ҚМЖ "Тура және кері санау" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМЖ "Тура және кері санау" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Натурал сандардың және 0 санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар





Ортақ тақырып: «Өзім туралы»

1А Бөлім: Сандар мен цифрлар

Бағдарлама бөлімшесі: 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер


Мектеп: № 48 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Хамзина.З.М


Сабақтың тақырыбы: Тура және кері ретпен санау


Сынып: 1 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 натурал сандардың және 0 санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау




Сабақтың мақсаттары


А) Натурал сандар және 0 санының құрылу жолын айтады,10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды.

В) 10 көлеміндегі сандарды салыстырады.

С) 10 көлеміндегі сандардан өрнектер құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Сандық заңдылық қалай құрылғанын және әрі қарай қандай сан болатынын түсіндіре алады.

Тура ретпен санау, кері ретпен санау. Қанша? Сколько? How many? Санау? Считать? To count? тірек сөздерді үш тілде айта алады

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу,ағылшын,дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

Бейне ролик, таныстырылым, аудио жазба.

Бастапқы білім

10 көлеміндегі сандарды таниды, жазылуын, оқылуын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар




























Сабақтың басы

2 мин





























Сабақтың ортасы

2 мин





5 мин































3 мин









3 мин







4 мин









1 мин





2 мин







5 мин












Ширату

«Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлер арқылы үш топқа бөлінеді.

Осылайша кейіпкерлерді тура және кері ретпен санайды.

-Балалар, біз тура және кері санадық.Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау.

Ұ.Видеоролик арқылы «Санамақ» орындайды.

Жаңа сабақ

«Өз орныңды тап» ойыны

Тақтаға 10 оқушы шақырылып, 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар таратылады. Оқушыларға бір қатарға ретпен тұруды ұсынамын. Олар 1- ден 10- ға дейінгі ретпен тұрады. Егер олар ретпен тұра алмаса, қалай тұру керектігін түсіндіремін. Кіші саннан бастап тұруды ұсынамын. Қалған оқушыларға қатарда тұрғандарды санауды ұсынамын. Осылайша санау реті «тура ретпен санау» деп аталатынын айтамын. Бұдан әрі керісінше үлкен саннан бастап тұруды сұраймын. Қалған оқушыларға қатардағыларды үлкен саннан бастап санауды ұсынамын. Мұндай санау «кері ретпен санау» деп аталатынын хабарлаймын.

«Кері ретпен санауды бұрын байқадыңдар ма?» деп сұрап, мысалдар келтірулерін сұраймын.

Кері ретпен санауға байланысты бейнежазбаны көрсетемін: лифтімен түсіп келе жатқандағы қабат санының көрсеткіші, секундомердегі таймер, зымыранды ұшырудағы уақыт т.с.с

Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Ережемен таныстыру

Санау бір санынан басталады. Заттарды бір,екі, үш,төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он деп санаймыз.Заттарды санаған кезде сандарды ретімен қалдырмай санайды .


Ж. «Баспалдақтар» ойыны

Жұптағы бірінші оқушы сандарды жаза отырып, баспалдақпен көтеріледі.Баспалдақтың шыңына жеткен соң, екінші оқушы оның басқа жағымен түсуі тиіс.

Өзара бағалау: бағдаршам түстері арқылы бірін – бірі бағалайды.


Оқулықпен жұмыс 38-39 бет

Іздерді тура және кері ретпен сана. Қай сандар түсіп қалған?

Орындап көр.

А) 4 – тен бастап, 10 – ға дейін тура сана.

Ә) 8 – ден бастап, 1 –ге дейін кері сана.


Дәптермен жұмыс 37-38 бет

35- жұмыс парағы. «Бақаға көмектес»

Бақа неше рет секіруі керек?

Қадамдар санын анықта, түсіп қалған сандарды жапырақтарға жаз.

Бос токөздерге сандарды кері ретпен жаз.

Сергіту сәті

- Мен қанша рет шапалақ ұрсам, сендер де сонша рет қайталап шапалақ ұрыңдар.

-Алақандарыңды төрт рет соғыңдар

-Аяқтарыңмен үш рет тарсылдатыңдар

-Алақай! -деп үш рет айқайлаңдар.

«Сиқырлы қоржын» әдісі. Қоржынды сыртынан ұстап көру арқылы ішіндегі заттардың санын болжау. Қоржынды ашып, болжамдарының нақтылығына көз жеткізу. Қоржыннан 10 затты бір-бірлеп алып, қалай санайтынын көрсетемін. Енді бос қоржынға заттарды кері санау арқылы салуды ұсынамын.

Өздік жұмыс

А деңгей

«Кім жылдам?» ойыны

Тізбектегі жоғалған сандарды тауып, жазады.

В деңгей

10 көлеміндегі сандарды, өрнектерді салыстыруға тапсырмалар беріледі.

МShape2 Shape1 ысалы, 2 7 3 6

10 8 10 5

С деңгей

10 көлеміндегі сандарды қатыстырып өрнектер құрастырады.

10 көлеміндегі сандарға үлестірмелі материалдар (жемістер) арқылы өрнек құрастырады.


Мұғалімнің бағалауы. «Стикер» әдісі



























Видеоролик

























Видеоролик













Слайд







Жұмыс дәптері №1





Слайд











Қазақша, орысша, ағылшынша сандар атауы жазылған карточкалар

Жұмыс дәптері



































Үлестірмелі материалдар

5 мин



























5 мин

(Т) 10-ға дейін тура және кері санау. Суреттерді сандармен сәйкестендіру.

1 –топ

Picture 1

2-топ «Кім азық – түлікті артық сатып алды?»

Оқушылар екі себеттегі азық – түліктердің санын санау арқылы салыстыруы және талдаулары тиіс.

Жауабы: ұл бала азық – түлікті көп сатып алды.

3–топ «Кемпірқосақ жасаймыз»

Кемпірқосақтың қиылған жолақтарын таратамын.Оқушылар оларды қажетті ретімен орналастырады. Шыққан кемпірқосақтың жолақтарын санайды.

Әр кемпірқосақтың артында сан құрамын анықтауға тапсырма беріледі.


Топтар постер қорғайды.

«От шашу» әдісімен бағаланады.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

1-тапсырма

Бағалау критерийі: 10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіндіреді.


Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы - 3 санының құрылу жолын түсіндіреді.

2-тапсырма.

Бағалау критерийі: 10 көлемінде тура және кері бағытта санайды.

үлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз.

10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазыңыз: _____________________________________

Дескриптор: Білім алушы - гүлдерді өсу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстырады; - 10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жазады.

3- тапсырма.

Бағалау критерийі: Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.



Дескриптор: Білім алушы - 3 санынан кейінгі санды жазады; - 8 санының алдындағы санды жазады

Мұғалімнің тексеруі: +, - белгісін қою арқылы

түрлі түсті қарындаштар, ойыншықтар, жеміс суреттері, дидактикалық санау материалдары





















Сабақтың соңы

2мин

Санауды қай саннан бастаймыз? Санағанда сандарды қалдырып кетуге болмайды.неліктен?

Рефлексия: Сабақ барысында өзіңді баспалдақтың қай жерінде тұрмын деп есептейсің? Сол ұяшықты боя. Себебін айт.

Бүгін сен үшін не түсініксіз болды? Сабақ соңында оқушылар рефлекция жүргізеді.






А4-те салынған баспалдақ суреті

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


А деңгей

«Кім жылдам?» ойыны

Тізбектегі жоғалған сандарды тауып, жазады.

В деңгей

10 көлеміндегі сандарды, өрнектерді салыстырады.

МShape3 ысалы, 2 7

10 8

С деңгей

10 көлеміндегі сандарды қатыстырып өрнектер құрастырады.










(Ж) «Баспалдақтар» ойыны

Өзара бағалау «Бағдаршам» түстері арқылы.

(Т) «От шашу» арқылы бағалау.

ҚБ арналған тапсырманы критерий мен дискриптор арқылы бағалау.

Сергіту сәті





Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
1670
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі