400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

ҚМЖ. Тармақталу алгоритмі

Материал туралы қысқаша түсінік
2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі

Компьютерлер мен бағдарламалар ІІ бөлім шығармашылық және компьютер

Педагогтің аты-жөні

Г.Бейсеева

Күні

2.10.2024 ж

Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тармақталу алгоритмі

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты

  • Сызықтық алгоритм туралы əңгімелейді.

  • Оқулықта берілген мысалдардың іс-əрекетін сызықтық алгоритммен сипаттайды.

  • Тармақталған алгоритмді жүзеге асырады.

Құндылықтарға баулу

"Тәуелсіздік және Отаншылдық" ұлттық бірлікті, патриотизмді және азаматтық жауапкершілікті нығайту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс- əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту. «Бұлт үстіндегі саяхат» əдісі.

Шарты: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең демалыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып жəне таңғаларлық оқиға болуы мүмкін... (30 сек). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне əкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар... Бұлт ақырындап ауада сейіле бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. Бұл оқушылар арасында психологиялық жағымды

ахуал орнатады.

Топтастыру

Оқушылар үшке дейін санау арқылы үш топқа бірігеді.

1-топ. «Алғырлар» тобы 2- топ. «Білімділер» тобы

(МК, Ұ) Ой

қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • «Сызықтық алгоритм» дегеніміз не? Есіңе түсір.

  • Үш достың жолдан дұрыс өтуі неге байланысты?

  • (1-сурет) Олардың іс- əрекетін сызықтық алгоритммен сипаттауға бола ма?

  • Достардың бағдаршаммен жолдан өту алгоритмін сөзбен сипаттап бер.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» əдісі бойынша бағалайды.


Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, оқушылармен диалог жүргізу. Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша айтады.

Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбын, мақсатын жəне бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін).

(Ұ) Оқулықпен жұмыс істеу. «Данышпан үкілер» əдісі.

  1. Мəтінмен жұмыс істеудің негіздері. Мəтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды қазақ əліпбиі ретімен жаз. Мəтіннен сен күтпеген, сенің бұрынғы ұғымдарыңа қарсы ақпаратты тап. Саған жаңалық болған ақпаратты жаз.

  2. Маңызды өмірлік даналық.

Мəтіндегі негізгі ойды бір сөйлеммен білдір.

  1. Таныс жəне таныс емес.

Мəтіннен саған алдында таныс болған жəне мүлдем таныс емес ақпаратты тап.

  1. Иллюстрациялық бейнелеу.

Мəтіндегі негізгі ойды сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп, көрсет.

  1. Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мəтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

  1. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар. Сыныпта талқылауға тұрарлықтай ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

Дескриптор

– Оқулықтағы мəтінді оқиды.

– «Данышпан үкілер» əдісі бойынша 6 бағытта жұмыс істейді.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» əдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта


(Ж) 1- тапсырма.

Екі дос «Сан жасыру» ойынын ойнауда. Ойынды бақылап тұрған үшінші дос олардың ойынын ауызша сипаттады. Осы сипаттау бойынша «Сан жасыру» ойынының блок-сызбасын құрыңдар.

Дескриптор

  • Жұптасып тапсырмамен танысып, талқылайды.

  • Ойынның блок- сызбасын ойынның ауызша сипатын

негізге алып құрады.

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Бас бармақ» əдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта


(Т) «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» əдісі Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істеуді талап етеді. Əрине, ОҮБ-ның өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын жəне анық қалыптастыру қажет.

Аталған үдерісті оқушылармен бірлескен жұмыс түсінігін талқылау арқылы бекітуге жəне тапсырманы бірлесе орындау арқылы жүзеге асыруға болады.

2- тапсырма.

Суретке назар аударыңдар.

«Далада жаңбыр жауып тұр. Əпкесі мен інісі даланы терезеден бақылап тұр. Жаңбыр сəлден соң тоқтайды» (3-сурет).

Дескриптор

–Топта тапсырмамен танысып, бірлесе талқылайды.

  • Сурет желісі бойынша сызықтық алгоритмнің блок- сызбасын құрастырады.

  • Сурет желісі бойынша талмақталған алгоритмнің блок- сызбасын құрастырады.

Топтағы оқушылар бірін-бірі топтағы жұмыс істеу деңгейіне қарай

«Басбармақ» əдісі арқылы бағалайды.


Интерактивті тақта


(Ө) «Венн диаграммасы» əдісі.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.

Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау

операциясын меңгереді.

3-тапсырма.

1. Сызықтық жəне тармақталу алгоритмдерін салыстыр.

2. Суреттегі блок- сызбалардың ішін толтыр. Дескриптор

  • Сызықтық жəне тармақталған алгоритмдерін салыстырады.

  • Суреттегі блок- сызбалардың ішін

толтырады.

Жұптағы оқушылар бір- бірін топтағы жұмыс істеу

деңгейіне қарай


Интерактивті тақта

Сабақтың соңы

(7 мин.)


Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия (Ө) «Гүлдер» əдісі.

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Содан кейін оқушылар сабақ барысында өздерінің түсінгендерін бір сөйлеммен қорытындылап айтады. Ары қарай олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? Өзіне қалдыруға да болады. Бұл жерде бірін-бірі жəне өзін-өзі бағалау жүреді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
28 қыркүйек
677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі