400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

қоғамға қызмет ету

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар қоғамға қалай қызмет етуге болатын біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабақ жоспары


Тексерілді: ДОІЖО_________

Мектеп: №148 мектеп-гимназия

Тақырып: Қызмет етем халқыма

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: отан сүйгіштік, ұлтжандылық

Мұғалiм: Ажахаева Н.Е.

Сынып: 10 «Б»


Сабақтың мақсаты: ана тілінің, туған халқының, кіндік кескен жерінің жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Ана тілін, өз ұлтын, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • ана тілінің туған анасындай қасиетті де қастерлі екенін ұғындыру;

  • ана тілі мен туған ұлтын қастерлеу арқылы өз халқының мәртебесін ұлықтау дағдыларын дамыту;

  • ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Орманға ойша серуен

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз


Ресурстар: кітаптар, слайд

  1. Үй тапсырмасын тексеру

К.Мырзабековтың «Отаныңа қызмет ет!»өлеңін мәнерлеп оқу.

  • Отанға қызмет ету кімге және не үшін қажет?

  • Құр қатарды көбейтіп жүру дегенді қалай түсінесіз?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Ә.Нұршайықовтың әңгімесінің мазмұнын талдау.

  • Адамдық тілек, әкелік мейір, жауынгерлік ар-намыс деген ұғымдарды түсіндіріңіз.

  • Жеңіске тек майдан алаңында ғана қол жеткізуге бола ма?

  • Сіз үшін қазіргі уақытта жеңіс деген не?

  • Адамды жеңіске жеткізетін қандай қасиеттер деп ойлайсыз?


  1. Дәйек сөз.

Адамдық борыш, ат үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Қазақстан кең -байтақ жерім менің» тақырыбына эссе жазу.


  1. Топпен ән айту.

Ш.Әлдибекұлының «Жаныма менің үңілсең...» өлеңін кезекпен дауыстап оқу.


  1. Үй тапсырмасы.

Н.Назарбаевтың әңгімесінен үзінді оқып келу.


  1. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
1100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі