жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ "Төрт түлік." 5 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4-бөлім.Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Мектеп: «Алтыншоқы орта мектеп-бақшасы»КММ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Капшукирова Д.С. Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақ тақырыбы. Төрт түлік. |
|||
|
Оқу мақсаты |
5.Т/А6.Коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру; 5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. |
||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады: Одағай сөздерді еркін қолданады, диалогқа қатыса алады, өз пікірін білдіреді; Жанрлық ерекшеліктеріне сай хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Алған ақпараттарды қазіргі өмірмен байланыстырады. Кейбір оқушылар орындай алады: Алған ақпаратқа қатысты өз пікірлерін ашық, нақты, еркін жеткізеді. |
||
|
Бағалау критерийі |
|
||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Диалогқа қатысады; хат, жарнама, хабарландыру құрастырады Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: иесі бар, төзімді, ішік, тұлып, қымыран, жусап келеді. Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Бәрекелді; япырмай; қап; құрау-құрау; шөре-шөре; көс-көс; аухау-аухау. Талқылауға арналған сұрақтар: Төрт түлікке не жатады? Қазақ халқы неге малды қастерлеген? Қазақта қандай жануарларды асырамаған? |
||
|
Құндылыққа баулу |
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, төрт түлік қастерлеуге, еңбексүйгіштікке баулу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану, музыка. |
||
|
Алдыңғы білім |
Қазақ өміріндегі төрт түліктің қадірін біледі. Төрт түлік туралы өлең,тақпақ,жұмбақ біледі. |
||
|
Жоспар |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 10 мин 3 мин
2 мин
5 мин
|
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу арқылы, бүгінгі сабаққа психологиялық ахуал тудырамын.
2. Төрт түлік суретін таңдау арқылы, оқушылар 4 топқа бөлінеді 1-Топ : Шопан ата 2-Топ : Зеңгі баба 3-Топ : Қамбар ата 4-Топ : Ойсыл қара Қызығушылығын ояту Әр топ оқушыларына төрт түлік туралы жұмбақтар жазылған кеспе қағаздары таратылады.Топ оқушылары өз тобының жұмбақтарын оқиды, келесі топтар жауап береді.Дұрыс жауап смайликтер арқылы бағаланады. Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар.(қой) Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар.(түйе) Апан-апан ескі шапан Иір қобыз Жарық жұлдыз. (түйе) т.б
|
Суреттер. Түрлі түсті маркерлер Кеспе қағаздар
|
|
|
Сабақтың ортасы 28мин 2мин
12мин
7мин 2мин 5мин Сабақтың соңы 7мин 5мин
2мин
|
С. Миға шабуыл: арқылы өткенге шолу жасалады. Интербелсенді тақтада сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап береді. 1.Одағайдың түрлерін ата? 2.Көңіл-күй одағайына мысал келтір? 3.Шақыру одағайларын ата? 4.Жекіру одағайларын ата? ТЖ «Жазбаша дөңгелек үстел» Дискриптор
1-топ.Мәтін мазмұнын ашады. 2-топ. Мәтінді оқып,үлгі бойынша хат құрастырады. 3-топ.Мәтіннен тірек сөздерді пайдалана отырып, хабарландыру құрастырады. 4-топ. Тақырыпқа байланысты сөз тіркестерін қатыстырып, мал сату үшін жарнама мәтінін құрастырады. Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
ЖЖ. Диалог құру. Барлық топтағы оқушыларға одағай сөздерді пайдаланып, диалог құруға беріледі.Оқушылар жұптасып жұмыс істейді. Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: қап, бәрекелді; япырмай; құрау-құрау; шөре-шөре; көс-көс; аухау-аухау. ҚБ«Шапалақ» әдісі
Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық» «Допты лақтыру» Балалар бір-біріне доп лақтырады.Допты алған адам төрт-түлік туралы мақал-мәтел айту керек.Мысалы:Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір.Ер қанаты-ат, Семіздікті қой ғана көтереді, Ат жаманы-сүріншек,ет жаманы-шеміршек, Ат тұяғын тай басар.т.б Бағалау: «Бас бармақ» әдісі
«Торлы диаграмма» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталай отырып, «төрт түліктің пайдасы», мәселен сусын, тағам, көлік, емдік қасиеті жайлы диаграмманы толтырып бүгінгі сабақтан алған білімін бекітеді.
Төрт түлікктің пайдасы
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап, екі жетістігін көрсетіп, бір ұсыныс білдіреді.
Рефлексия «Блоб» ағашы Оқушы өзінің бүгінгі сабақта түсінгенін қаншалықты бағалайтынын блоб ағашы
|
Интербелсенді тақта Үлгілер А3 форматтағы ватман,маркер, карточкалар. смайлик Түрлі түсті маркерлер флипчарт Интербелсенді тақта |
|
|
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Саралауды сабақтың кез-келген кезеңінде қолдануға болады.Саралаудың қорытынды тәсіліне байлынысты тапсырмалар ұйымдастырылады |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданылған əдіс-тəсілдер: «Смайлик», «Басбармақ», «Шапалақ» , «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау Сабақта «Қыдырып қайтайық» сергіту сәті өткізіледі, оқушылар сергіту сәтін жасау кезінде бір-бірін қағып кетпейтіндей етіп, араларын ашып орналастыру керек, топқа бөлінгенде топ ережелерін сақтау ескертіледі. |
|
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
||
|
|
|||
|
Жалпы бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||

ағалау:
смайликтер беру





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген