Материалдар / ҚМЖ тақырабы: Тянь - Шань
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚМЖ тақырабы: Тянь - Шань

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарда жеті модульді оқыту бойынша әдіс - тәсілдер қолданылған. Сабақтың этаптарын дұрыс жоспарлауға бағыт береді. Әр этапта оқушының әрекеті мен мұғалімнің іс - әрекеті сипатталған. Жас мамандарға сабақ жоспарлауға көмек құралы бола алады.Жаңа әдіс - тәсілдермен танысып, оқытуда пайдалану үшін мүмкіндік береді. Оқушылармен жұмыс жасауда бағыт - бағдар береді. Білім сапасын көтеруде үлкен септігін тигізе алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
524
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық құзыреттілігін дамыту барысында « құм терапиясының » элементтерін қолдану


Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Нұржау ауылы

« Гаухар» балабақшасының

І санатты тәрбиешісі.

Наурызбаева Гүлбаршын Мұғалқызы




Қоғамымыздың қазіргі даму сатысында балабақша алдында жас ұрпаққа қажетті, қоғамдық мәні бар адамшылық қасиеттерді білім беру негізінде қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Балабақша орта мектепке апарар,тұңғыш баспалдағы.Сондықтан да балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне қарай танымдық мүмкіндіктерін дамыту және оқыту мақсаттарының бала тұлғасын тәрбиелеуге бағдарлануы заңды деп білуіміз керек. Бүгінгі таңда,әрбір адамның алдында үнемі жақсы білімдермен қарулану,олардың маңызын оймен түсіне білу талабы қойылып отыр. Бұл талаптарды орындау балалардың ой өрісін кеңейтіп,интеллектісін жан жақты дамыту,түрлі шағармашылық әрекеттерін дамыта отырып,олардың өздігінен танымдық белсенділіктерін арттыру негізінде іске асырылады.[1]

Менің шығармашылық жұмысымның тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық құзыреттілігін дамыту барысында « құм терапиясының » элементтерін қолдану деп аталады.

«Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Карл Густав Юнг «Біздің ойлап жүргенімізді қолымыздың көмегі арқылы шешуге болады» деген тұжырымға келген.Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді.

Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ  ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып , тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін.

Ғаламторда құм жайлы көптеген мағлұматтар бар. Соның ішінде менің тапқаным құммен ойын туралы 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд  сипаттама берген. [3]Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өзерінің жасағандарын «менің әлемім»деген екен және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған екен. Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

Құм терапиясының негізгі мақсаты: бала өзін жайлы,қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимульдық орта қалыптастырады және танымдық,психикалық үдерістерді дамытады,ол түйсік есті ,зейінді,қиялды, кеңістік түсінікті,сезімділік пен қолдарының ұсақ моторикасын дамытыды.

Құм терапиясының маңызы: балалардың құм терапиясында қиял,көрнекі бейнелік ойлауды,сөздік логикалық ойлауды,көрнекі іс әрекеттік ойлауды,шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.[2]

«Баланың бүкіл өмірі ойын » деп К.Макаренко айтқан,бала ойнай отырып дамиды.Құмдағы ойындар баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі.Сондықтан да біз,ересектер құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып,әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып,біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді,қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Құм терапиясы кезінде баланың шығармашылық,зияткерлік,танымдық,қарым - қатынас құзыреттіліктері дамиды.(қосымша 1)

Құм терапиясын қолданудың әдіс тәсілі әңгімелесу,сұрақ жауап,пікірталас (қосымша 2)

Құм терапиясының негізгі ұстанымдары.

Шығармашылық белсенділік таныта бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп,табиғи ынталандыратын орта жасау.

Абстрактілі нышандар әріптердің сандық тиімді және осы ұстанымның жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға,баланың жеке қызығушылығы мен әс әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.

Құм терапиясының маңыздылығы:

Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі;

Іште туындаған қиын жағдайларды,шығармашылық әлеуетін босатады.

Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі.Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп түсінеді,бірақ менің тәжірибемде құм терапиясының еркін әдіс екенін көрсетті.

Балабақа тәрбиешісі болып жұмыс істеу барысында аңғарғаным: балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының жұтаңдығы басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі мен өте төмен дамыған,олардың агрессивті,бір біріне қайырымды болмауы және бір біріне мейірімділік , шыдамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және шаршайтындықтары сабаққа деген қызығушылықтарының төмендеуін,  байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың  бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардық денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі.  Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда  бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету көзделген. Балалардың ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен теледидар алмастыруда. Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Мен өзімнің тобымда балалардың  сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамын.  Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға  тоқталып өткім келеді. Мен топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын  жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың  бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі  туады да, ол тілдік және комуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді. Қыс мезгілінде де біз құммен ойындарымызды тоқтатпаймыз. Мен өзімнің тобымда «шағынқұмзар» жасадым. Ол ағаш қорап ені мен ұзындығы 70 немесе 80 см биіктігі 20 см Құмзар топтын арнайы бөлінген орнында орналасқан, тудырылған жағдайға байланысты  құмзарды басқа жерге қоюға болады. Біздің шағынқұмзар кең қолданыста. Мен оны оқу әрекеттерінде, балалармен бірлескен әрекеттерінде, дербес ойындарда және шығармашылық жұмыстарда қолданамын.

Тіл құзіреттілік дамыту сабақтарында мен келесі әдіс-тәсілдерді қолданамын:

1.Әңгімелесу « бөлмедегі құммен ойнау ережелері» бұл сабақта мен топттағы не істеуге болады және не істеуге болмайтының талқылаймыз (құмды шашуға, лақтыруға, басқа жерге тасуға т.б.)

2. Балаладың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін». Балалар өз сезімдері, құммен ойнау барысындағы туындаған қиялары туралы әңгімейлейді.

3. ТРИЗ. Ойын «Құм: жақсы- жаман» балалар құмның  пайдалы және пайдасыз қасиеттерін атайды.

4. Сусымалы құмды қарастыру (Құм сағаты) «Менің сезінулерім». Балалар сусымалар құмды, бірнеше рет аударып отырып бұл процесті өте ұзақ қарастыра алады. Бұл көрініс оларды қатты қызықтырады. Содан кейін олар өз сезінулері туралы әңгімейлейді.

Математика сабақтарында төмендегіндей жаттығуларды қолданамын:

  1. «Өлше де сана». Балалар қасыкпен құмды өлшейді және санын санайды.

  2. «Түрлі өлшемдермен өлше». Бірдей мөлшердегі құмды балалар түрлі белгілері бар қасықтармен өлшеп салыстырылады және санын санайды.

Сурет сабақтарында келесі сабақ түрлерін қолданамын:

  1. «Құммен сурет салуды үйренеміз».  Осы сабақты балалармен бастапқы кезеңде әрқайсысымен жекелеп өткіземіз. Бір заттың бейнесін саламыз немесе көшірме қағаз арқылы бейнелейміз. Суреттің ортасына жіңішке қылқаламмен желім жағып үстіне құм себеміз, 1-2 минуттан соң артық құмды алып тастаймыз да, қайта өз ыдысына қалдық құмды саламыз.(қосымша 3)

  2. «Суретті құммен саламыз».  Сабаққа түрлі түсті гуашпен боялған және түрлі табиғи реңкі бар құмдарды  қолданамыз. Түрлі түсті құмды біртіндеп желіммен әр түсті жеке алып отырып суретті шығарамыз.

  3. «Бауырсақ және түрлі безендірілген қуыршақтар» дымқыл құмнан мүсіндеу.

   Қыстың суық күндерін де сырқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар және ойынсауықтар ұйымдастырылады.

Ойын түрлері:

  1. «Ненің ізі».

  2. «Келесіге бер»

  3. «еркін ойындар»

Құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады,. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруға  маңызды рөл атқарады.

Құм терапиясының әдістерінің  маңыздылығы:

Құм терапиясында  стандартты  өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз  пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі.

«Қиялдау- ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы  сыртқы және ішкі  дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған  белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады.

Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Калфф – «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды» деген  негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды, онда  бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді  көрсетеді.[4]

Кішкене кездеріңіз естеріңізде ме? Кішкене болса да есте қалған шығар? Қалай сіздер есік алдында немесе ата-аналарыңызбен судың жағасында құммен және сумен ойнағанды жақсы көруші едіңіздер.  Құммен әртүрлі қалашықтар, пирамидалар жасап, олар әлемдегі ең әдемі болсын деп түрлі-түсті тастармен безендіргендеріңіз. Немесе құмнан бәліштер жасап «пыырушы» едіңіздер. Құмды қазып, шұңқыр, туннель жасау арқылы суға жетуші едік. Құммен ойын балаға қалай қызықты болса, солай үлкендерге де қызықты.

         Құммның ерекшелігі неде, оның қандай құпиясы бар?  Зерттеу барысында мынадай болжам жасадым: Құммен сурет салу тек қызықты әрі танымды ғана емес, ол пайдалы.

        Бұл құмның осындай құпиялығы неде? Құмды адам өзінің саусақтарының ұшымен ұстаған кезде  шексіздікті сезінеді.  Құмның су өткізгіш қасиеті бар. Мамандардың айтуынша құм адамның жағымсыз психикалық энергиясынан тазартып, эмоционалды жағдайын қалпына келтіреді.

Практикалық зерттеу:

Зерттеу бөлімдері.

Менің гипотезамды тексеру үшін зерттеу үш бөлімнен тұрды.

(қосымша 4)

  Теориялық зерттеу әдісі

         Мен осы зерттеу бөлімінде,  балалармен ойын ұйымдастыру барысында құм терапиясын әр түрлі тәсілдермен қолдануға болатынымен таныстым.  Олар маған өте қызықты болып көрінгендіктен, мен сіздермен бөліссем демін.

        Балалардың белсенді, толыққанды дамуына құм өте қажет. Бұл материалды қандай пішнге келтірем десеңізде ол оңай көндіге кететін зат. Құм – бұл керемет психотерапиялық материал. Ол адамның қиялын оятып, барлық сезім мүшелеріне әсер етіп, тыныштандырып, жандандырады.

Құм балалардың тілектерін білдіруге, жағымсыз әсерлерді шығаруға, қорқыныштарын сейілтуге әсерін тигізеді.

        Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес, ол балаларға өз әлемін ашуға көмектеседі. Құммен сурет салу көркемэстетиканы дамытуға көмектеседі. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы ,координацияны, танымдық процестерді жақсы дамытады.

Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм , жануарлардың  мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары  толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.

         Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.

         Шешім: Құммен сурет салу – бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады.

Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері –жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс.  

Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі . Құммен сурет салу өте қызық іс болғандықтан, мен өзім  бірнеше  жұмыстар жасап көріп,әріптестеріме  айтып бөлістім.

Алдымен сұрақ жүргіздім «Құммен жұмыс жасаудың көптеген түрлері жайлы не білетіндерін?» Бұл сұраққа жауап алу үшін, тәрбиеленушілерімнің  арасынан социологиялық зерттеу жүргіздім,нәтижесі мынадай болды.  

1 сұраққа: Құм сөзімен сіздерді қандай  ассоцация байланыстырады? Бұл сұраққа әр түрлі жауаптар болды. Көбінесе «теңіз, құмзар, достар, қарындасы, балалар, жаз, жол » сөздері кездесті.

2 сұраққа: «Құммен қандай ойындар ойнатынын сен білесің бе? » деген сұраққа, көбінесе балалар100% «иә» деп жауап берді. Бірақ жауаптарда үлкен ерекшелік болмады. Көбінесе «құмнан үйлер тұрғызу, құммен және сумен ойнау» деген сияқты мысалдар келтірілді. «Құмнан әр түрлі суреттер шығарып салуға бола ма?» деген сұраққа 75,6%  «жоқ» деп жауап берді.

Балалардың жауаптарын талдай  келе мен өз зерттеулеріді жалғастыра отырып, әр түрлі ойындарды жинап және өзімнің әріптестеріме  қатысуларына болатынын ұсындым.

Практикалық  жұмыс: «Құммен қызықты ойындар» (қосымша 5 )

 Шешім: Құмда сурет салу методикасы өте қарапайым болғандықтан, үлкендер мен балалардан  ешқандай алдын ала дайындықты қажет етпейді.

Менің әріптестерім  100 % риза болып, жұмысты аяқтағылары келмеді.  Көптеген қызықты жұмыстар болды.

Осыдан келе мен балаға құммен жұмыс қалай  көмектеседі? Деген ойға келдім. Бұл сұраққа мынадай жауаптар таптым.

Қиялдауды үйрену.

Өзіңнің ерекше нәрсеңді жасау.

Қорқыныш пен үрейден құтылу.

Құммен жұмыс тілдерін, ұсақ қол маторикасын, жадыны, қиялдарының жетілуіне бірден бір көмек.

Құммен сурет салу өте қызықты, пайдалы, творчествалы ғана емес деген келісім толығымен расталған гипотеза.

Құммен сурет салу өнері – қолжетімді, қарапайым іс. Кішкентай балалардың дамуына өте пайдалы материал. Құммен жұмыс  ұсақ қол маторикасын дамытады. Құмман творчествалық жұмыстар жасау бір – бірімен тіл табысуға, бірігіп жұмыс жасауға  тәрбиелейді. Құмның ойын терапия  тәсілі – мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығына  қуаныш пен рахаттану атмосферасын тудырып, оларға  жақсы жағынан әсер етеді. Құммның көмегімен ертегілерді келтіріп ойнап, қиялдарын жетілдіріп, өз әлемін жасауға болады.  [5]

    Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Тәрбиеші балалар жайлы ойынға олармен бірге қосыла ойнағанда ғана дұрыс мағұлмат ала алады. Еліміздің болашағын ойлай,педагог құрбыларыма мектепке дейінгі мекемелерде күн көріс көзі деп жұмыс істемей,ұрпақ болашағы үшін жауапты екендігімізді әрдайым жадымызда ұстайық дегім келеді.







































Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Қабдықайырұлы Қ.,Монахов В.,Оразбекова Л.Н.,Әлдібаева Т.Ә. «Оқытудың жаңа технологиясы- Алматы.Атамұра. 1998 ж.

  2. Http://nsportal.ru/ap/library/drugoe/2014/11/03/kum-terapiya

  3. Сакович Н. А. Технология игры в песок. Игры на мосту. — спб.: Речь, 2006.

  4. Юнг К. Г. Практика психотерапии. Минск: Харвест, 1998

  5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» № 1, 2015 ж.

  6. «Отбасы мен балабақша» № 4 2014 ж.





































Қосымша 1



Баланың даму құзыреттіліктері





Shape4 Shape3 Shape2 Shape1



Шығармашылық





Зияткерлік









Танымдық







Қарым- қатынас





















Қосымша 2


Құм терапиясын қолданудың әдіс- тәсілі.






Shape7 Shape6 Shape5




Әңгімелесу

(Балалармен не салатынын жүргізу)







Пікірталас

(Өзара пікір,әңгімелерін ортаға салу)













Сұрақ- жауап

(Балалармен сұрақ қойып жауаптарын тыңдайды)
































Қосымша 3



Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Сурет»

Білім беру саласы : «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің тақырыбы: «Күн» /Құм терапиясы/ 
Мақсаты: 
• Қөніл – күйіді бағалау; 
• Жан – жақты психиқалық процестерді дамыту: қабылдау, есте сақтау, 
көңіл аудару, елестету, кенестік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту; 
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің әдіс- тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу,музыка,арт терапия. 
Қажетті құралдар: үстел-ваннасы (бір бөлігінде құм,бір бөлігінде су болады),қалыптар,(дөңгелек пішінде),қатырма қағаздан ойылған күн мен бұлт,айна. 


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс -әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

І.Ұйымдастыру кезең 
II. «Күнбағыс» қөңіл – күй диагностикасы. 
Сәлеметсіңдер ме , балалар!

Мен сендерге жұмбақ жасырайын жауабын табындаршы
Жұмбақ. 
Жұрттың бәрі соңы сүйеді 
Бірақ қарағасы келмейді. 

Қуанатын күн келді,алақай! 
Қуанатын күн келді! 
Күліп шықты күн бүгін! 


- Балалар бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық,жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ, күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты ғой.

Жарық,жылу,беретін күнімізге көмектесеміз бе?


Қанеки,балалар аспанға қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма?

Бұлттар күнді бізге қарап жібермей тұр. Күнді құтқару үшін барлығымыз бірге сыйқырлы сөздерді айтайық. 
Балалар, сыйқырлы сөздер арқылы күнді бұлттан құтқардық.

Күнге қарайықшы. Күн сіздерге күлімсіреп тұр. Күн сіздерден :«Менің жарық пен жылу беретін сәулелерім боласыңдарма?»-деп сұрайды.

Сендер келісесіңдер ме?

Сендер сәуле болдыңдар. Сәулелер күнмен бірге тұрып, жер бетіне адамдарға , өсімдіктерге,жануарларға , жарық пен жылу бересіздер. Енді ол ролді ойша сендер орындайсыңдар. 
Ал қане жылу шашып көрелік. Жер беті,адамзат түгелі құлпырып, жанарланып тұр ол сендердің сәулелеріннің арқасында. 
- Балалар ,сендер нағыз күн сәулесіне айналғыларыңыз келе ме?

Ол үшін мына айнаны түсіру арқылы сыйқырлы сөздерді айтамын (айнамен балаларға күн сәулесін түсіреміз) 
Күлімде, күн күлімде! 
Күлсін барлық бала шат. 
Берекелі бүгіндей, 
Бейбіт болсын болашақ! 










/Күн/ 



Қуанатын күн келді,алақай! 
Қуанатын күн келді! 
Күліп шықты күн бүгін! 








Ия.



Жоқ




Көк аспанда күн күлсін, 
Бірге күлсін бүлдіршін 
Көк аспанда күн күлсін, 
Жерге ұдайы нұр құйсын 










Ия,келісеміз.










Балалар өз қиялдарына беріледі.






Ия.

Ұйымдастыру іздестіру

- Міне сіздер нағыз күн сәулесіне айналдыңыздар. Енді күн жаттығуын орындайық. 
Міне, күн де шықты /тұрасындар/ 
Жоғары, жоғары, жоғары /Қолдарын жоғары көтеріп созасындар. 
Батып барады күн еді (қолдарын төмен түсіресіндер) 
Төмен,төмен, төмен (бір орында тұрып жүресіндер)
• «Күн мен жаңбыр» ойыны.
• Ойынның шарты: Музыка ойнайды.Балалар би қимылдарын салып билейді.
«Жаңбыр жауды»


«Күн шықты»
Күн қандай тамаша!

Күн жарқырап тұр!

Күн сәуллелері, сіздер «Құм әлемін» ұмытып кеткен сияқтысыздар. Енді балалар біз барлығымыз жиналып, «Құм әлеміне» барып,жарық пен жылу берейік. Ол үшін біз тізбектеліп, билеп жүреміз.
- Міне, күн сәулелері «Құм әлеміне де келдік. Осы құмды жылыту үшін мына қалыптар /дөңгелек пішіндер/ арқылы күн жасайык.
- Жұмысымызды бастамас бұрын, сіздерге «Құм» тұралы қысқаша мәлімет беремін.
Құм – нағыз кең тараған пайдалы қазба. Құм – сусымалы зат. Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады. Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады. Құм қосылған саздан кірпіштер және алуан түрлі ыдыстар жасалады. Құм жол құрылысына жұмсалады, оны цементке қосып, дайындалған лай ерітіндісін үй салған кезде кірпіштері ұстастырады. Құм маңызды пайдалы қазба.
- Жұмысымызды бастамас бұрын, алдын ала біз «Құммен жұмыс кезінде, ережелер тәртібің есіне алайық. 
«Сәлеметсінбе кұм!» жаттығу.
Ал енді кұммен амандасамыз. Ол үшін саусақтармен, алақанмен сәлеметсінбе кұм деп ұстаймыз.осы құмды жылыту үшін мына қалыптар арқылы күн жасайық.
Қолымызға дымқыл құмды алып, қалыптарға (дөңгелек пішінді)салып,сол пішін шығу үшін қалыптарды төңкеріп,осы қалыптардан шыққан пішіндерден күн жасап шығарамыз.
Күн сәулелері жарайсыңдар!

Енді «Құм әлемінде» әрқашан күн ашық,жылы болады.
Менің жарық, жылу беруші күн сәулелерім! Қазір созып, сәуле шашқандай қимыл жасаңдар. Енді жүректеріңе қолдарыңды қойып, менімен бірге мына сөздерді айтайық: «Біз өзімізге бірге барлық үйренген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізде сақтаймыз»



«Күн» жаттығу. 



Орындарынан тұрады



Қолдарын жоғары көтеріп созады.


қолдарын төмен түсіреді


бір орында тұрып жүреді







орындарына отырады яғни үйлеріне кіреді.

үйлерінен билеп шығады.

Барлығы көнілді билейді
Барлығы үйге қарай жүгереді







Балалар бір қатарға тізбектеліп,билеп жүреді.


































Сәлеметсің бе,құм !»









Музыка ойналады. Музыка әуенімен күнді қалыпқа салып жасайды.
Қолдарына дымқыл құмды алып, қалыптарға (дөңгелек пішінді)салып,сол пішін шығу үшін қалыптарды төңкеріп,осы қалыптардан шыққан пішіндерден күн жасап шығарады









«Біз өзімізге бірге барлық үйренген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізде сақтаймыз»


Рефлексивті түзетушілік

Балалар бүгін сендер күні бойы күн сәулелері болып жүріңдер. Күні бойы сендерден мейірімділік, көтеріңкі көңіл-күйге толтырып,жылулықтарыңызды шашып,барлық жақсы қасиеттер ұшқыны шашылып тұрсын. Ол жақсы қасиеттерден ешқашан айырылмаңдар,олар сендермен үнемі бірге болсын.










Күлімде күн,күлімде!
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін!
Күлімдей
бер,мәңгіге!


Білуі: құм арқылы күннің суретін салуды

Меңгеруі: құмның қасиеттерін меңгерді.
Жасай алуы. Құм арқылы берілген тапсырманы өз бетінше орындай алады.


Қосымша 4



Бөлім

Мақсат

Қолданылатын әдістер

  1. Бөлім

Теориялық зерттеу әдістері

Құм және оның қасиеті туралы әдебиет энциклопедияларынан оқып танысу

-Өзім ойлану

-ата-аналарға, мамандарға сұрақ қою

-ғаламторға қарау

-кітаптардан қарау

2.Бөлім

Практикалық зерттеу

-Құммен жұмыс істеу барысында ұсақ қол маторикасын және эмоционалды сферасын дамытатынын білу.

- Құммен жұмыс істеу бір-бірімен тіл табысып және бірігіп жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу

- Денсаулығында ақауы бар балаларға тигізетін әсері қандай

-бақылау

-сараптама

-салыстыру

-сауалнама жүргізу

3.Бөлім

Нәтижені практикада қолдану

Ұсыныстар дайындау, деректер жинақтау, денсаулығында ақауы бар балалармен жұмыс жүргізу

Қорытынды жасау






















Қосымша 5




Құммен ойын


Құммен  жұмыс

Мазмұны

Коктейілге арналған  трубачкалармен  құммен сурет салу

Балалар құмды ішіне тартпай, трубочкамен  тыныс алуды үренеді. Өз достарына алдымен жақсы тілектер айтып, тілекті құм  еліне  «құмға үрле отырып»

Сыйлауға, сонымен қатар

құмнан шұңқырлар жасап үрле отырып, бір әріпті немесе санды жасауға болады.  

Құмды бір қолдан екінші қолға құю немесе  ыдыстан ыдысқа құю.

Құммен танысқанның өзі  пайдалы, адам  құмды қолына алып құйып, құмшалардың іс-әрекетін бақыла отырып, оларды түзетіп немесе  жай сипаудың өзі күйзелісті түсіреді.

Құмда әріптерді, әр түрлі заттармен, сандарды қойып, әр түрлі ойыншықтарды қолдана отырып құмда композициялар жасау.

Түймелер, шемішкелер, сіріңкелер, кеспелер, тастар және басқа материал.

Қолмен құмда сурет салу.

Балалар құмда сурет салудан қорықпайды. Себебі жіберген қателігін түзетуге болады. Қанша түзетем десе де өз еркі. Мысалы әріппен танысқан кезде, бала оны құмға жазып көреді, егер дұрыс жаза алмай, қателік кетсе өзгертуге болады.








Қосымша 6



Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық құзыреттілігін дамыту барысында « құм терапиясының » элементтерін қолдану барысында топ балаларының сапа мониторингі.



















Қосымша 2



Мектеп жасына дейінгі балаларды пластилинография әдісіне үйрету әдістемесін қолдану барысында топ балаларының сапа мониторингі.













































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!