400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

ҚМЖ. Ультрадыбыс датчигі

Материал туралы қысқаша түсінік
4.5.3.2 ультрадыбыс датчигін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Робототехника. Лабиринт және кегль-ринг (ортақ тақырыптары: ("Мәдени мұра", "Мамандықтар әлемі")

Педагогтің аты-жөні


Күні:

 

Сынып: 4б,в

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ультрадыбыс датчигі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.5.3.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Ультрадыбыс датчигінің негізгі қызметін біледі

Ультрадыбыс датчигін қолдана алады

Ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы бағдаршам-робот жасай алады

Құндылықтарға баулу:

Бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың барысы

5 мин

Ұймдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесі.

«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы сыныпта қолайлы психологиялық атмосфера қалыптасады. Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты қайталау.

Миға шабуыл әдісі

1) Ультрадыбыс датчигі дегеніміз не?

2) Ультрадыбыс датчигінің қандай ерекшеліктері бар?

3) Ультрадыбыс датчигі не үшін қажет? Мысалдар келтіріңдер

4) Ультрадыбыс датчигін не себепті роботқа орнатамыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, топтық талқылау өткізгеннен кейін мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.

Сабаққа дайындалады, бір-біріне жақсы тілектер айтады.









Сұрақтарға жауап береді






Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі «Отшашу»

əдісі

бойынша бағалайды


Оқулық, презентация

Сабақтың ортасы

35 мин

Білімді бекіту

Ультрадыбыс датчигі-дыбыс толқындарын жіберіп, қайтып келген сигналдарды оқитын және насындарды тауып, оларға дейінгі қашықтықты есептейтін құрылғы.

Ультрадыбыс датчигі жоғары жиіліктегі дыбыстық толқынды жібереді, нысаннан шағылысқан кері толқынды ұстайды және ультрадыбыстық импульсті қайтару уақытын өлшейді,нысанға дейінгі қашықтықты жоғары дәлдікпен есептейді.

Датчик «көздерінің» айналасындағы қызыл түсті жыпылықтамайтын жарық оның Өлшеу режимінде тұрғанын білдіреді.

Ультрадыбыс датчигінің ерекшеліктері:

  1. 1-ден бастап, 250-см-ге дейінгі ауқымда қашықтықты өлшеу;

  2. өлшеу дәлдігі ± 1см-ге дейін;

  3. қызыл түсті жарық сигналды беру кезінде үнемі жанып және эфирді тыңдау барысында жыпылықтап тұрады;

егер ультрадыбыстық сигнал анықталса, датчик «Ақиқат» логикалық мәнін береді.

Жеке жұмыс

1-тапсырма. Роботқа арналған бағдарлама құр: робот тұрып, қолыңызды ультрадыбыстық датчикке 30 см қашықтықта ұстағаныңызды күтеді, содан кейін ғана 30 см айналым артқа қарай жүреді.

Сергіту сәті. Көз жаттығулары

Тәжірибелік жұмыс

Бұл жобаны орындау үшін дыбыс блогын жне нотаны ойынату режимін (Play Note) пайдаланыңыз. Робот кедергіге қарай алға жылжуы керек. Кедергіге келесі қашықтық қалған кезде:

-40 см, онда робот Е4 нотасын ойнайды;

-35 см, онда робот G4 нотасын ойнайды;

-30 см, онда робот B4 нотасын ойнайды;

-25 см, онда робот F5 нотасын ойнайды;

-20 см, онда робот A6 нотасын ойнайды;

-15 см, онда робот D6 нотасын ойнайды;

-10 см, онда робот D4 нотасын ойнайды;

-5 см, онда робот B5 нотасын ойнайды;

Роботтың жүру жылдамдығы 40 болсын.

Бағдарламаны жалғастыр



























Дескриптор

-Роботқа арналған программаны дұрыс ретпен орналастырады





Көз жаттығуларын орындайды









Дескриптор

- Ультрадыбыс датчигін программа құруда қолданады





























Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі «Отшашу»

əдісі

бойынша бағалайды


Оқулық



Жұмыс парағы








Сабақтын соңы

5 мин

Үй жұмысы: Айсұлу ультрадыбыс датчигін пайдаланып, 23 минутта робот құрастырды. Мадияр Айсұлуға қарағанда 6 минуттан артық уақыт жұмсады. Ал Сәуле Мадиярға қарағанда 8 минут кем жұмсады. Кімнің қанша уақыт жұмсағанын жұбыңмен бірге анықта.

Сабақ қорытындысы. Рефлексия.

Үй тапсырмасын жазады






Өз жұмысын бағалайды

Стикермен жұмыс

Білім класс


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі