ҚМЖ Түрік қағанаты 6 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ Түрік қағанаты 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Түрік қағанаты 6-сынып Сабақ жоспары ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер


Бөлім:

VI - IX ғасырлардағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер
Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6. 3. 1. 1 оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау.

Сабақтың мақсаты

  • Түрік қағанатының қалыптасу тарихын білу;

  • мемлекеттің құрылуы мен нығаюының себебін түсіну.

Бағалау критерийі

Білу: Қағанат, ашина, ел, бұдун, бек, ер, этникалық сана-сезім ұғымдарының кемінде 4-уінің мағыналарын біледі;

Түсіну: Түрік қағанатының қалыптасу тарихын, мемлекеттің құрылуы мен нығаюының себебін түсінеді;

Талдау: Оқиғалардың өзара байланысы арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтайды, талдайды.

Тілдік мақсаттар


VI-IX ғғ. Түркі қағандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы мәтін оқытылады (оқылым)

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтар бойынша жауап жазады (жазылым).

Тақырып бойынша сыныпта өзара пікір алмасады (айтылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қағанат, ашина, ел, бұдун, бек, ер, этникалық сана-сезім

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Түркі қағанаттарынының сыртқы саясатының негізгі бағыттары...

...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.

оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркілер жайлы әңгімелеу барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

География, дүниежүзі тарихы

АКТ қолдану

дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі.

Бастапқы білім


Ортағасырлық мемлекеттердің территориясын картадан көрсетеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин










5 мин








1 мин


  • Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, тиянақтылығын қадағалау).

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.



(Б) Тақтаға Ежелгі Қазақстан тарихынан әйгілі тұлғалардың (Тұмар патшайым, Аттила) суретін шығарып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бұл тұлғалар кімдер?

  • Олар тарихта неліктен ерекше сақталды?

(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады.





1-слайд














2-слайд

Сабақтың ортасы







































5 мин




















6 мин

















Қысқаша конспект.

Тарихтағы ең ірі мемлекеттің бірі – Түрік қағанаты. Түрік қағанатының шығу тегі жайлы дерек өте көп. Солардың біразына тоқталамыз.

Махмұт Қашқари

«Түркі елі 20 тайпадан тұрды, олардың бәрі Тәңірі әзіз көрген Нұх пайғамбардың ұлы Иафестен және Иафестің ұлы Түркіден тарайды. Тәңірі оларды «түрік» деп атады және оларды мемлекетке ие қылды, заманымыздың хандарын түркілерден шығарып, халықтың ақыл-еркін солардың қолына ұстатты».

Қытай жылнамалары

«Түркі мемлекетінің билеуші әулеті Ашина деген рудан шыққан, ол әуелі ғұндардың бөлек бір бұтағы. Кейін көрші мемлекеттер талқандап, тек бір бала ғана аман қалады. Оның аяқ-қолын кесіп, айдалаға тастап кетеді. Кейін осы баланы қасқыр асырап, аман сақтап қалады. Өсе келе баланың тұқымы Ашина (қасқыр текті) атанады».

552 жылы Түрік қағанатын Бумын басқарған кезде түркілер өздерін «Мәңгі ел» деп атаған. Түркілер Бумынды «Елхан» деп атады. Бумын қаған билігі тұсында түркілер 50 мың түтіндік елді бағындырған. Бумын өз елінің дамып, гүлденген кезеңін көре алмады. Жужандарға (аварларға) тәуелді болып тұрған кезде түркілер тауда өмір сүріп, темір балқытып, қолөнермен айналысты.

Қағандардың әлеуметтік құрылымы:

  • Қаған

  • Қаған сайлаған ұлықтар

  • Ябғу, шад,елтебер,бұйрық, тархан

  • Бектер

  • Қара бұдундар

  • Таттар

Түрік қағанатының туы


«Білу» дағдысына негізделген тапсырма

(Т) Тапсырма 1. Жаңа ұғымдармен жұмыс

Төмендегі берілген ұғымдарының мағынасын ашыңыз

Ұғымдар

Мағынасы

Қағанат


Ашина


Ел


Бұдун


Бек


этникалық сана-сезім



Дескрипторлар:

  • Қағанат сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Ашина сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Ел сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Бұдун сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Бек сөзінің мағынасын анықтайды;

  • Этникалық сана-сезім сөзінің мағынасын анықтайды.

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы


«Түсіну» дағдысына негізделген тапсырма

Мәтінмен жұмыс.

(Т) Тапсырма 2. Кестені толтырыңыз.

Түрік қағанатының құрылуы мен жер аумағы


Халқының этникалық құрамы


Шаруашылығы мен мәдениеті


Түрік қағанатының ыдырау себептері



Дескрипторлар:

  • Түрік қағанатының құрылуы мен жер аумағын анықтайды;

  • Халқының этникалық құрамын анықтайды;

  • Шаруашылығы мен мәдениетіне сипаттама береді;

  • Түрік қағанатының ыдырау себептерін анықтайды.

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы


Таратпа материал


https://bilimland.kz/kk/subject/qazaqstan-tarihy/6-synyp/qazaqstan-territoriyasyndahy-erte-ortahasyrlyq-memleketter-turik-qahanaty?mid=84:simple


Қосымша 1
























3-слайд




















4-слайд








Сабақтың соңы

10 мин






















7 мин






4 мин

«Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген тапсырма

Бекіту тапсырмасы

(Т) Тапсырма 3. Мәтінді пайдаланып, «Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызы» тақырыбында шағын эссе жазыңыз (10-15 сөйлем).

Тірек сөздер: Түркі қағанаты, Ұлы Дала, Қазақстан.


Қазақстан территория көлемінен түркі тілдес елдердің арасында ең алдыңғы орынға ие. 552–603 жж. астанасы Орда-Балық болған Түркі қағанатының территория көлемі шамамен 9 млн шаршы км. құраған, қазіргі Қазақстанның жер көлемі бойыншы әлемде 9 орынды иеленіп отыр. Ең қызығы, көрсетілген аралықта Ұлы Түркі қағанатында тоғыз қаған билік еткен: Бумын, Қара Еске, Мұқан, Төбе, Әмрек, Баға-Ышбар, Жағбу-Баға, Үн-Ұлуқ, Қара-Шорын қағандар.  Көптеген тарихшылардың айтуынша сонау сақ дәуірінен бері Ұлы дала 24 мемлекеттілікті бастан өткеріпті. Соңғысы - Қазақ хандығы. Оның тікелей тарихи мұрагері - Қазақстан Республикасы.


Дескрипторлар:

  • Өзгерістермен байланысты (әлеуметтік, экономикалық (жер қатынастары мен алым - салық), саяси, мәдени) маңыздылығын ашып көрсетеді.

  • Кейінгі тарихи оқиғаларға әсерін талдайды.

  • Тарихи оқиғаның қазіргі уақытта да өзінің тарихи маңыздылығын сақтап қалғанын дәлелдейді.


Бағалау. Оқушылар топтарда жауаптарын оқып, ең жақсы жазылған эссені таңдайды.

Таңдалған эсселердің ішінен оқушылардың таңдауы бойынша екі эссе сынып алдында оқылады. Оқушылардың кері байланысы. Мұғалім қорытындылайды және кері байланыс береді.



Рефлексия:

«Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс береді


Қосымша 2


https://e-history.kz/kz/news/show/1290/?sphrase_id=26263


























Стикерлер

Үй тапсырмасы

«Тюркский каганат» деректі фильмін көру

https://youtu.be/iKcI2gsGBkk




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.08.2024
614
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі