400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

ҚМЖ. Тұмар (Томирис) туралы аңыз. Сабақ № 1

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, жаңартылған бағдарлама, ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1

Бөлімнің атауы:Ежелгі көшпелілер мәдениеті

Мектеп:«Семей қаласындағы №6 гимназиясы» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Мәсәлімова Бақытгүл Ешенғазықызы

Сынып:5 Пәні:қазақ тілі

Қатысқандар:


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тұмар (Томирис) туралы аңыз. (Сабақ № 1)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т5 Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау.

5.Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.


Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтай алады; Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысады, жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрай алады. Мәнмәтін аясында «Тұмар патшайымы» туралы түсініктері қалыптасады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды. Жаңа сөздерді тақырып аясында қолдана алады; Мәнмәтін аясында «Тұмар патшайымы» туралы өз ойларын айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, сыныптастарымен мәнмәтін аясында «Тұмар патшайымы» туралы пікір алмасады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: патшайым, басқыншылық, қашып құтылған, елші, тақ,тәж, ақинақ-қысқа семсер.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:массагеттердің патшайымы, Кир патшасы, тұрмысқа шығу, ақинақ семсер, соғыс өнері, жауынгер.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бүгінгі алған ақпарат сіздерге қандай әсер қалдырды?

Қазіргі таңда Тұмар сынды патшайымдар бар ма?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты тармағындағы идеялар «Тұмар (Томирис) туралы аңыз» тақырыбын оқыту барысында ішінара іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, география, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану

Қолданылған әдіс-тәсілдер:

«Өрмекші торы», «Атаулар туралы 3 сұрақ», «Стартер» әдісі, «Сюжеттік кестені» толтыру, «Синкуейн», «Маңызды аймақ», «Венн диаграммасы, «Галлереяға ой шарлау» әдісі

Алдыңғы оқу

4 мин

«Өрмекші торы» әдісі «Көшпелілер – жауынгер халық» тақырыбын пысықтайды.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5мин


Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу. Шеңберге жиналған балалар бір-біріне күлімдеп қарап, әр тілде амандасады.

* Шағын топтарға топтасады («семсер», «тәж», «тақ» сияқты қима суреттер арқылы).

Ескерту: қима суреттер арнайы барлық оқушылар орындайтын тапсырманы алатын балаға, көпшілігі орындайтын тапсырманы алатын, кейбір оқушы орындай алатын тапсырманы алатын оқушыға саралап мұғалім өзі тарату арқылы шағын топтарға топтастырады.

С.

«Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі арқылы ой қозғау.

1. Не? тақ (орындық), тәж, қылыш, жылқы, «Тәуелсіздік» монументі

2. Қандай? әдемі, қымбат, мықты, жүйрік, керемет

3. Қайда? сарайда, патшайымның басында, мұражайда, далада, Астанада.

Сабақтың мақсатымен, табыс критерийлерімен танысады


Picture 15


Diagram group

Экранда тақ (орындық), тәж, қылыш, жылқы, «Тәуелсіздік» монументінің суреттері шығады.


Сабақтың ортасы



30 мин

С. 1. Жаңа сөздермен жұмыс:

«Стартер» әдісі бойынша ішкі, сыртқы шеңберге тұрады. Сыртқы шеңбердегілер қолдарындағы суретке қарап жаңа сөзді ішкі шеңберді айнала түсіндіріп береді, ішкі шеңбер түсінгендерін қайта айтады, өзара орындарымен ауысады. Жетекші сұрақтар көмегімен жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер айтады.

Патшайым, басқыншылық, қашып құтылған, елші, тәж, қару-жарақ.

2. Тыңдалымалды жұмыс:

  • Бағыттаушы сұрақтар жүргізіледі:

Томирис деген қыз есімі ме, ұлдың есімі ме?

Қандай патша, патшайымдарды білесіңдер? Т.б.

3. Тыңдалым.

* Экраннан мультфильм көріп, тыңдайды.

3. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

* Ж.Ж «Сюжеттік кестені» толтыру

Оқиға орны

Қашан? Қайда?

Кейіпкер

Кім?

Оқиға бойынша не болды?

Не істеді?

Менің пікірім





Қ.Б. жүзеге асыру. Жұпара жұмыстарды қарап шығып, «Бағдаршам» әдісімен жұптарды бағалайды.

Сергіту сәті

Ойын «Тәж ки, таққа отыр»

Шарты: мұғалім «Тәж ки» дегенде екі қолдарын басына қояды, «Таққа отыр» дегенде жылдам өз орнына отырады. Осылайша жылдамдатып, шатастырып қайталау арқылы жаңа сөздерді де пысықтап алады.

Т.Ж

І-топ «Синкуейн» әдісімен өлең шығарады. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып ақпаратты табады, жаңа сөздерді қолданады.

1. кім?

2. қандай?

3. не істеді?

4. сөйлем

5. балама сөз

ІІ-топ «Маңызды аймақ» әдісі арқылы мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпаратты ажыратады. Жаңа сөздерді пысықтайды

ІІІ-топ «Венн диаграммасы» әдісі арқылы Тұмар патшайым мен қазіргі кездегі таныс тұлға өз мектебінің директорын салыстырады. Өз ойларын ортаға салады.

Суреттер арқылы







Сен білесің бе? Томирис(KZ)

3 History of Kazakhstan



Сабақтың

соңы

6 мин

ҚБ «Галлереяға ой шарлау» әдісі арқылы үш топың да жұмысымен танысып, өз пікірлерін желімқағаздарға жазып, жапсырады.

Үйге тапсырма: Тұмар патшайым жайлы қосымша дерек көздерінен ақпарат тауып келу.


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма модельдеумен ұсынылады. Кейбір оқушылардан жеке орындаулары да сұралады. Топқа бөлген кезде суреттерді: «Синкуейн» әдісн орындайтын оқушыға, »Маңызды аймақ» әдісімен жұмыс жасайтын оқушыға, Picture 15 »Венн диаграммасын» жасайтын оқушыға саралап таратамын.

«Бағдаршам» әдісімен оқушылар бірін-бірі бағалайды. ҚБ «Галлереяға ой шарлау».

Тұмар патшайым өмір сүрген тарихи тұлға болғандықтан тарих пәнімен байланыстырамын. АКТ-мен байланыс сабақ барысында экраннан мульфильм көрсетіледі. Тақырыптың негізгі идеясы Отансүйгіштік болғандықтан өз Отанын құрметтеуге тәрбиеленеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
3539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі