400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМТҚ-дан ашық ұйымдастырылған оқу қызметі «Ұзын – қысқа. Заттарды салыстыру.Фигуралар».

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, фигуралар: шаршы, үшбұрыш, шеңбер туралы түсінік беру. Беттестіру, бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету. Қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Зерттеу, салыстыру жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Балерке» балабақшасы
















Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнінен

өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:

«Ұзын – қысқа. Заттарды салыстыру.Фигуралар».





















Тәрбиеші: Копесова Н.А.































Көкпекті ауылы

КМҚК «Балерке» балабақшасы«Жұлдыз» ІІ сәбилер тобында ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Тақырып: «Ұзын – қысқа. Заттарды салыстыру. Фигуралар».

Мақсаты: «Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, фигуралар: шаршы, үшбұрыш, шеңбер туралы түсінік беру. Беттестіру, бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету.

Қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Зерттеу, салыстыру жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар:Қуыршақ, ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша жолдар ұзыны – көк және қысқасы – қызыл, моншақтар, АКТ.

Сөздік жұмыс: Ұзын, қысқа, шаршы, үшбұрыш, шеңбер.

Билингвальді компонент: ұзын – длинный – long, қысқа – короткий – short, шаршы – квадрат - square, шеңбер – круг - circle, үшбұрыш – треугольник - triangle.



Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.

 Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай болады?
- Қане, қыс айларын атап айтайықшы?

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірімен амандасады.



- Қыс  мезгілі.
- Үш ай болады.
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Ұйымдасты-рушы - ізденуші

Тосын сәт: Есік қағылып, Қоян-қонақ кіреді. Қолында қорапшасы бар. Қоян балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қоян: -Балалар менің атым – көңілді Қоян. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы қорапшаның ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмала-рымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Тәрбиеші: -Қане, балалар Қоян бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы қорапшаны ашып қарайық.
-Ал, балалар Қоянның алып келген жолақшаларының түсін айтайықшы?
-Көк,қызыл.



I - тапсырма: Слайд арқылы суреттерді көрсету.

Сұрақ - жауап арқылы.
Ендеше, барлығымыз мына экранға қарайықшы? Мынау ненің суреті?

(1 слайд)
Мына пойыз ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім айтады? Қай пойыз ұзын?

Қай пойыз қысқа?
ІІ тапсырма

-Балалар, айтыңдаршы, мынау нелер?
- Бауырсақ қай жолмен домалап барады?
Мынау қандай жол?
Ия, ұзын жол.
Ал, мына жол қандай? 

Дұрысайтасыңдар, балалар!


Ал, келесі тапсырманы орындайық.
IIІ - тапсырма: Көк жолақшаның үстіне қызыл жолақшаны қойғанда қай жолақша ұзын?

-Ал, көк жолақшаның қасына қызыл жолақшаны қойсақ, қай жолақша ұзын болады?

-Дұрысайтасыңдарбалалар!


IҮ - тапсырма:Енді балалар, ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме?
Бұл тапсырманы орындау үшін, Қоян бізге бір ойын алып келген екен, балалар. (Геометриялық пішіндерді қайталау
).( 2-слайд)
Дидактикалық ойын: «Жұбын тап».
Мақсаты:
Геометриялық пішіндердің түрін, түсін ажырата білу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.Пішіндерді дұрыс орнына қоюға дағдыландыру.


3- слайд.-Балалар мынау нелер?

-Қане қарайықшы, қайсысы ұзын?

-Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

-Қай қарындаш қысқа?


4 - слайд. -Балалар мына суретке назар аударайықшы,мынау нелер?
-Қоянның неше құлағы бар?
-Ал кірпіде неше құлақ бар?

-Кірпінің құлағы ұзын ба,әлде қоянның құлағы ұзын ба?
-Дұрыс айтасыңдар, қоянның құлағы ұзын екен.
-Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Қоян-мен бірге бойымызды сергітіп алайық.


Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы- қырлы жерлермен,

Ытқып- ытқып жүгірді.



- Балалар , мен сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнағым келіп тұр. Мақсаты: балалардың ұсақ қол мото-рикаларын дамыту.Шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

-Енді балалар екі топқа бөлінейік. 

1 - топ жіпке ұзын моншақ тізеді.   2 - топ қысқа моншақ тізеді.




  • Сәлеметсіз бе!










  • Қоянның тапсырмаларын орындауға кіріседі.






Балалар слайдқа қарап, сұрақтарға жауап береді.


- Пойыздардың суреті.

Балалардың жауаптары.

Билингвальді компонент:ұзын – длинный – long, қысқа – короткий – short.


-Жолдар.


- Ұзын жол.


- Қысқа жол.





-Көк жолақша ұзын.




-Көк жолақша.







Билингвальді компонент:шаршы – квадрат - , шеңбер – круг - , үшбұрыш – треугольник -

Балалар пішіндерді түр, түсіне қарай жұптастырады.



-Жылан және жұлдызқұрт

-Жылан ұзын.

-Қарындаштар



-Жай қарындаш қызыл қарандаштан қысқа.


-Қоян мен кірпі.
-Қоянның екі құлағы бар.

-Кірпіде екі құлақ бар.

- Қоянның құлағы ұзын.








Балалар тәрбиешімен бірге сергіту жаттығуын жасайды.








Балалар 2 топқа бөлініп, ойынға қатысады.

Рефлексивті – түзетуші

-Балалар сендерге бүгінгі ашық оқу іс-әрекеті ұнады ма?

 -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?

-Қандай тапсырмалар ұнады?

Қоян өз сыйлықтарын балаларға тара-тып, қоштасады.

Балаларды мадақтау.




Балаларсұрақтарғажауапбереді



Күтілетін нәтижелер:

атайды: заттардың көлемін (ұзын - қысқа);

түсінеді: көлемі бойынша қарама – қайшы заттарды қалай салыстыруға болатынын;

қолданады: геометриялық фигураларды белгілі бір түске қалай бояуға болатынын, заттарды бір – бірінің үстіне салу және жанастыру тәсілдерін.


Әдіскер: ___________ А.Ж. Жумашева

Тәрбиеші: Н.А. Копесова


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.03.2019
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі