400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

ҚМЖ "Тотығу-тотықсыздану реакциялары" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану; тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Химия

Сыныбы: 8

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Отарбаева Р.Б.

ОӘК тақырыбы

Химия

Бөлім тақырыбы

Тотығу - тотықсыздану реакциялары

Сабақ тақырыбы

Тотығу дәрежесі. Тотығу және тотықсыздану

Оқу мақсаты

9.2.2.3 тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану;

9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну

Сабақмақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:тотығу дәрежесін табудың ережесін біледі және қолданады;

тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тотығу дәрежесін табудың ережесін біледі және қолданады;

тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсінеді,тотығу дәрежесін есептейді

Оқушылардың кейбірі орындай алады:тотығу дәрежесін табудың ережесін біледі,есептейді және дәлелдейді; тотығу және тотықсыздану үдерісін ажыратады

Бағалау критерийлері

1.тотығу дәрежесін табудың ережесін біледі және қолданады

2.тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсінеді

3.тотығу дәрежесін есептейді

4.тотығу және тотықсыздану үдерісін ажыратады

Тілдік мақсаттар

 

Дағдыларды дамыту:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

тотығу дәрежесі, тотығу және тотықсыздану үдерістері

Сыныптағы диалог:

1.Валенттілік деген не?

2.Электртерістілік деген не?

3.Электртерістіліктің маңызы қандай?


Құндылықтарды қалыптастыру

 

Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының, «Рухани жаңғыру» құндылықтары

Қазақстанның өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Ресурстар


Валенттілік,электртерістілік 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

(мақсатқа қалай қол жеткіземін?/ Каким образом я?  

Бағалау тәсілдері


Саралау тәсілдері


Сабақ басы

  3-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық ортаны және психологиялық ахуалды қалыптастыру

«Миға шабуыл»

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін «Лездік сұрақтар» әдісін қолданамын. Талқыланатын сұрақтар:

  • Электртерістік деген не?

  • Электртерістіктің маңызы қандай ?

  • Валенттілік деген не?
















Сабақтың ортасы

25-30 минут

Жаңа тақырыпты меңгерту.











Жаңа тақырыпты««Ойлан – жұптас -бөліс» әдісі» бойынша әр жұпқа оқулықтан тақырып бөліп береміз.

Оқушылар оқулықтан оқып, өз ойларын ортаға салып,өзара талдайды.


Элементтердің валенттілігі жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлу

Тапсырма 1:

«Қар кесегі » әдісі арқылы берілген тапсырманы екі топ орындап, әр топ постер қорғайды

І топ – Мына қосылыстардағы марганецтің тотығу дәрежесін табыңдар:КМnO4;MnO2;Mn2O3; MnO.

ІІ топ – бөлшектердің электрондық формулаларын жазыңдар:S0; S-2;S+4;S+6

Дескриптор:1.Тотығу дәрежесін анықтайды

2.Электрондық формулаларын жазады


Тапсырма 2:«Өз орнынды тап» әдісі

Теңдеулерді аяқтап,теңестіріңдер:

І топ - CuSO4 + Zn---

ІІ топ –Zn +HCl ---

Дескриптор:

1.Теңдеулерді аяқтап жазады

2. Теңдеулерді теңестіреді


Тапсырма 3 «Есептер шығару»

Теңдеу бойынша: NH3 + O2 = N2 + H2O көлемі 40л аммиакты жағуға қанша (қ.ж.) оттегі керек және қанша литр азот пен су буы түзіледі?


«Сұрақ жауап» әдісі бойынша жаңа сабақты пысықтау.

1.Тотығу,тотықсыздану деп қандай үдерістерді айтамыз?

2.Тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш дегеніміз не?

3.Тотығу дәрежесі деген нені білдіреді?

4.Тотығу дәрежесін анықтау алгоритмі қандай?



БББ әдісімен бағаланады





«Бағдаршам» (Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі. Оқушылар:толықтай жауап берсе, сенімді болса жасыл түсті;түсінуге жақын болса, аздап білсе сары

түсті;түсінбесе, сенімді болмаса қызыл түсті көрсетеді



Мадақтау











«Бас бармақ» әдісімен бағалаймын





«Тапсырма»әдісі.

Оқушыларға болжам жасауға, өз ойын қалыптастыруға, оны қорғауға және бірін –бірі тыңдауға мүмкіндік береді.













«Қарқын» әдісі.

Басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейтін және қосымша тапсырмаларды орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын






«Қорытынды» әдісі

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.


Сабақ соңы

3-5 минут

Рефлексия:Көңіл күй





.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
7594
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі