15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚМЖ."Компьютерде қалай қауіпсіз жұмыс істеуге болады?" 5 сынып
|
Сынып:5 Пәні: Информатика Сабақ №1 |
Күні: |
||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Компьютерде қалай қауіпсіз жұмыс істеуге болады? |
||||||||||||||
|
Мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.4.1.1 - қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау жасау |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
|
||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||
|
Тілдік мақсаты
|
Оқушылар істей алады: дұрыс сымбаттылық мәселесінің маңыздылығын талқылауды (сөйлеу дағдысы мен тыңдау) денсаулығын сақтап қалуға көмектесетін жаттығулар кешенін суреттеуге (жазу дағдысы) Пәндік лексика мен терминология Көру нашарлауы, сымбатының бұзылуы, сіңір созылуы, денсаулық пен қауіпсіздік, қауіп Білек, мойын, қол, арқа, иық, омыртқа, іш, буындар Қатайту, созу, бойын еркін ұстау, баурау. Ауызекі сөйлесуге/жазуға пайдалы сөйлем қатары (сіңір созылуының жарақаттық сипатының созылмалылығынан,көздің шаршаңқылығы/ширыққандығы) қашып құтылу үшін алдымен ........., сонан соң .......... қажет. Сымбаттылықты жақсарту үшін сіз біріншіден………..көз жеткізуіңіз, сонан соң ……….. Қауіпсіздікті сақтау ............тәуелді. |
||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Адам анатомиясы, адам сүлдесі. Физика (электр құралдары мен электрмагниттік сәуле шығару) |
||||||||||||||
|
Алдын ала білімі
|
Оқушылар компьютердің негізгі қызметі, негізгі бөлшектері, компьютер қандай қызмет көрсету саласында өолданлатыны туралы біледі.
|
||||||||||||||
|
Ресурстар |
1.Жалпы білім беретін мектептер 5 сынып үшін Информатика-оқулығы./З.М.Журбенко, О.В.,Козина, С.А.Нургалиева – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ, 2017, -8-9 бет, 1бөлім Компьютер және қауіпсіздік. 2. 1 Қосымша – Сабаққа тарату суреттері 3. сабақ басында URL-суреттер |
||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрадыу. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіреміз. Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу. Сабақтың басталуы. (У) Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтыңдар.
(Г) Оқушылар сабақ тақырыбын атайды: Денсаулығын және техника қауіпсіздігі ережесін сақтау. Техника қауіпсіздігін сақтау туралы видео көруге беріңіз http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720
(У) Егер сіз техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда, не болады? Оқушылар сабақтың міндеті мен мақсатын атайды: Бүгін біз техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанның қандай салдар болатынын білетін боламыз. Біз қауіпсіздік туралы айтамыз. Компьютермен жұмыс кезінде өзініңң жұмысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек. . (У) www.youtube.com/watch?v=cjdbUFFhT78 сілтеме арқылы видеоролик көрсетіледі. (У) Берілген тірек сөздерді қолданып, жұптасып диалог құрастырыңдар. Қауіпсіздік ережесі Компьютер Көз жаттығулары Экран Көз аурулары (П) Жұптасып диалог құрастырады. (У) Диалог нәтижесі бойынша қорытынды жасаймыз. Мұғалім үшін нұсқаулық: оқушыларды жеке өз диалогтары бойынша қорытынды жасауды сұраңыз. Қорытынды: «компьютерге тәуелділік», «көз аурулары» пайда болмас үшін ережелерді сақтау керек. |
Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар. |
|||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 8 минут 1 минут 5 минут 3 минут 16 минут |
Жаңа сабақты түсіндіру . У) Ойланып, бөлініңдер: Суретің қандай сұраққа жауап береді? - Компьютермен жұмыс кезінде не істеуге болмайды? - Компьютер бізге қалай ықпал етеді – қауіпсіздік техникасын бұзу; - Компьютердің зиянды ықпалынан қорғану үшін не істеу керек? Топтарға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсыру. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды топпен біргіп жұмыс істейді, талқылайды, зерттейді. Оқулықпен жұмыс жасаймыз №1 топқа тапсырма. Жалпы қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар қандай ? (суретпен, сызбамен қорғау) №2 топқа тапсырма. Апат жағдайындағы қауіпсіздік талаптар . ( топтастыру, оқушылар акт тақтаға жазады ) №3 топқа тапсырма. Алғашқы медициналық көмек көрсету. (Флипчартқа өз ойларын жазып пікірлесу) Мұғалім үшін нұсқаулықтар: Жоғары деңгей дағдысы: сараптау және бағалау Алдын ала сыныптағы оқушылар санына сәйкес суреттерді басып алыңыз (мысалы: 12 сурет). Сабаққа дейін кабинетте суреттерді жасырып қойыңыз. Оқушылар суреттер тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарды таңдау үшін, сұрақтар дайындаңыз (сурет бойынша): - Компьютермен жұмыс кезінде не істеуге болмайды? - Компьютер бізге қалай ықпал етеді – қауіпсіздік техникасын бұзу; - Компьютердің зиянды ықпалынан қорғану үшін не істеу керек?
Оқушылар әрекеті Кабинетте суреттерді тауып, топқа бөлінеді. (У) «Сен маған, мен саған» тапсырмасы Сонымен, біз үш топқа бөліндік. Топта бір-біріңмен бөлісіп, суретте не бейнеленгенін көрсетіңіз және неге оны осы топқа айқындағаныңыз туралы айтып беріңіз. Мұғалім үшін нұсқаулық: бұл тапсырма сөйлеу дағдысын дамыту үшін бағытталған. Бұл тапсырмаға 3 минут уақыт беріңіз. 2 тапсырма «Постер құрастыру» (Г) Топтар суреттерін,түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер пайдалана отырып постер құрастырады 5 сынып оқулығының 9 бетіндегі материалды пайдаланыңыз (көз үшін жаттығулар мен қол ьуындары үшін жаттығулар) - Компьютермен жұмыс кезінде не істеуге болмайды? - Компьютер бізге қалай ықпал етеді – қауіпсіздік техникасын бұзу; - Компьютердің зиянды ықпалынан қорғану үшін не істеу керек? * Қосымша тапсырма Егер адам тәулігіне 3 сағат компьютер алдында уақытын өткізетін болса, онда сіз жылына, айына, аптасына қанша уақыт компьютер алдында өткізетініңізді есептеңіз. Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi 1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
|
Сергіту сәті Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Ойын ойнайық. |
|||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Формативтік бағалауды орындау Мұғалім үшін нұсқаулық Формативтік бағалаудың бір түрін ұсынуға болады:
(У) Сонымен біз бүгін компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу? туралы білдік. Стикерде өздеріңіздің бүгін қалай жұмыс істегеніңіз туралы сурет салып беріңіз:
Үйге тапсырма 5 сынып Информатика оқулығының 6-9 бетін оқу. Компьютермен жұмыс кезінде орындау үшін ұсынылатын жаттығулар ойлап тап. * Отбасы мүшелерін байқап көр: олар компьютермен жұмыс кезінде дене мен көз үшін жаттығулар жасай ма. * Отбасы мүшелері үшін кесте құрастыр: компьютер алдында қанша уақыт отырамыз.
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
Кері байланыс ұсынамын.
|
Смайликтер
Үй тапсырмасын жазады.Оқушылар ізденіп жұмыс атқарады
|
|||||||||||||
















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген