400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚОБЫЗ АСПАБЫН БАСТАПҚЫ САТЫДА ҮЙРЕТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл оқу – әдістемелік құрал балалар музыка және өнер мектептерінің қобыз класс оқытушыларына арналған. Әдістемелік құралға енгізілген материалдар қосымша білім беруде музыкалық тәрбиелеудің жаңашылдығын көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ




Picture 1





ҚОБЫЗ АСПАБЫН БАСТАПҚЫ САТЫДА ҮЙРЕТУ


ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ






Құрастырушы:

Жумашова Ж.Е. Әйтеке би аудандық балалар саз мектебінің қобыз класс оқытушысы





Ақтөбе 2020ж

Бұл оқу – әдістемелік құрал балалар музыка және өнер мектептерінің қобыз класс оқытушыларына арналған.

Әдістемелік құралға енгізілген материалдар қосымша білім беруде музыкалық тәрбиелеудің жаңашылдығын көрсетеді.








































Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады».

(П. Паллас)

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасақталып әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай оқу – тәрбие үрдісіне елеулі өзгерістер енгізіп, мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болуда. Жас ұрпақты білімді және өнерлі етіп тәрбиелеу, жалпы азаматтық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғарғы деңгейге көтеру басты мақсат етіп қойылуда. Қазіргі білім беру жүйесінің стратегиялық міндеттері тек орындаушы ғана тәрбиелеу емес, көшбасшылық қасиетке, креативтік ойлау қабілетке ие шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Біздің еліміз егеменді ел болғалы ғалым мен мәдениетке жасалып жатқан шаралардың бәрі жастарға, жалпы азаматтық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Оқушыға жалпы мектептегі музыка сабақтарымен қатар қосымша білім беру салаларындағы музыкалық білім мен тәрбиенің де берері көп. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» - деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесіннен көрінеді. Жас ұрпақтың бойыннан іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды өнерге, шығармашылыққа баулу туындайды.

Ақпараттық техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, дарынын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Сондықтан да ол әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, іздемпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.

Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан - 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім,1997ж.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ден қойып отыр. Білім бәсекесіне сай шәкірт тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асады. Бағдарламада оқушының аспапты меңгеруі, жалпы музыкалық білімін жетілдіруі, орындаушылық шеберлігінің ұшталуы және шығарманың көркемдік бейнесін, нақышын жеткізуде ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын инновациялық технологияларды қолдану әдістері туралы айтылады. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезім – талғамын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне музыка және өнер мектептеріндегі білім мен тәрбиенің алатын орны ерекше. Музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты –рухани дүниесі жан-жақты дамыған салауатты өмір салтын берік ұстанған жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады.



































ҚОБЫЗ ҮЙРЕНУДІҢ АЛҒАШҚЫ ШАРТТАРЫ


Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Жүргізілген сан қилы тәжібибелердің нәтижесі – сол және оң қолды біршама уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі қарашдашпен, кейін қыл ысқышпен жаттықтырылады. Музыкалық қабілетіне қарамай-ақ оқушыға да алғашқы табиғи қалпын сақтай отырып, еркін ойнау үшін қолын дұрыс қоя білуді үйретуге болады. Істің мәнісі алғашқы үйрету әдісінде. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине, жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды үйретеді, бірте-бірте дағыландырады.





















ҚОЛ ҚОЙЫЛЫМЫ

Ұстаз назары қолдың сыртқы сипатына емес, бұлшық еттердің еркін қимылына көңіл бөлуі керек. Бүкіл дене бұлшық еттерін еркін қозғалысы шәкірттің ешбір қиындық көрмей қолдарының дұрыс қойылуы үшін де, сондай-ақ ойын ырғағы үшін де тиімді табиғи қалып табуына көмектеседі. Аспапта ойнаған тұста балаға ең алдымен қолдарының, сондай-ақ тұлғасы және аяқтарының дұрыс бағыты аса қажет. Отырғанда тұлғасын дұрыс ұстау физиологиялық тұрғыдан да дұрыс екені түсінікті ғой. Ойнау барысында қолдар үздіксіз өзгеріс үстінде болады. Шәкірт аспапта ойнау шеберлігін меңгерген сайын өзінің қол қойылымын, отырысын өз ыңғайына қарай жетілдіре береді. Ұзақ уақыт бойына қобызда шаршамай ойнау үшін музыкант өзін еркін ұстаумен қатар денесін жинақы сақтауы, орындықтың жарты бөлігіне немесе үштің біріне жайғасып отыруы тиіс.



О ң қолдың қойылымы





















Оң қолдың қойылымы
Оң қол бос, бірақ белсенділік жағдайында болуы керек. Сұқ саусақ таяқшаның сыртқы жағынан сүйемелдей жанасады. Ортаңғы және аты жоқ саусақ өз еріктрінше бос жатуы керек. Негізгі төрт саусақтың орта буындары шамамен бір деңгейде болуы тиіс. Барлық саусақтың да формасы – кейпі сәл дөңгеленген бейнеде беріледі. Бас бармақ та дөңгеленіп шеңбер сипатта таяқша (ысқыш) тұтқасында шамамен ортаңғы саусаққа қарсы, бірақ түйіспей орналасады. Балаға қолды дұрыс қоюды жеңілдету үшін саусақтардың орналасуын әуелі қарандашқа қойып көрсеткен жөн. Қарындашты өз салмағында күш-жігер жұмсап, әуреленіп жатпай-ақ түрлі жағдайда ұстап көруге жаттығуға болады. Ал саусақтардың дұрыс қойылуы дағдыға айналған кезде шәкірттің саусақтарына қарындашты ұстатып, қолдың қарындашта дұрыс тұрғанын тексеріп көрген жөн.

Қыл ыспаны төмен жүргізгенде оң қолдың буыны сәл иіледі, ал жоғары жүргізгенде буыны иіледі де салбыраңқы кейіп алады. Оқушы қыл ыспаны «ре» ішегімен дұрыс жүргізгеннен кейін, «ля» ішегін де қатар меңгеруі керек.

Шәкіртке қыл ыспаны жүргізудің практикалық дағдысын қалыптастыруды дамытуға кіріскенде, алдымен баланың қолының талмауына септесетін, негұрлым жеңіл жаттығуды іріктеп, істі содан бастауды ескерген жөн. Алғашқы жаттығулар үшін қыл ыспаның орта сонан соң жоғары бөлігін пайдаланған дұрыс. Оқушы қыл ыспаның әрбір бөлігінде ойнап үйренгеннен кейін, ысқыштың әрбір бөлігінде ойнап үйренгеннен кейін, ысқыштың түгел бойымен орындалатын жаттығұларға ешбір қиындықсыз көше алады. Ұстаз оқушының қолын дұрыс қойылуы мен еркін болуын және қобызда дыбыстың құлаққа жағымды, таза шығуын үнеме бақылау керек.
Бұрынғы және қазіргі қазақ, батыс еуропа, орыс классик – сазгерлерінің әуенін терең ұғынған байланысқа және бүгінгі уақыттың негізгі қағидасына жауап беретін: XXI ғасырдың көшбасшысы – жеке тұлғасын тәрбиелеу үшін әлемдік және отандық жетістіктерге жетуге, өз халқының фольклорлық шығармашылығын сүюге тәрбиелеу.

Оқушылардың әлемдік музыкалық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыру, жеке тұлғаның мәнін ашу , ұлттық шығармашылық ойлауды дамыту , қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық музыкаға баулу. Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін және жеке қабілеттілігін дамыту, халық музыкасы мен классикалық шығармаларды түсіне отырып ішкі рухани дүниесі бай , жеке тұлғаны тәрбиелеу.





































СОЛ ҚОЛДЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ



С ол қолды шынтақтан ішек деңгейіне дейін иіп көтеру қажет. Барлық саусақтар дөңес кейіпте болып тұрды. Бас бармақ, сұқ саусаққа қарсы орналасады. Басқа саусақтар ішектің үстіне дөңес кейіпте қалады. Алақан қобыз мойнына жабыспай орналасады. Оқушы қобыздың төмен сырғып кетпеуі үшін, оны екі тізесімен қысып ұстайды. Қобызды өз бетімен жақсы ұстауды меңгерген соң, ішек басуды және дыбыс шығаруды үйренуге кіріседі. Алдымен саусақтарды ішекке дұрыс қою үйретіледі. Мұнан кейін әр саусақты түсіріп – көтеріп үйреніп, шәкірт шеберлігін, қозғалыс дәлдігін танытады. 

Жалпы ереже: 

1. Қобызда ойнаған кезде саусақтар ішек аралығына қойылуы қажет, ішекке тырнақтарды тік тигізіп, немесе босағасына қарай аздап қисайта ұстау керек; 
2. Бір ішекке ойнағанда барлық саусақтар ішекке бәрі бірге емес, біртіндеп кезекпен дөңеестене орналасады;
 

3. Қолдың анағұрлым еркін қозғалысын сақтау үшін, басқа бас бармақ мойынға жеңіл ғана тиіп тұруы тиіс. Саусатардың барлық төрт ішек бойында ауысуы ыңғайлы болуы үшін бас бармақ қобыз мойнына емін-еркін орналасады да, қобыз мойнын қыспай, шамамен орта «ре» және «ля» ішегіне қарама-қарсы орналасады; 

4. Саусақтардың аталған міндеттерді орындауын жеңілдету үшін, қолды асылған қалыпта ұстау қажет. Қолдың жоғары не жоғарлау ұсталуы біржағынан ойналатын ішекке де, позиция – ұстаным тұғырына байланысты. Ішекке саусақтардың еркін жүруі үшін қолды алғашқы позицияда біршама «орта» биіктікте ұстаған жөн. Сол қолдың дұрыс жолға қоюдың қарапайым тәсілдері осы. Қорыта айтқанда, ұсынылып отырған бұл бағдарлама қобызшыларға лайықты оқу құралы болады деп сенемін.  Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Жүргізілген сан қилы тәжібибелердің нәтижесі – сол және оң қолды біршама уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі қарандашпен, кейін қыл ысқышпен жаттықтырылады. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине, жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды үйретеді, бірте-бірте дағыландырады.

Баланың музыкалық қабілетін ескере отырып , аспапта еркін ойнауға дағдыландыруға әбден болады. Тек мұның барлығы алғашқы сабақтан бастап сатылы түрде оңайдан қиынға көшу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қобыз аспабы шәкірттің жас шамасына, дене құрылымына сай болғаны дұрыс. Кейбір қобызшылардың саусақтары қысқа болса да салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиетінің болмауы жиі кездеседі. Аспаптың қолайсыздығыннан отырыста көптеген қателіктер кездеседі, осыған байланысты дыбыс сапасы да бұзылады. Сондықтан ең тиімдісі – ыңғайлы орындық, өзіне ыңғайлы қобыз, зерделі зейін.





























ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ



Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің алғашқы кезеңі негізінен алғанда, шәкірт үшін қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласындағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде екі шәкіртті үйрету де жақсы нәтиже береді. Бір шәкіртке қандай да бір жаңа тәсілді көрсете отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін қоя тыңдауды тапсырады. Кезектесіп көрсетіп қайтатауды, ойнап беруді талап етеді. Осылайша екеуінің арасында шығармашылық сайыс көрініс табады. Екеуі де бірін-бірі қамшылай отырып, тапсырманы тез де жеке жеке меңгеруге құлшынады.

Ұстаз өзінің қатысуымен біріне екіншісінің қобызды дұрыс не бұрыс ұстағанын тексеруді, ал байқалған оқулықты түзетуге тапсырылады, жұмысының негізі болып саналады. Балаларға музыкалық білім беру және олардың өмірге көзқарастарын қалыптастыру ісінде жетекші пән оқытушы ғана емес, барлық педагогтар қауымының да атқарар жұмысы ерекше. Педагогикалық тәжірбиеге сүйенсек, білім алушылардың сабақ үлгерімі, қабілеттілігі, дарындылығы бірдей болуы мүмкін емес. Әр оқушының өзіндік ерекшелігі, мінез-құлқы,бейінділігі, шығармашылық шеберлігі болады және айтылған ескертулер, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдері де әр оқушыға әр түрлі әсер етеді. Білім алушылардың кейбірі тапсырманы жылдам орындаса, ал кейбіреулері сол тапсырманы орындап шығу үшін көп уақыт жұмсайды. Сондықтан да шәкіртті жүйелі түрде оқытып, үйрету үшін оның жас айырмашылықтарымен қатар өзіндік ерекшеліктерін де ескере отырған жөн. Оқытушы арнайы сабақтармен ғана шектеліп қоймай білім алушының жалпы сабақ үлгерімін жіті қадағалай отырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді әрдайым қолдана отырып жан жақты музыкалық білім беруге тырысу керек. Оқушының үлгерімі, көбінесе оның үйдегі дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Егер оқушы сабаққа күнделікті жүйелі түрде дайындалмаса, онда оқытушының сәтті деген педагогикалық әдістері де жақсы нәтиже бермейді. Әрбір жаңа дағдыны үйрену көп еңбектенуді қажет етеді. Аспапты меңгертудің алғашқы сатысында оқытушының шығармаларды ойнап көрсетуі, яғни күй тыңдату арқылы қобыз аспабына деген қызығушылықты арттыруға болады. Алғашқы сабақтарда баланы жалықтырмас үшін оған үй тапсырмасын үйіп – төгіп берудің қажеті жоқ. Оқушы ноталардың бес сызықтың бойына орналасу тәртібін жаттаумен қатар, бес сызықтың бойына салып үйренуі де қажет. Алғашқы сабақ барысында түсінікті түрде қазақтың халық аспаптарының соның ішінде қобыз аспабының шығу тарихын айтумен қатар, фортепианоның сүйемелдеуімен шығармалар ойнап көрсеткен жөн. Шығарма туралы әңгімені тыңдаушыға түсінікті әрі қызғылықты етіп айту. Бұл тәсіл ежелден келе жатқан әдістемелік тәсіл, күйді үйреткенде оның шығу тарихы бірге айтылады. Шығарманы тыңдау арқылы үйрету. Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте көп. Солардың бірі: өзі естіп, өзі үйрену, өз қатесін өзі түзету. Мұндай тәсіл үлкен нәтиже береді. Қобызда шығарманы тартып көрсету – ең негізгі көне тәсілдердің бірі. Мұның әдістемелік жүйесі сан ғасырлық тәжірибенің негізіне қалыптасқан. Бүгінде жасөспірімдерге ұлттық музыка өнерін дәріптеу , аспаптық музыкаға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық өнердің тәрбиелік негізіне терең көңіл бөлуді қажет етеді. Осыған байланысты қобыз үйретудің теориясы мен әдістемесін ғылыми тұрғыда зерттеу, жетекшілік ету мәселесі қолға алынуда.





























Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» 6-8 бет

  2. Ә. Марғұлан Қорқыт туралы қазақтың қария сөздері 12-бет

  3. К.Бабаев «Қазақтың музыкалық шығармалары» 6 - 8 бет

  4. Қылқобызға арналған хрестоматия 1-4 сыныптар үшін 3-6 бет

  5. Қылқобызға арналған хрестоматия 1-4 сыныптар үшін 6-10 бет

  6. Қорқыт ата. Энциклопедиялық жинақ 6-8 бет

  7. М. Жарқынбеков «Ғасырлар үні» 4-6 бет

  8. М. Жарқынбеков Қорқыт «Елім-ай» 5-бет

  9. М. Жарқынбекова Қорқыт. Елім-ай 6-8 бет

  10. М. Жарқынбеков Қорқыт. Елім-ай 20-30 бет

  11. М. Жарқынбеков «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері 3-5 бет

  12. М. Жарқынбеков «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері» 5-8 бет

  13. М. Жарқынбеков «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері» 8-13 бет

  14. М. Жарқынбеков «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері» 13-17 бет

  15. М. Жарқынбеков «Қылқобыз тартуды үйрету әдістері» 18-20 бет

  16. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №11, 2-бет




12


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
1027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі