400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ. Тығыздықты есептеу. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану, зат тығыздығының анықтамасын айтып, формуласын жаза алу, : қатты және сұйық күйдегі зат тығыздықтарын анықтау, формуланы жаза алу, формуланы қолданып, есептер шығару.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тығыздық.

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: Х.Доспанова №28 ЖББМ

Мұғалімнің аты жөні: Зулпыхаров А.

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ тақырыбы

Тығыздықты есептеу

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.2.2.15-тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: зат тығыздығының анықтамасын айтып, формуласын жаза алу.

Оқушылардың басым бөлігі: қатты және сұйық күйдегі зат тығыздықтарын анықтау, формуланы жаза алу, формуланы қолданып, есептер шығару.

Кейбір оқушылар: эксперимент жасап, тәжірибелік есеп шығара алу.

Бағалау критерийлері

  1. Зат тығыздығының анықтамасын айтып, формуласын жаза алады.

  2. Қатты және сұйық күйдегі зат тығыздықтарын анықтай алады, формуласын жаза алады, формулананы пайдаланып есептер шығарады.

  3. Тығыздықтың формуласын пайдаланып тәжірибелік есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар


Арнайы пәндік лексика мен терминология:

  • Тығыздылық дегеніміз не?

  • Зат тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігін айтыңыз?

Құндылықтарға баулу

"Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясының 4-ші "Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу" құндылығына баулу. Мұндағы басты міндетіміз- өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру.

Пәнаралық байланыс

Сабақта төмендегідей пәндермен байланыс жүзеге асырылады:

Математика (есептер шығару)

Информатика (АКТ)

Алдыңғы білім


Оқушылар:

  • тығыздықтың физикалық мағынасын түсінді.

  • зат тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігін білді.

  • сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтай алды.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин






7 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгендеу)

ІІ. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

ІІІ. Топқа бөлу: "Жақсы тілек-жан жылуы". Түрлі түсті стикерлерге оқушылар тілектерін жазып, тақтаға іледі. Өздеріне ұнаған тілектерін алып стикер түсі бойынша топқа бөлінеді.

  1. топ. «Тығыздық»

  2. топ. «Масса»

  3. топ. «Көлем»

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау. "Кластер" әдісі.

Әр топ толтырылған парақтарды ауыстыру,топ -топты бағалау.





Түрлі-түсті стикерлер



Сызба-кесте

Сабақтың ортасы



Жаңа тақырып «Тығыздықты есептеу»

Оқулық мәнін игерту. Сын  тұрғысынан ойлау технологиясының бір әдісі «Джигсо» арқылы 3 топқа тақырып беремін. Әр топ өздеріне берілген тақырып туралы мәлімет оқиды және оны топта талқылайды және топтар бір – біріне қонаққа барып ой – бөліседі.

Деңгейлік тапсырмалар:

Сапалық есептер.

І топ.

Көлемдері бірдей қорғасын және ағаш денелердің массалары әртүрлі. Неге?

ІІ топ.

Таразының көмегінсіз дененің массасын анықтауға бола ма? Ол үшін нені білу керек?

ІІІ топ.

Қолыңда суы бар мензурка ғана болса, қорғасыннан жасалған

кішкене шардың массасын қалай табуға болады?


Сандық есептер

І топ.

1. 312 г болат білеушенің көлемін анықтаңдар.

2. Текшенің барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3болса, текшенің массасы қандай болады?

ІІ топ.

1. Көлемі 25 см3 қорғасын цилиндрдің массасы қандай?

2. Массасы 200 г жез кірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.

ІІІ топ.

1. 125 л белгісіз сұйықтың массасы 100 кг. Бұл қандай сұйық?

2. Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.


Эксперименттік есептер.

Зерттейік, бақылайық, талқылайық.

І топ: Ағаш білеушенің тығыздығын табу керек. Оқушылар ағаш білеуше, таразы, сызғыш көмегімен тапсырманы зерттеп, есептеп, талдап берулері керек. Жауабы құрғақ қарағай шығатындығын кестемен салыстырады.


ІІ топ: Мензурка көмегімен көлемі әртүрлі денелердің тығыздығын табады.

Оқушыларға мензурка, тас, жүктер әртүрлі салмақтағы т.б, жіп беріледі. Жауабы қандай қатты заттар екендігі дәлелденуі керек.

ІІІ топ: 

1.Әр қатарға көлемдері бірдей 200 см3стаканға толтыра құйылған су, сүт, күнбағыс майы беріледі. Өздеріңе берілген заттың массасын анықтаңдар.




Тапсырма

Критерий

Дискриптор

Ұпай

1.Сапалық есептер

1. Дене тығыздығына сипаттама береді

1.Анықтаманы айтады.

2.Өлшем бірліктерін біледі.



2.Сандық есептер

2. Тығыздықтың формуласын есеп шығаруда қолданады

1.Формуласын жазады. 2.Түрлендіре алады.

3.Қарапайым есепті шығарады.



3.Эксперименттік есептер

3.Тығыздықтың формуласын пайдаланып, тәжірибелік есептер шығарады



1. Тәжірибені орындауға қажетті құралдарды қолданады.

2.Тәжірибені жасап, нәтижені алады.





"Моншақты тізбекте”әдісі бойынша сабақты қорытындылау

Берілген сөздің соңғы әріпінен басталатын тығыздық пәндік лексика сөздерін жалғастыр.


















Деңгейлік

тапсырмалар .





















Тапсырмалар.


Зертханалық құралдар.












Бағдаршам



25 мин


Сабақ соңы

Рефлексия

3 мин

Уйге тапсырма: Есептер шығару


Сабақ сонындағы оқушылардың кері байланысы:

- нені білді,нені үйренді

-не түсініксіз қалды

-немен жұмыс жасау қажет

«Чемодан» әдісі


Стикерлер, кері байланыс нұсқауы бар суреті

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Жоғары қабілетті оқушылар үшін күрделі эксперименттік сұрақтар, есептер дайындаймын;

Қабілеті орта оқушылар үшін сандық тапсырмаларды орта деңгейлік есептерді беремін;

Қабілеті төмен оқушыларға сапалық сұрақтер беріп, оларға қолдау корсетіп отырамын.



. Бағалау парақшалары,бір-бірін бағалау смайликтер арқылы ,топты бағалайды,бағдаршам, бағалау критерийі

Оқушылардың сабақта техникалық қаупсідік ережелерін сақтауын қадағалау



Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.12.2025
20
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12