400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қоғамдық мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қолдау көрсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қолдау көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қолдау көрсету

Кез келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге көбеюде. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, әлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім және психологтың тарапынан шексіз, мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тәжірибе қажет. Қазіргі озық технология заманында мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі әлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай әзірлеп шығаруға болады деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық жұмысттар мен инновациялық технология әдіс тәсілдерін іздеуге итермелейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Сол себепті №92 «Ақсу» жалпы орта мектебінде де мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнап «Шын жүректен» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акцияда мектепте оқитын және оқуға жарамсыз оқушыларға демеушілер тарапынан қолдау көрсетіліп, си сияпаттар берілді. Акция шеңберінде жалпы мектеп мөлтекауданы бойынша 8 мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап концерттік программа ұйымдастырылып, іс шараға ауыл ақсақалддары, депутаттар, жеке кәсіпкерлер, мектептің барлық оқушылары және мектеп мұғалімдері белсенді қатысты. Іс –шараға қатысқан және қолдау көрсеткен ағаларымызға мектеп ұжымы атынан өз ризашылығымызды білдіреміз.



92 «Ақсу» жалпы орта мектеп

әлеуметтік педагогі Дилдора Хайтметова































Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі