400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қобызшы Қорқыт ата сабақ конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекеті

Күні: 19.11.2019ж

Білім саласы:Шығармашылық .Музыка

Тақырыбы: Қобызшы Қорқыт атаның шығармашылығымен таныстыру.

Мақсаты:.Балаларды ұлттық аспаптармен таныстыру, және осы аспаптардың үнін ажырату. Ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттыру,мағлұмат беру, түсініктерін кеңейту.

Балалардың музыкалық мәдениеті мен қабілетін дамыту.

Мотивациялық қозғаушылық сезімді ояту




Сәлемдесу:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей бәріміз, «Сәлем» дейік үлкенге.

«Сәлеметсіздерме!»

Балалар ән сабағында не істейміз.

.Балалар қонақтармен амандасады.


Ән тыңдаймыз, айтамыз, би билейміз,ойын ойнаймыз.


Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар, біз бүгін сендермен «Ғажайып аспаптар» туралы әңгіме жүргіземіз.

Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын, кім шеше алады?

Ұзын мойын екі ішек,

Қатар- қатар тепкішек.

Басып көрсең бір бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Ол не?

Домбырамен не шертеді? не айтады?

Балалар, қазақ халқымыздың ұлттық аспаптары өте көп. Солардың біреуін тағыда жұмбақ арқылы тауып көрейік.

Жеті ішектен, жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі түрлі жыр шығар.

Ол не балалар?

Ал енді балалар, ұлттық аспаптарымыздың бірнешеуімен таныстырып кетейін.

Домбырадан басқа, Қобыз, Қылқобыз, Жетіген, Шертер,Асатаяқ,Тай тұяқ,Сыбызғы, Саз сырнай,Қамыс сырнай, Ұран,Дауылпаз, Даңғара тағы басқа, көптеген асапаптарымыз бар .Осы аспаптарда танымал күйші ата -апаларымыз күй шерткен, ән айтқан.Осы айтылған ұлттық аспаптар туралы слайд арқылы көрсетып таныстырып кетейін Балалар теледидарға назар аударыңдаршы.Міне жаңағы айтып өткен аспаптарға қараңдаршы.

Дина,Майра апаларымыз. Күй атасы- Қорқыт атамыз, қобыз бен күй тарқан. Қобыздың үні қандай болады балалар? дұрыс айтасыңдар мұңды болады .

Балалар, енді бойымызды бір сергітіп алайық.

Би элементтерінен жаттығу жасайық.

Домбыраны қолға алып, 
Күйшілерше шертейік.

Бишілерше бұралып,

Дөңгелене билейік.

Аспаптар жайлы тақпақ білеміз бе? Кәне кім айтады балалар?
Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады. 
Сонда жатыр даланың,

Үніменен ұраны.

Жорғалатқан Жетіген, 
Сыбызғы үні лекіген.

Сызылтады Қылқобыз,

Шалып ойнар Шаңқобыз.

Тоқылдайды тоқылдақ, Асатаяқ ,тайтұяқ.

Әуез кернеп ысқынып,

Шығар керней ысқырық.

Ал енді, балалар домбыра туралы бір ән айтайық: «Домбырасыз ән қайда»

Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән айда?

Ән мен күй барөмірде

Отта лаулап жанбай ма?

Енді балалар, сендермен ойын ойнайық. Ойынымыздың аты: «Үнінен таны» деп аталады. Мен қазір аспаптардың үнін қосамын, қай аспап екенін сендер маған айтасыңдар. Бүгінгі өткен аспаптар ішекті, ұрмалы, үрмелі, болып бөлінеді екен балалар. Енді балалар,тагы бір ойын ойнайық. «Текшемен ойын»

Біз ойнаймыз, ойнаймыз,

Ойынға біз тоймаймыз.

Текшені біз, алайық,

Ойынды біз бастайық.

Текшеде қандай аспаптың суреті келсе, соны танып айтуларың керек.

Құрастыру: бүгінгі таныстырып кеткен ұлттық аспаптарымыз ойларыңда қалыппа, соны тексерып көрейік балалар. Кәне,мен сендерге қиылған аспаптардың суретін беремін, сендер соны құрастырып көріңдер.

Мақал мәтел білесіңдерме, балалар? Басын мен айтайын, сендер аяқтаңдар.

Ән- көңілдің ажары.

Өлең алтын, сөз күміс.

Өлең-сөздің патшасы.





Домбыра

Күй шертеді, ән айтады.









Жетіген.


Әнді жетекшімен бірге айтады.


Сергіту сәтін жасайды.



Балалар тақпақтарын айтады.




Әнді жетекшімен бірге айтады.

Ән айтылады.




Аспаптарды үнін ажыратуға тырысады, айтады.


Ойынға қызығушылықпен қатысады.




Сурет бойынша құрастыру.




Көңілдің ажары.

Сөз күміс.

Сөздің патшасы.


қорытындылау



өзін-өзі бағалау

Балалар бүгінгі сабағымыз не жайлы өтті? Аспаптар қандай түрге бөлінеді екен? Қандай ән шырқадық? Сабағымыз ұнадыма?

Балалар, сендерге көп рахмет ,сабаққа жақсы қатыстыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін!

.Балалар келген қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже

Білуі тиіс:Ұлттық аспаптарды және олардың түрлерін ажырата білу .

Игереді: Әуенді қимыл қозғалыстарда біркелкі жасауды әнді мәнерлі ырғаққа сәйкес орындау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
782
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі