Материалдар / Қоғамға қызмет ету

Қоғамға қызмет ету

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамға қызмет ету.Тәрбие сағаты еріктілер туралы ақпаратпен ҚМЖ салынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2024
188
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тәрбие сағаты

Қоғамға қызмет ету

Күні


Сынып жетекші:

ДАНА

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Туған халқының, кіндік кескен жерінің жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу. Ана тілін, өз ұлтын, Отанын сүюге тәрбиелеу, өз халқының мәртебесін ұлықтау дағдыларын қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Еріктілік – халқымыздың этнографиялық тарихындағы «Асар» дәстүрінің заманауи көрінісі. Өз уақытын, дағдылары мен ресурстарын өз қалауымен өзгеге арнау – әлемді жақсы жаққа өзгертудің, мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі .

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)








Сабақ басы (13 мин)


Ұйымдастыру сәті.

Мұғалім оқушылармен амандасады.Сыныпты түгелдейді.

«Жақсы сөз-жарым ырыс»тренинг.


Еріктілер көне дәстүрімізде «асаршылар», Кеңес одағы кезінде «тимуршылар» деген атпен белгілі болса, бүгінде бұл игі іспен әлем бойынша миллиондаған адам айналысады. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда еріктілер қызметі 1991 жылдан бастау алады. Ал Еуропа елдерінде бұрынырақ, яғни ХІХ ғасырдың 20 жылдарынан пайда бола бастаған. 


1-тапсырма.


Оқушыларға сұрақ.

«Ерікті адам» дегеніміз кім?



Мұғалім: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:
«2016 жылы еріктілердің мәртебесін, құқығы мен міндеттерін және мемлекеттік қолдау шараларын бекітетін «Волонтерлік қызмет туралы» заң қабылдадық. 2017 жылы «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі жастарды жаппай волонтерлік қозғалысқа тарту ісін бастап берді. Биыл Қазақстандағы волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңіне қадам басамыз.»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2020 жыл –  «Жастар жылының» жалғасы ретінде «Еріктілер жылы» болатынын, жастарымызды белсенді волонтерлік жұмысқа тарту қажеттігін атап өтті. Жыл ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда  жалпыұлттық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы «волонтер жылы» адами капиталды дамытуға бағытталады.


2-тапсырма.

Ведио ролик көру.

https://youtu.be/qai6ze9ZnOA


 Уинстон Черчилль еріктілік жайлы «Еріктілік дегеніміз не? Еріктілік дегеніміз – қаржылық өтемақыны қажет етпестен, өз уақыты мен қабілеттерін басқаларға беру. Қарапайым сөзбен айтқанда, еріктілік – сіздің қоғамға қызметіңіз» дейді.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


ОShape1 қушылар бір-біріне жақсы сөздер мен тілектер айтады.

Shape3 Shape2

Shape4

Ерікті адам




Shape5


Shape6


Оқушылар сұраққа жауап беріп,пікір алмасады.Волонтер - ең алғаш «военный» деген сөзден бастау алған. Қазіргі баламасы «ерікті» деп аталып жүр. Ерікті дегеніміз - арнайы бір мақсатта құрылған ұйымдарға өз еркімен мүше болатын адамдар. Еріктілер ең алғаш Италия, Франция және Англиядағы әскери ұйымдар сапында болған.Қазақта «асар» деген сөз бар. Асар деп - еш ақы, төлемсіз топ адамның өзге адамға қол ұшын созуы. «Еріктілер» атқаратын қызмет пен асаршылар атқаратын қызмет тең екендігін байқауға болады.

Еріктілерді 4 топқа бөледі.

С-  бұл санаттағы еріктілер өз пайдасы үшін қызмет атқаратындар. Мысалы: жұмыста ақша үшін, ұйымда өз жағдайы (студенттер жатақхана алу мақсатында) үшін.

С(+)- өз жұмыстарын тамаша орындайтындар, бір кемшілігі, өзіне берілген жұмыстан басқасына араласпай, шеттеліп қалатындар.

В- олар энергияға толы еріктілер. Олар жұмыстың қалай жасалуын білмейді, бірақ бәрін жасауға дайын.

А- басшының нұсқауынсыз бар жауапты жұмысты жасап қоятын ең белсенді еріктілер.


Компьютер






























Ортасы (20 мин)











3-тапсырма

Мұғалім:

Әлемдік өндірістердің ішкі өнімінің 2,5 пайызын ерктілердің еңбегі құрайды. Қазақстандағы волонтерлік бағыттар: «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор». Елімізде еріктілер саны – 50 мыңның айналасында.

    Еріктілік – ерекше ортақ құндылықтары бар адамдарды біріктіреді. Сіз адамдармен кездесіп, ортақ мүдделер, құндылықтар мен көзқарастармен бөлісетін жаңа орта табасыз. Болашақ ортақ мақсаттарға жету үшін бірге жұмыс жасайтын қауымдастық құру сіздің сеніміңіз бен мақсатыңызды нығайта түседі. Өмірдің басқа жолдары туралы білім мен түсінік пайда болады. Ең қызығы, еріктілік сізді бұрын-соңды болмаған қоғамның жаңа бөлігіне апаруы мүмкін. Сіз өзіңіздің қоғамның маңызды бөлігі екеніңізді түсінесіз. Алдыңыздан жарқын болашаққа апаратын түрлі-түсті есіктер ашылады. Тіпті, депрессия, стресс, психикалық проблемалардың барлық түрлерімен күресуге де көмектеседі.

«Мен ерікті болсам» тақырыбында эссе жазуды оқушыларға тапсырамын.




«Мен ерікті болсам» тақырыбында эссе жазады.

1.Жақсы адам болу өнері — нені ойламау қажет екенін білу. 



2.Жақсы адам туғанда «жақсы» боп туған емес, жаман адам да туғанда «жаман» боп туған жоқ. Ендеше жақсы адам мен жаман адам қайдан шығады? Тәрбиеден...











 Слайд

Дәптер

Қалам










Соңы.

5-минут

Кері байланыс.

Оқушылар стикерге пікірін жазып,тақтаға жапсырады.

Мұғалім:

Еріктіден көшбасшыға айналғысы келетіндерге айтарымды, хакім Абай әлдеқашан айтып кеткен. «Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап». Кітап пен фильм көру де танымыңызды кеңейтеді. Лидер болуыңыз үшін білімнің де бәсекеге түсетінін ұмытпау керек. Оқыдым, көрдім деп біраз уақыт өткесін санадан шығарып жіберу- лидерлік жолындағы ең қауіпті тірлік. Сіз кез келген дүниеден, адамнан болсын, кітап, кино, музыкадан өзіңізге пайдалы мағлұмат ала білуіңіз қажет. Бұл дегенің уақыттың да босқа кетпеуі керектігін дәлелдеп тұр.




ЖАС




Оқушылар сұраққа жауап беріп,сабақты қортындылайды.

Слайд.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ