тұрған заңдылықтарына сәйкес қорытынды жасайды.

4- тапсырма (оқулық 122-бет, 7-тапсырма)

Дескриптор: k және b коэффициенттері қабылдай алатын мәндер мен функция графигі арасындағы сәйкестікті орнатады.

Саралау – сатылы тапсырма. Тапсырма (оқулық 120-бет, 7-тапсырма)

Дескриптор:

- Есептің шарты бойынша тәуелділікті анықтап функция алады;

- функциясының графигін салалады;

- алынған функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табады.

Қ/Б. Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша өзара бағалау.


Жеке жұмыс. Оқулықтан 121 бет, 6-тапсырманы «шынжыр» әдісі арқылы ауызша орындау

Қ/Б

Үлестірме қағаздар ,

























Постерлер,































https://www.mathway.com/Precalculus




Математика. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына арналған оқулық. Д.А.Айтмухамет, Н.В.Егоркина, Л.М.Забора, Н.Ю.Паникарская, И.И.Строева -2бөлім. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2018. 212б

Аяқталуы

2 мин.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі