Материалдар / Қоғамға қызмет ету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қоғамға қызмет ету

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға көптеген пайдасы зор. Өйткені достыққа, адамгершілікке, мейірімділікке үйретеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2019
8242
27 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп: А.С.Макаренко атындағы №6

Мерзімі:

Пәні: «Өзін-өзі тану»

Мұғалімі: Қалықбекова С.Е.

Сыныбы: 7 «А», «Ә»

Оқушылар саны: 

Сабақ: №15-16

Тақырыбы: «Қоғамға қызмет ету»

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, татулық, бірлік,адалдық


Сабақтың мақсаты: қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 

Міндеттері:

• Отан,қоғам ұғымын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;
• жауапкершілік,адалдық қасиеттерін дамыту;  

• Отанды,қоғамды құрметтей отырып,татулық,бірлікке тәрбиелеу тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару. 5 «Т» ережесі

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық 

Тыныштық сәтi.

"Ойша суасты патшалығына саяхат жасау."

(Оқушыларды түзу отырып, қолдарын тізесіне қойсын, аяқты айқастыруға болмайды. Жайлы, баяу музыканы қою).

Мұғалім: Көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыздар. Денені бос ұстаңдар.

Біз теңіз жағалауында жүрміз деп ойлаңыз. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыз ба? Жалаң аяқ астында жұп- жұмсақ құмды сезесіз бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен? ... ол дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлап оның арқасына отырып алыңыз да саяхатқа шығыңыз. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір суастында сіз өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балықтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңызда үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші... Кәдімгі көк экрандағыдай көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұрыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады).

Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындалыңыздар. Жан- жағыңызға мұқият қарап алыңыз. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың сізге қалай әсер ететіндігін есте сақтаңыз. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сіз жағалауға келдіңіз. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңызды білдіріңіз.

Бөлмеге келіп, өз орныңызға да жеттіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашасыз, бірақ осы тыныштық сезіміңізді сақтап қалуға тырысыңыз.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) видеоролик,

өлеңнің аудио дискісі


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына 15 сабақ Ы.Жақаев «Кезек сенікі,келер ұрпақ... » әңгімесі.

- Ыбырай Жақаевтың бізге деген өсиет әңгімесінен не ұқтыңдар?

- Өздеріңнен «Әлемдегі ең асыл не»? деп сұраса,қалай жауап берер едіңдер?

- Қарт диқан қоғамға қалай қызмет етті?

- Мәтіндегі «Бір үйлі жанбыз,бір-бірімізге мейманбыз» деген ойды қалай түсіндіңдер? ?

- Ал бізге қалай қызмет етуді аманаттайды

- Ыбырай Жақаев айтқан алты қасиет адам бойында болу үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар ?

Сабақ барысын талдау:


3.Дәйексөз.

«Ел мен үшін не істей алады деп сұрама , ел үшін өзім не істей алам деп сұра»

Дж.Кеннеди

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет, бәрі бірге қайталайды


4.Мұғалім сыйы:

Мемлекеттік қызмет - елге қызмет!

атты видеоролик көрсетіледі,оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.


6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды таратылған әр түрлі кәмпит түрлері бойынша топтастыру.

Оқулықтағы 3,4- тапсырма. Мәтінді оқып,осындай жағдайларда қандай азаматтық көрсетер едіңдер?Ойларыңмен бөлісіңдер.


7. Топпен ән айту

Атамекен

Әні: Роза Әлқожа 
Сөзі:Төлеген Айбергенов

1. Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп,
Туған жер, мен сен салған құс түлетіп,
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа


Тұрғаны өз топырағыңның ыстық өтіп.

о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет

мен сендік азаматтық сертімменен 
дауысыңа дауыс қосам шертілмеген .
мен сенің серпілмеген күніңе де 
қараймын кереметтеи серпінменен .

о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет

бәрін де мендегінің анамша ұғып ,
тұрсың ба болашағыма алаңшы үміт .
мен сенің жалғыз тамшы тасқыныңмын 
кететін сенен шығып , саған сіңіп .

о, менің атамекен ақ тұрағым ,
қалайша махаббатымды ұқтырамын !
мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте 
көлеңкем түспесе деп тік тұрамын . 2 рет




7. Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс 1- тапсырма

16сабақ 62-бет. Бауыржан Момыщұлы «Жас ұрпаққа айтар сөз» мәтінін оқып келу.



8. Сабақтың қорытынды минуты

Баяу әуен қою
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.Бүгінгі сабақтан алған барлық айтылған жақсы ойларды, әсерлеріңді жүрегімізге орналастырайық!Жаймендеп көзімізді ашуға болады!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!