400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚМЖ "Зат есім" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сөз таптары туралы түсініктерін кеңейту, зат есімдер, зат есім сұрақтары туралы білім беру; шығармашылық қабілеттерін дамыту; салт- дәстүрді құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: 86

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мектеп: № 48 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Хамзина.З.М


СЫНЫП: 2 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.3.1 - мәтін мазмұнынанықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.3* - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік,рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Оқушылар қорапшадан қағазға жазылған сөздерді бір – бірден суыру арқылы топтарға бөлінеді. Әр оқушы өзі суырған сөздің қай топқа жататынын тауып, белгіленен орынға отырады.

Қорапшаға салынған сөздер: Алмұрт, қызыл, екі, келді, Асқар, бесеу, ұзын, жазды, кітап, кесті, жеті, суық, домбыра, әдемі, үшінші, жүгірді, әже, биік, он, түсірді, жолбарыс, киді, үлкен, жиырма.

Топ аттары:

1 – топ: Кім? Не?

2 – топ: Не істеді?

3 – топ: Қандай?

4 – топ: Қанша?

Қызығушылықты ояту

Әр топқа 1 минут ішінде сыныпта бар заттардың атын жазуды ұсынамын. Уақыт өткен соң әр топтан бір оқушы жазған сөздерін оқиды.

Осыдан кейін жазған сөздерінің қандай сұраққа жауап беретіндігін сұраймын. Осылайша жаңа сабақ тақырыбы болжанады.




Қорапша ішіндегі сөздер, ақ қағаз, маркерлер.

Ортасы 30 минут
















Сергіту сәті

2 минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: адам, көгершін; жазушылар, құлындар.

Бас әріппен басталып жазылатын зат есімдерге адам аттары, жер - су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.

Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс

6 – жаттығу. Мәтіннің тақырыбына қарап, оның мазмұнын болжа. Сонан соң мәтінді түсініп оқы.

  • Мәтін мазмұны бойынша бір – біріңе сұрақ қой.

  • Мәтіннен кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.


Ұшып келді бір топ қаз,

Қонған жері бірақ саз.

Сазды шоқып, тағы шоқып,

Ұшып кетті бір топ қаз.

Дәптермен жұмыс.

7 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

«Қозым», - дейді мені апам,

«Қозым», - дейді мені атам.

Сөздеріне күлемін,

Қозы емеспін, білемін.

Ө.Ақыпбеков

  • Өлеңнен зат есімдерді тап.

  • Өлеңде бала неге күлді деп ойлайсың?

  • Қалай ойлайсыңдар, ата – аналарың сендерді еркелеткенде неліктен ботам, құлыным деп атайды? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

Қолдану

Жұптық жұмыс

Сөздерді оқы. Кісі, жер – су аттарын теріп, үлгі бойынша бөліп жаз.

Қарағанды, Ақтау, Үсен, Атырау, Раушан, Жазира, Жезқазған, Ақсу, Гауһар, Орал, Жайық, Айсұлу, Нұржан, Ілияс, Шалқар.

Кісі аттары: Үсен, ...

Жер – су атаулары: Қарағанды, ...

«Ертегі құрастыру» әдісі

Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі құрастырылып шығады.














«Бас бармақ»

арқылы бағалау























«Өзара бағалау»

Аяқталуы

5 минут

«Хабарлама» әдісі

Оқушылардан өздерінің не үйренгенін көрсететін мəтіндік хабарлама (SMS) құрастыруды сұраңыз. Барлық мəтіндік хабарламадағы сияқты мұнда да символдар саны шектеулі.



Үйге тапсырма: 9 – жаттығу 44 бет


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
133 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
17408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі