Қоғамдағы педагог мәртебесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамдағы педагог мәртебесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдағы педагогтың мәртебесі жайлы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің таңдауым - педагог»

Ел есінде бір жыл қалғын келсе-ас бер,

он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз,

ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле.

 Халық даналығы.


Ұстаздық қызмет ету – ұлтқа қызмет ету. Кез-келген ұлтты танығың келсе, ұстазына қара. Ұстаз- ұлттың тұтқасы. Қай ғасыр, қай заманда да солай болған.

Адам баласына өмірде адастырмайтын жол көрсететін екі адам болса: бірі-ата-анаң, екіншісі- ұстаз.

«Ұлық» - әкім, төре, билеуші деген ұғымды білдірсе, бұның бірі де ұстаздық қызметтің құрамында жоқ. Себебі, ұстаз білім алушыға билік жүргізуші емес. Билік жүргізу мен оқыту, үйрету- екі бөлек ұғым. Сондықтан «ұлықтығы» туралы сөз тәман.

Ел еңсесін тіктейтін, халық арманын арқалайтын, болашаққа жарқын жол салатын, бүгініне сеніммен өмір сүретін әр жанды оқытып, оң-солын танытатын жанның еңбегі еш бағамен өлшенбейді. Еңбегіне шәкіртінен ақы сұрамайды. Ұлылығы да осында.

Ұстаздың қызметі білім берумен шектелмейді. Әр шәкірттің «адам» болып қалыптасуына, қала берді, ата-анасының үмітін ақтауына, орындалмас армандарына қанат бітіруге қызмет жасайды. Ата-ана бұл мүмкіндіктерді түгелдей жасай алмауы мүмкін. Ұстаз үшін қалыпты жағдай. Өзгенің баласы – өз баласы. Ұлылығына тағы бір дәлел.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді». Ұстаз есімі мен өнегелі ісі шәкірттерінің есінде, ата-ананың алғысында. Мұндай құрмет басқа қай мамандық иесіне бұйырған?

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатов «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»,- деген екен. Надандықтан құтқарып, тұманды сейілтетін де – ұстаз. Ұлт үшін бұдан биік қызмет болмас. Бұл қызметін мамандығымның міндеті деп қарайтын ұстаздар – қарапайымдылықтың үлгісі, ұлылықтың көрінісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында бүгінгі қоғамның бірқатар өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартудың тың жолдары айқындалып, заманауи жобаларды жүзеге асыру ісі жоспарланған. Олардың қатарында, еліміздің білім беру саласын күтіп тұрған оң өзгерістерге назар аудару маңызды саналады. Жолдауда еліміздің білім беру саласының барлық салаларына қатысты мәселелер қамтылған. Мектепке дейінгі дайындық, орта білім, кәсіби білім беретін оқу орындары және жоғары білім беру саласының қордаланған өзекті мәселелері алдағы уақытта өз шешімін табады деп сенеміз. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз. Қазақ халқы ежелден білім берген ұстазына деген құрметін аямаған. Жолдауда ұстаздардың абыройы мен беделін арттыру бағытында біршама өзгерістер болатындығы айтылды. Бұл бағытта ұлттық құндылықтарды жаңғырту, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесін зерделеу, ұтымды жолдарын басшылыққа алу ісі оң болмақ. Ұстаздардың материалдық жағдайымен қатар, ғылыми ізденісіне, педагогикалық шеберлігін шыңдауына назар аудару қажет. Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндері мен ағылшын тілін оқыту ісін күшейту бастамасы көтерілгенін ескерсек, ұстаздар үшін салмақты жауапкершілік артылып отыр. Ел егемендігі жылдарында түбегейлі өзгерістерге ұшыраған саланың бірі жоғары білім беру саласы екендігі белгілі. Дамыған батыс елдерінің тәжірибесі басшылыққа алынып, білім беру ісінде алға жылжушылықтар орын алды. Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістермен қатар, заманауи білім беру бағдарламалары, ақпараттық технологиялар да белсенді пайдаланылуда.

Бағасын көпшілік берген, еңбегін халық бағалаған, ұлт болашағын сеніп тапсырған жалғыз мамандық – ұстаздық. Мамандықтың қиындығын жауапкершілікпен арқалаған әр ұстаздың қызметі –ұлы қызмет.

Осы қатарда мен де бармын.

Ұлағаттың ұлы жолын таңдадым,

Ыбырайлар салған ізді жалғадым.

Ұлық емес, ұлы қызмет- ұстаздық,

Саған мәңгі ғұмырымды арнадым!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2024
294
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі