ҚМЖ "Ұлттық валюта теңге"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ "Ұлттық валюта теңге"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатына арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә.

Садыхова Венера Октябрятовна

Күні:

11.11.2024

Сынып: 7 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Ұлттық валюта теңге күні»

Құндылықты дарыту

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Қауіпсіздік сабағы

«МЕНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫМ МЕН МІНДЕТТЕРІМ»

Мақсаты

оқушыларды негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу. «Көршіңмен амандас» тренингі

Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Миға шабуыл:

Оқушыларға "Ақша дегеніміз не?" деген сұрақ қойылады.

Әрбір оқушы өз ойларын ортаға салады.

Ақшаның пайда болуы мен тарихы:

Ақша адамзат тарихында сауданың пайда болуынан бастап маңызды орын ала бастағанын түсіндіру.

Алғашында тауарлар айырбас арқылы қолданылса, уақыт өте келе монеталар мен қағаз ақшалар пайда болғанын айту

Оқушылар амандасады.

Оқушылар орындарынан тұрып, хормен Әнұран орындайды

Оқушылар жауап береді. Ақша туралы өздері білетін мәліметтерін айтады

Валюта түрлері

Әртүрлі валюталармен танысу: теңге (KZT), доллар (USD), еуро (EUR), рубль (RUB), юань (CNY), т.б.

Әр елдің ұлттық валютасын атап өту және олардың белгілерін зерттеу.

Әр валютаның өз бағасы болатынын түсіндіру.

Тапсырма: Оқушыларға әртүрлі валюталар туралы ақпарат жинап, олардың қай елге тиесілі екенін жазу.


презентация

Сабақтың ортасы

1.Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге:

Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде өз валютасы – теңгені 1993 жылы қабылдағанын айтып беру.

Теңгенің алғашқы монеталары мен қағаз ақшалары, олардың сыртқы түрі мен ерекшеліктері жайлы түсіндіру.

Ұлттық валютаның дизайны мен қауіпсіздік белгілері туралы айту.

2.Қаржылық сауаттылық:

Ақшаны тиімді пайдалану және үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру.

Қаржы үнемдеу жолдары: бюджет құру, керек заттарға ғана ақша жұмсау, артық шығындарды болдырмау.

  1. Жаттығу:

Оқушыларға виртуалды бюджет құру тапсырмасы беріледі. Олар өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне сәйкес шығындар жоспарын жасап көреді.

Жұптық жұмыс

Әр елдің ақшасын шығарып қоямын. Жұптар таңдап сол ақша жөнінде мәлімет береді

Сабақтың мақсатына қаншалықты қол жеткізгендерін талқылау.

Оқушылардан сабақ туралы ойларын тыңдау, олар не үйренгенін, қандай жаңа мәлімет алғанын бөлісу.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы


Тапсырма: Валютаның инфляциядан қалай өзгеретінін бақылау. Инфляцияның адамдардың сатып алу қабілетіне әсерін мысалдармен түсіндіру.

Тапсырма: Әлемдік экономикадағы маңызды валюталарды атау және олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу.


презентация

Қауіпсіздік сабағы

10 минут

1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

  • Құқықтар мен міндеттер деген не екенін талқылау.

  • Жасөспірімдердің негізгі құқықтарының мысалы (білім алу құқығы, қорғау құқығы және т.б.).

Баланың қандай құқықтары бар?

Баланың өмір сүруге, қорғауға, денсаулығын қорғауға, тұрғын үйге, білім алуға, даралық және оны сақтау құқығына, мемлекеттік көмекке құқығы бар.

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары.

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамыздағы №345 «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңы (бұдан әрі – заң мәтіні бойынша) кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайды, сондай-ақ олардың құқықтары бұзылған жағдайда жүгіну тәртібін регламенттейді.

Баланың өмір сүруге, қорғауға, денсаулығын қорғауға, тұрғын үйге, білім алуға, даралық және оны сақтау құқығына, мемлекеттік көмекке құқығы бар. «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамыздағы №345 Заңы №15, 16, 16-1, 17, 19, 20, 35, 36, 37, 38, 39-1 баптар.


Сонымен қатар баланың негізгі нақты құқықтары анықталған:

  • отбасында өмір сүру және тәрбиелеу;

  • оның ата-анасы кім екенін білу;

  • ата-аналарымен бірге тұруға (бұл оның мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда), олардың тарапынан қамқорлыққа алу;

  • ата-аналардың тәрбиесіне, ал олар болмаған немесе ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда қорғаншының, қамқоршының немесе балалар мекемесінің тәрбиесіне;

  • жан-жақты даму; адамның қадір қасиетін құрметтеу;

  • ата-анасымен, әжесімен, атасымен, ағаларымен, әпкелерімен және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасау;

  • өз пікірін білдіруге арналған өтініш; тегі, аты, әкесінің атын алуға өтініш.

2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

  • Құқықтар мен міндеттердің мысалдарымен презентация көрсету.

  • Сақталуы қажет ережелерді талқылау (мектеп ережелерін сақтау, басқаларға құрмет көрсету және т.б.).

  • Құқықтар бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмін әзірлеу (презентация қорытындысы бойынша әзірлейміз):

  • Ересектерге немесе педагогтерге хабарлаңыз.

  • Көмек алу үшін тиісті органдарға хабарласыңыз.

3. Қорытынды (2 минутқа дейін):

Сабақты қорытындылау.

Негізгі құқықтары мен міндеттері бар жадынамалар тарату.

Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/JIwsVsEjArI?si=xbL7GHdhPNRspR1K







«Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы»

Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамыздағы № 345 Заңы

15-бап

Баланың білім алу құқығы

16-бап

Баланың еңбек бостандығына құқығы

16-1-бап

Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы

17-бап

Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы

19-бап

Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы

20-бап

Баланың мiндеттерi

35-бап

Бала және дiн

36-бап

Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау

37-бап

Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау

38-бап

Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау

39-1-бап

Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі