400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғам қорған болмас

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдағы зорлық зомбылық
Материалдың қысқаша нұсқасы
Орындаған:Бәкір Шынар

Қоғам қорған бола алмас…
Ғаламтор,әлеуметтік желі,көгілдір экраннан зорлық зомбылық туралы жаңалық көруге
көзімізде үйренді.Адам шошырлық жайттар мен жаға ұстарлық оқиғалар ел,жер,адам
талғамайды.
Осыдан біршама уақыт бұрын,аялдамада тұрғанда бір хабарламаға көзім түсті.Онда
көлік ішінде біреудің сіздің тарапыңызға оқыс қылығын,сексуалды зорлық зомбылық
байқасаңыз,үнсіз қалмаңыз,сақ болыңыз делінген екен.Аса қатты мән бермей
жолымның жалғасын тауып,кете бардым.
18.09.23 күні 11 автобуста бұрын жұрттан естіп шошынатын жағдаймен өзім
қақтығыстым.Күнделікті кешкі уақытта жұмыстан қайтарда мінетін қоғамдық көлікпен
25 аялдама жүремін.Әрдайым ине шаншыр жер болмай,адамдармен 1 см-де
арақашықтық сақтамай 40 минуттан аса жабысып келеміз.Жанымдағы құрбым екеуміз
мінген автобустың бұл жолы жарығы сөнген екен.Орын болмағасын көліктің ортасында
тұрдық.Біз тұрған жер алкагольден кейін ауыздан шығатын жағымсыз иіс сасып
тұрды.Біршама уақыттан соң жамбасымабіреудің қолы тигенін сездім.Сөмке немесе
байқаусызда болған шығар деп үндемедім.Бірақ үндемегенге,қолдың қозғалысы
жиілеп,біреудің ұстап,аймалап тұрғаны анық сезілді.Арқама тез бұрылып
қарасам,әкемнен үлкен кісі қолын жинап үлгермей,сасқалақтап қалды.Ұялмастан өзіме
“не болды?”деп безірейе сұрақ қойды. Жаңағы иіс осы кісіден шығып тұр екен.Мен
қатты шошынып,өзімнен жиіркеніп,өкпеме өксік тола жылағым келді.Бірақ өз
құқығымды қорғау мақсатында айқай шығарып,кешірім сұрауын,көліктен түсуін талап
еттім.Арсыздығы соншалық кешірім сұрамақ түгілі бетіме ұялмай тесіле қарап,
жәбірленуші рөліне өзі кіріп,мен оны аймалағандай сүмірейе қалды. “Аллахом клянусь
тимедім”-деп шамыма тигені тағы бар.
Автобус ішінде шамамен алпысқа жуық адам бар.Оның жетпіс пайызы ер азаматтар
жасы да,егдесі де бар.Сол сәтте ешкім бір ауыз тіл қатып,араша болмады.Бүкіл
автобус жым жырт…Әншейінде ары тұр,бері тұр,жассыңғой орын бер,қазіргі жастар
осы,қыз дегенің деп әңгіме айтатын қоғам үнсіз.Мен шыр-пыр болып, қызыл кеңірдек
болып айқай салғанымнан дым пайда болмады.Әлгі кісі түк істемегендей,емін еркін
тұра берді…
Бұндай жағдай бір менің басымда емес бұл қоғамның дертіне айналғаны дейім жұртқа
мәлім.Әлеуметтік желілердеде көп қыздар жапа шегіп халықтан көмек пен қолдау
күткенде, қыздың өзін жазғыратындарда аз емес. Қашанда жәбірленушінің зардап
шегуші болып қала беретінін қалың халық кейде мүлдем естен шығарып жатады.
Қоғам араша болмағанмен әлгі азаматқа өзім жауап қатып,қоғам емес өзіме өзім қорған
болуыма,аялдамадағы хабарлама себеп болғандай.
Ия расымен де бұл заманда ешкім-ешкімге қол созуға міндетті емес.Әрдайым сақ
болу,құқығыңды ешкімге таптатпай,адамдардан емес,қолқанаттылықты өзіңнен күткен
дұрыс екен.Жазғыру мен азғыруға дайын тұратын қоғамның саған қорған бола алмасы
анық
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.10.2023
370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі