400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндер әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндер әдістемелік бірлестігінің жылдық есебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және өзін-өзі тану пәндері әдістемелік бірлестігінің өткен оқу жылына арналған қорытынды есебі


Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және өзін-өзі тану пәндерінің бірлестігінің 12 мұғалім бар. Оның ішінде жоғары санатты -1, бірінші санатты -5, екінші санатты – 4. Кембридж технологияся бойынша деңгейлік курстардан 3 мұғалім өткен. Оқу жылының басында бірлестік отырысында қаралып, мектеп директорының бекітілуімен бір жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалды.

Қыркүйек айында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында 5 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тіл апталығы болып өтті. Жоспарға сәйкес барлық сыныптарда тәрбие сағаттары, сонымен бірге көркемсөз оқу байқауы, жас ақындар мүшәйрасы, эссе байқауы, «Тілдарын-2018» байқауы өткізілді. Апталық соңы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты әдеби-сазды кешпен қорытындыланып, іс-шараларға белсене қатысқан, жүлдегер атанған оқушылар марапатталды. ІІ жартыжылдық бойынша (аты-жөні) ашық сабақтар өтті.

2018 жылдың 12 желтоқсаны күні болып өткен аймақтық желілік қауымдастықта өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі. . .күл ашық сабақ және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ..... коучинг үдерістерін көрсетті.

2019 жылдың 23 ақпаны күні «Өзін – өзі тану пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтілді. Семинар-практикумда көрсеткен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері ,,,,,,, ашық сабағы, ..... «Ұлттық құндылық – елжандылықтың кепілі» атты сыныптан тыс жұмысы жоғары деңгейде бағаланды.

2019 жылдың 12 сәуірде өткен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында белсенді әдістерді пайдалаун арқылы оқушылардың негізгі құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы аймақтық семинарда ...... «Т.Ахтанов «Күй аңызы» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген аудандық пәндік олимпиадада бірлестік бойынша 3 оқушы жеңімпаз атанды. Қазақ тілі мен әдебиетінен 11 -сынып оқушысы ..... 3-орындарды иеленді. Жетекшілері: .....

Алматы қаласында өткен «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының бастамасымен өткен «Туған жерге туың тік» атты Республикалық жас ақындар мен көркемсөз оқу шеберлері байқауында «Жас ақын» аталымы бойынша 9-сынып оқушысы .....1-орын, ..... ІІ орын, «Көркемсөз оқу шебері» аталымы бойынша 10 –сынып оқушысы Мәди Бижан 1-орын, 8-сынып оқушысы ..... 2-орынмен марапатталды. 2018 жылы 8-сынып оқушысы ..... «www.ped.kz Қазақстан ұстаздары» редакциясы мен «Talen Academy» ұжымының қолдауымен өткен Республикалық «Егер мен президент болсам» атты эссе байқауында ІІ орынмен, «Шабыт» білім беру – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы-ел тірегі» атты интернет байқауының «Президент–біздің көшбасшы» эссе номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы ..... 2-орынмен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында тәуелсіздік күніне байланысты патриоттық тақырыпта ұйымдастырылған республикалық эссе байқауында 11-сынып оқушысы ..... І дәрежелі Дипломмен марапатталды.

10-сынып оқушысы ..... Ж. Әбдірашевтің 70 жылдығына орай өткізілген «Дала, сенің ұлыңмын» атты облыстық байқауда 2-орынмен, облыстық Фариза оқулары байқауында 9-сынып оқушысы ...... 3-орынмен, облыстық Әбіш оқулары байқауында «Сахналық қойылым» бағыты бойынша 9-10 сынып командаларынан құрылған оқушыларымыз 2-орынмен, Ә.Тәжібаев оқулары байқауында «Сахналық қойылым» бағыты бойынша 9-10 сынып командаларынан құрылған оқушыларымыз

3-орынмен, облыстық Қадыр оқулары байқауында 8- сынып оқушысы ...... 3-орынмен, жалпы білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары арасындағы А.Фейзулдаев атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық олимпиадада ..... 2-орынмен, Төлеген Ақжан 3-орынмен марапатталды.

www.nio.kz және www.кio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған қашықтық олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 34 оқушы марапатталды.

..... республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті» ғылыми-әдістемелік журналына «А.Байтұрсынов «Адамдықтың диқаншысы» тақырыбында үлгі сабағы, республикалық ғылыми конференцияға қатысқан мақаласы жинаққа енсе, республикалық басылымнан «Ежелгі дәуір әдебиеті» авторлық бағдарламасы кітап болып жарыққа шықты.





Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және

өзін-өзі тану пәндерінің әдістемелік

бірлестігінің жетекшісі

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі