400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамдық жерлерде шылым шегу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) білімділік: білім алушылар ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету. а) дамытушылық: білім алушылар зердесін көтеріп, ақыл-ойын дамыту. б) тәрбиелілік: шығармашылық пен жұмыс істеуге шапшаңдыққа сүйіспеншілікке әдеби тілде сөйлеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі





«Медицина кәсібіне деген сүйіспеншілік – адамзатқа деген сүйіспеншілік» атты апталық аясында өтетін

«Қоғамдық жерлерде шылым шегу»

атты тақырыпта пікір-талас



Ұйымдастырушы: Мендекина А.Е.



ӘБК мәжілісінде қаралды

Хаттама №________________

«____»____________ 20__ ж.

ӘБК төрайымы _________________







Семей қ.,2018 ж.


Мақсаты:

а) білімділік: білім алушылар ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.
а) дамытушылық: білім алушылар зердесін көтеріп, ақыл-ойын дамыту.
б) тәрбиелілік: шығармашылық пен жұмыс істеуге шапшаңдыққа сүйіспеншілікке әдеби тілде сөйлеуге баулу.

Дебат деген ұғымға түсініктеме:

Қатысушылардың сипаттамалары, ұйымдастырушылық саясат және пікірталас ойыны

Көрнекілігі: Мультимедия, сурет

  Жүргізуші сөзі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқытушылар, білім алушылар!

Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.

Осыған орай, бүгінгі пікір-таласымыз «Қоғамдық жерлерде шылым шегу» тақырыбында болмақ. Біз бүгінгі кешімізді 3 курс «Емдеу ісі» студенттері арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық, пікірталасқа қатысатын екі топтен танысайық.

  1. 3 леч А студентерінен құралған «Деңсаулық сақшылары» тобы.

Топ мүшерелі: Әділқақова Еркежан, Баянбаева Аяла, Оспанбекова Гүлнұр

  1. 3 леч В студентерінен құралған «Импульс» тобы.

Топ мүшерелі: Аширбекова Қымбат, Сарманов Адиль, Уалиев Асылан

Ендігі кезекте топтарымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Әділ-қазылар алқасының мүшелері: Майжанова Ғалия Тоқтарқызы,

Жакашева Гулмира Серікқызы, Айтпаева Гульбану Шаймардановна.

Бүгінгі сайыстың ережелерімен танысып өтейік:

  1. Пікірталасқа екі топ (пайдасы мен зиянын айтатын) қатысады.

  2. Негізгі бөлімде топ мүшелері өз ойларын баяндайды.

  3. Өз ойларын баяндаған кезде бір-бірімен мәдени сөйлесуге керек

  4. Әрбір топ мүшесі бір рет қана сөйлеуге құқығы бар

  5. Әр топ мүшелеріне 5 минут беріледі

  6. Жеңімпаздар анықталады.



Ереже топтарға түсынықты болса сайысымызды бастайык. Сайысты бастамас бұрын экранға көңіл аударайық (видеоролик).

Жақтаушылар тобы. 1-спикер – Әділқақова Еркежан

Сәлеметсіздерме құрметті төрешілер,уақыт төрешісі,көрермендер және қарсылас команда.Менің аты жөнім Әділқақова Еркежан.Мен оппонент тобының яғни жақтаушы тобының 1-ші спикерімін.Сіздерге ойында сәттілік,ал бізге тек қана жеңіс тілеймін.

Бүгінгі алып отырған тақырыбымыз ол яғни қоғамдық жерлерде шылым шегу деген сұрақ.Әрине біздің жауабымыз дұрыс.Ең алдымен мен өзіміздің жасаған резалюциямызды ұсына кетсем.

Темекі шегу - уытқорлықтың бір түріне жатады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен айқындалады және жеңілірек түрде болса да, уытқорлықтың жалпы заңдылықтарымен сипатталады. Темекі тартатын адамдардың денесіне оның түтіні уытты әсер етеді. Ол организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жүйке жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді.

Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға еліктеуден және өзінің ер жеткенін көрсету үшін мақтаныш ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін шылым тарта бастайды. Артынан никотиннің әсеріне организмнің бейімделуі болып, темекі шегу әдетке айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май түзілуіне қажетті ферменттерді тежеп, саміруден сақтандырады, көңіл – күй қобалжуларын басады. Бірақ оның зиянды жақтары бұл көрсетілгендерден әлдеқайда басым болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа өмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқа болатыны белгілі.

Темекінің түтінінде

  • көміртегі тотығы,

  • никотин,

  • 3,4 - бенз(а) пирен,

  • азот тотықтары,

  • никель,

  • хром,

  • кадмий т.с.с көптеген зиянды заттар болады.

Даттаушылар тобы. 1-спикер - Уалиев Асылан

Темекінің құрамындағы никотин деп жүргеніміз РР витамины (никотиновая кислота). Ол адам организмінде ас қорыту және нерв талшықтарының қызметіне қажет.

Темекінің тек үш мамандарға пайдасы бар мен білетін. Ол бірінші өндірушіге,екінші тасымалдаушыға,үшіншісі сатушы саудагерге пайдасы бар ақшалай.

Болғанда қандай! Мысалы, қыстыгүні көрпе-төсек арасына, киім-кешек қалталарына салып қойса күйе түспейді. Ұсақ-түйек маса, үндемес секілді түнде маза бермейтін жәндіктердің ата жауы.

Жақтаушылар тобы. 2-спикер – Оспанбекова Гүлнұр

Темекі түтіні шырышты қабықтарды тітіркендіріп, иіс дәм сезімдерін азайтады, сілекей бөлінуін көбейтеді, қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның қатты қабаты бүліністеріне әкеледі. Темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса да, доғару синдромының белгілері байқалады. Олар нашақорлар мен уытқорлардағыдай ауыр рухани және физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы түрде никотинге сигареттен кейін 90 – 120 минөт өткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең үлкен дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бұл кезде адамның қатты темекі тартқысы келеді, көңіл – күйінің жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бұзылуы, ұйқы басу немесе ұйықтай алмауы , ашушаңдық, тәбеттің артуы және дене массасы ұлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады. 

Ескерту. 441-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң олданысқа енгізіледі). 

Даттаушылар тобы. 2-спикер - Сарманов Адиль

Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез. Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.

Жақтаушылар тобы. 3-спикер – Баянбаева Аяла

Қазақстан Республикасының заңнамасында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну – жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  
3. Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнайы белгiленбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынатын ол шаралар қолданбауы – лауазымды адамдарға – он, заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Даттаушылар тобы. 3-спикер - Аширбекова Қымбат

Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09-3,7 пайыз никотин, 17,1-18,9 пайыз күл (органикалық заттар), 4,9-17,6 пайыз көмірсулар,2,2-3,7 пайыз азот, 0,1-1,3 пайыз эфир майлары және органикалық қышқылдар, шайырлар бар. Құрғатылған жапырағынан мүштікке салатын папирос, сигарет, сигарлар дайындалады.

Сонымен топтардың қорытынды ұпай сандары дайын болса, сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

Қатысушыларды марапаттау салтанатты турде арнайы пәндер апталығының жабылуы куні, яғни сенбі куні өз жалғасын табады. Келіп, көріп, қатысқандарыңызға улкен алғыс білдіреміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі