Қ.О БІТІБАЕВАНЫҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Адилбекова Жанар Советхановна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі, ғылым магистрі,
педагог-шебер
Астана қаласы «№72 мектеп-лицей»
ШЖҚ МКК
Мақалада қазақ әдебиеті мен қазақ тілі пәндерін оқытудағы Қ.О.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының маңызы қарастырылады. Аталған әдістеменің оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы және жазылым дағдысын дамытудағы тиімді жолдары сараланады. Мақалада көркем шығармаларды талдау, пікір-сын жазу, проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен тілдік құзыретін арттыру жолдары мысалдармен нақтыланып, практикалық ұсыныстар беріледі.
Түйінді сөздер: Қ.О.Бітібаева, әдістеме, жазылым, пікір-сын, ұлттық құндылықтар, ойлау технологиясы, әдеби білім.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. Осы орайда, белгілі ұстаз, педагог-ғалым Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы оқушы бойындағы ұлттық құндылықтарды дарытып, жазылым дағдысын қалыптастыруда ерекше маңызға ие. Себебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымы, мәдениеті, ана тіліне деген сүйіспеншілігі қалыптасады. Рухани-адамгершілік бағыттағы білім беруде педагог-ғалым Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы – оқушыны тек тыңдаушы ғана емес, өз ойын айта алатын тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді әдісі. Бұл технология оқушының ойлау, сөйлеу, жазу, талдау қабілеттерін арттырып, оның жеке көзқарасын қалыптастыруға зор үлес қосады.
Қ.О.Бітібаеваның әдістемесінің теориялық негізі оқушының көркем туындыны терең ұғынып, оған өз көзқарасын білдіруіне, әдебиет пен өмірді байланыстыра отырып пікір қалыптастыруына бағытталады. Ұстаздың: «Ешкімді қайталамайтын, тек өзінің ғана пікірін айта білуге баулу – жас өскіннің жеке бас ерекшелігін, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, өзін-өзі қорғай білуге, батылдыққа, алғырлыққа, әділдікке баулуға ықпал етеді» [1, 175] – деген тұжырымы оның әдістемелік ұстанымының мәнін ашады.
Әдістемеде оқушының ойын еркін жеткізу үшін пікір жазудың бірнеше өнімді түрлері ұсынылады: пікір-сыр, пікір-болжам, пікір-толғау. Бұл жұмыс түрлері оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыруға, тілдік қорын байытуға және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Мысалы, қазақ әдебиеті пәнінде Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» және Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармаларын талдау кезінде оқушыларға мынадай проблемалық сұрақтар ұсынылады:
• Аян мен Тортайдың арманы неге орындалмады?
• Қоғам әлсіздерді қорғай ала ма?
Осы сұрақтар арқылы оқушылар қорғансыздардың тағдырына байланысты өмірлік мәселелерге ой жүгіртіп, ұлттық сана-сезім, әділет, жанашырлық, арман сынды ұғымдарды түсінеді. Сонымен қатар, мәтіндегі көнерген сөздер мен тарихи ұғымдарды меңгере отырып, сөздік қорын дамытады. Қорғансыз кейіпкерлер арқылы бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіреді.
Жазылым жұмысын орындау барысында оқушылар өз пікірін құрылымды, жүйелі түрде жеткізуді үйренеді. Бұл – жазылым дағдысының негізі.
Қазақ тілі пәнінде де Қ.О.Бітібаеваның әдістемесін тиімді қолдануға болады. Мысалы, 5-сыныптағы «Адамның сыртқы келбеті мен мінезі» бөлімінде «Мен өзіме сын көзбен қараймын» тақырыбында сын есімдерді пайдаланып, пікір-сын жазу тапсырмасы беріледі.
Мұнда оқушылар төмендегі проблемалық сұрақтарды негізге ала отырып, жазылым тапсырмаларына қадам жасайды:
- Қазіргі әкелер ұлттық құндылықтарды жеткілікті үйретіп жүр ме?
- Әке мен баланың тілдік қарым-қатынасы қандай?
- Заманауи өмір салты ұлттық тәрбиеге қалай әсер етуде?
Одан әрі мәтін мазмұнында берілген ақпараттарға сүйене отырып, ұлттық тұлғалардың – Мұхтар Әуезов пен ұлы Мұрат Әуезов, Асанәлі Әшімов пен ұлы Мәди Әшімов арасындағы әке мен бала қарым-қатынасын зерттейді;
• қоғамдағы әке тәрбиесі, ұлттық тәрбие, тілдік қарым-қатынас жайлы ой қозғайды;
• сын есімдердің көркемдік қызметін мәтіннен таба отырып, грамматикалық білімін қолданады;
• өз ойын жүйелеп, пікір-сыр түрінде жазады.
Тапсырмаларды орындау ұстаз ұсынған жазылым жұмыстарының құрылымына сүйене отырып орындалады:
1. дайындық кезеңі – материалдар жинау, сұрақтар талдау;
2. жоспар құру – негізгі ой, дәлел, қорытынды;
3. пікір жазу – мысалдар келтіру, өмірмен байланыстыру;
4. өзіндік тексеру, ортаға салу – жазған пікірін оқып, сыныпта талдау.
Бұл тәсіл жазылымды тек тілдік нормада меңгертумен шектелмей, мазмұндық, логикалық, танымдық, шығармашылық бағытта дамытады.
Қ.О.Бітібаеваның әдістемесі – тек әдеби туындыны түсіндіру ғана емес, сол арқылы оқушыны ойлауға, пайымдауға, өз көзқарасын білдіруге баулитын мазмұнды жүйе. Әсіресе пікір жазу арқылы оқушылардың жазылым дағдысын дамытуда оның әдіс-тәсілдері нақты нәтиже береді. Әдебиет пен қазақ тілі пәндерінің ұтымды кірігуі арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға негізделген, сауатты, сын тұрғысынан ойлай алатын тұлға етіп тәрбиелеуге болады
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы. – Астана: 2022.
-
Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Мектеп, 2003.
-
Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы: Оқу-әдістемелік құрал. І том – Өскемен қ.: «Рекламный Дайджест» баспаханасы, 2015. – 292 б.
-
Жұмажанова Т. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын дамыту жолдары. // «Білім беру жүйесіндегі инновациялар» журналы. – 2021. №3.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз