Материалдар / Қмж “Түбір сөз”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қмж “Түбір сөз”

Материал туралы қысқаша түсінік
- Түбір сөз туралы түсініктерін қалыптастыру; - Сөздер тізбегінен түбір сөздерді табу; - Сөйлемді жазу кезінде берілген сөз тәртібін сақтауға үйрету;
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Түбір сөз

(сабақтың тақырыбы)

Кезеңі

 

Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Күні: 

 

Сынып/топ

Қатысушылар саны: 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Түбір сөз

Сабақтың мақсаты

- Түбір сөз туралы түсініктерін қалыптастыру;

- Сөздер тізбегінен түбір сөздерді табу;

- Сөйлемді жазу кезінде берілген сөз тәртібін сақтауға үйрету;

 

      Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Логопедтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

 

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

 

 

 

 

Сабақтың басы3 минут

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Психологиялық ахуал

Соғылды міне, қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып, 

Табыс тілеп өзгеге,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам тастаймыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Түбір сөздер» деп аталады. Сабақ барысында түбір сөздер туралы білімімізді жетілдіріп, сөздер тізбегінен түбір сөздерді табуға үйренеміз. Сөйлемдерді жазу кезінде сөздер тәртібін сақтауға дағдыланамыз.

- Сәлеметсізбе !

- Көңіл күйіміз жақсы

 

Өлең жолдарын қайталап, қол шапалақтайды.

 

 

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

35 минут

 

Түбір сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.

Балалар түбір дегеніміз – сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі. Мысалы: 

Shape1

Сөздің түбірін табу үшін сөзге сұрақ қою арқылы, оның өзгермейтін мағыналық бөлігін анықтаймыз.сөздің түбірін                       сызықпен бөліп көрсетеміз.

Сөздер тізбегінен түбір сөздерді табуға арналған тапсырмалар

1-тапсырма

Жапырақтарда жазылған сөздерді дауыстап оқыңдар. Бұл сөздердің ортақ түбірі қайсы деп ойлайсыңдар.Дәптерге көшіріп жазып, түбірін белгілеңдер.

Shape2

2-тапсырма

Берілген сөздерді оқыңдар. Олардың түбірін тауып, шартты белгісімен белгілеңдер.

Аспаз                   жүргізуші                      кітапхана

Сыйлық              балапан                          алаша

Шаршы               оқулық                           жүзік

Қаламсап              бояулар                      баспаны

3-тапсырма

Суреттер атауын жазып, сол сөздерге сұрақ қою арқылы түбірін табыңдар.

Shape3        Shape4         Shape5

Shape6        Shape7    Shape8

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды жазайық.

Оңға қарап иіліп, 

Солға қарап иіліп,

Сәл демалып алайық,

Орнымызға отырайық.

Сөйлемді жазу кезінде берілген сөз тәртібін сақтауға үйретуге арналған тапсырма

4-тапсырма

Орындары алмасып берілген сөздерді дұрыс қою арқылы сөйлемдерді дұрыс құрап жазыңдар. Асты сызылған сөздердің түбірін табыңдар.

Мектепте, өтеді, жылда, жарыс.

Балалар, ойнап жүріп, көрді, ұясын, құстың.

Елімізде, жерлер, баратын, саяхатқа, көп.

Мен, сыныпта, оқимын, екінші.

5-тапсырма

Ми жартышарларының қызметін дамытуға арналған тапсырма

Екі қолмен срутет салыңдар

Shape9

Оқу минуты

6-тапсырма

Сөздерді алдымен оң көзбен, содан соң сол көзбен оқыңдар

АЛА                       АТА                    ДОП

БАЛА                   БАТА                   ДАЛА

БАЛАПАН          БАСПАНА          ДАРАБОЗ

 

 

 

 

 

Логопедті мұқият тыңдап, түбір туралы түсініп алады. Сөздерге сұрақтар қою арқылы сөздің өзгермейтін мағыналық  бөлігін, яғни  түбірін табуды үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапырақтарда жазылған бастық, баста, басқарма,басшы,басқыш, баспа, баспалдақ сөздерін дауыстап оқиды және дәптерге көшіріп жазады. Сөздердің түбірін тауып, сызып көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

Берілген сөздерді оқып, олардың түбірін тауып, сызықпен бөліп көрсетеді. Мысалы: аспаз – түбірі ас, жүргізуші – түбірі жүр

 

 

 

 

Суреттер атауын, яғни жастық, сандық, дәрігер, үйрек, жылқы, құмырсқа сөздерін жазып, сол сөздердің түбірін табады.

Мысалы жастық – түбірі жас.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылдармен орындайды.

 

 

 

Орындары алмасқан сөздерден дұрыс сөйлем құрап жазады. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, түбірін табады.

Мектепте жылда жарыс өтеді.Жылда – түбірі «жыл»

Балалар ойнап жүріп, құстың ұясын көрді. Балалар – түбірі «бла».

Елімізде саяхатқа баратын жерлер көп. Елімізде – түбірі «ел».

Мен екінші сыныпта оқимын. Екінші – түбірі «екі».

 

 

 

 

Екі қолмен бірдей жүргізу арқылы сызықтарды сызып шығады.

 

 

 

 

 

 

Берілген сөздерді алдымен оң көзбен, содан соң сол жақ көзбен оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Shape10

 

 

 

Shape11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Shape12

 

Сабақтың соңы

2 мин

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

- Түбір дегеніміз не?

- түбір сөзді қалай табамыз?

- түбір сөзді қалай белгілейміз?

 

 

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнаса бағдаршамның жасыл түсіне, ал ұнамаса қызыл түсінне стикерді жапсыр

-Ия ұнады.

- Сөздің бөлінбейтін маыналық бөлігі.

- Сұрақ қою арқылы табамыз..

- Түбір белгісін салып көрсетеді.

 

Стикерлерді бағдаршамға жапсырады.

 

 

Shape13

Үйге тапсырма 

3 мин

Төменде берілген сөздердің түбірін тауып, белгілеңдер

ҚЫСТАУ, ҚЫС, ҚЫСҚА, ҚЫСҚАРТУ, ҚЫСҚЫШ, ҚЫСТЫРУ.

ҚЫЗ, ҚЫЗҒАЛДАҚ, ҚЫЗДАР, ҚЫЗДЫРУ, ҚЫЗҒАНШАҚ.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!