жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қоғамға қызмет ету" 7 сынып
Күні: 19.12.2017
Мектеп: №54 ЖОМ
Сабақтың тақырыбы: Қоғамға қызмет ету (15 сабақ)
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік
Мұғалім:Барлыбаева Г.К.
Сынып: 7-А,Ә,Д,Е,Ж
|
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділігі: Азаматтық тұлға,азаматтық парыз ұғымдары туралы түсінік беру ; Дамытушылығы: –Азаматтық парыз мен көзқарастарын қалыптастыру; Тәрбиелілігі: –оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз. Психологиялық дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай аламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан - жағым. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» |
Барлығы: Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.) Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.) Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.) Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.) Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.) Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.) Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.) |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. Дәптермен жұмыс. 56б. Б.Момышұлы жаттау.Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды кезек-кезек оқиды. Оқушыларды тыңдап, өз сөзіммен қорытындылаймын. 4.Әңгімелеу(сұхбат):
|
|
|
Дәйексөз «Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра». Джон Кеннеди Аңыз оқиды. Ертеде ел ішіне тараған бір аңызда Бетбақдалада дәу қара тас тұрған маңда бір түп ақ бидай тастақты жерге өніпті, бірақ жерден алары нәрі болмаған ол бірте-бірте жүдеп – жадап сола бастапты. Мұны байқаған жеті қанаты бар жігіт жел барлық қанаттарымен бір тұт бидайға көмек көрсетіпті. Бірте-бірте бидайдың бойына нәр кіріп, өне бастайды. Сонда оған тіл бітіп: “Мен жарық дүниеде тұңғыш келген бидай едім. Түскен жерім тас екен, сендер ғана маған мәңгілік өмір сыйладыңдар. Бұл жақсылықтарыңды қалай қайтарсам екен?” деп сұрайды. Сол кезде күнге тіл бітіп: “Сен мың тіршілікте барлық тірілердің тамағы ас анасы бол!” депті. Су оны асырауға, жер оны сақтауға, күн оны өзінің шуағымен аялауға, ал жел оны көбейтуге уәделерін беріпті. Міне солардың қамқорлығының арқасында сол бір түп бидайдан өсіп-өнген қаншама ықылым замандардан бері адам атаулыға адал қызмет етіп келеді. |
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. 35-шы АҚШ Президент |
|
Әңгімелеу «Кезек сенікі, келер ұрпақ...» Ыбырай Жақаев 1.Балалар, күріш, бидай, жүгері, күнбағыс нелерге жатады? Дәнді дақылдар 2.Дәнді дақылдарға не қажет? Ауа, су, жарық, жылу, топырақ, минералды тұздар. 3. Балалар, күріш қай облыста егіледі? 4.Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік). Физикалық картадан көрсету. 5. Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық:Ыбырай Жақаевтың бізге деген өсиет әңгімесінен не ұқтыңдар? ● Өздеріңнен «Әлемдегі ең асыл не?» деп сұраса қалай жауап берер едіңдер? Ыбырай Жахаев нан жайлы ойын былай білдіреді: “Егер менен әлемдегі ең асыл не? дей қалса, бөгелместен “НАН” деп жауап берер едім. Себебі нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды. Оның өмірін күндей жарқыратады.” ● Қарт диқан қоғамға қалай қызмет етті? Ал бізге қалай қызмет етуді аманаттайды? ● Мәтіндегі «Бір үйлі жанбыз, бір-бірімізге мейманбыз» деген ойды қалай түсіндіңдер? ● Ыбырай Жақаев айтқан алты қасиет адам бойында болу үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар? Қосымша мәлімет: Күріштің адам ағзасына пайдасы қандай? Күріш адам ағзасын жақсы тазалайтын күшті қасиетке ие. Оның түрлі сұрыптарынан тағам дайындалады. Негізгі азықтық дақылдардың бірі саналатын күріш дәнінен – спирт, крахмал алынады, сыра қайнатылады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға да болады. Мамандардың айтуынша, күріш-калориясы төмен азық. Азиялықтардың мүсінінің әсем, өздерінің ұзақ өмір сүретінінің сырын зерттеушілер, ол күрішті көп тұтынатындықтан, деп түсіндіреді. Күріштің құрамында көмірсулар 80, жасұнық 3 пайызды құрайды. Сол себепті, көкөністерден дайындалған тағамға күрішті де гарнир ретінде ұсынады. Күріш суының денсаулыққа пайдасы. Күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, дәл қазір салауатты өмірге жаңа қадам басасыз. Мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері – күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді, оба ауруын алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар: саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Арнайы тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Күріш суының арқасында дисбактериоз, дерматит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған. Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стақан суға бір ас қасық күріш жеткілікті болады. Қайнатпа түсінің бұлдырлануына мүмкіндік беріңіз. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды. -Күріштен қандай тағамдар жасалады? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. Екпе күріш-биіктігі 50–150 сантиметрге дейін жететін біржылдық даражарнақты өсімдік. Гүлшоғыры – ұзындығы 10–40 см көп масақты сыпыртқыгүл. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж (3). |
|
Шығармашылық жұмыс: 1-тапсырма: Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әр сөздің өзiне сәйкес келетiн анықтамасын табыңдар. 2-тапсырма: Берілген мәтінді оқып, Отанды сүю, оған қызмет етуге қатысты адами қасиеттерді іріктеп алып, өз қорытындыларыңды шығарыңдар. |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
Үй тапсырмасы: «Ы.Жақаев, Б.Момышұлы туралы реферат дайындау. Мақсұт Нұрылдаев Ыбырай атаның ізін жалғастырушы туралы мәлімет жинау. |
Күнделіктеріне жазады. |
|
Жүректен жүрекке «Туған ел» |
Әнді ерекше көңілмен айтады |
Тексерген: 19.12.2017
Күні: 26.12.2017
Мектеп: №54 ЖОМ
Сабақтың тақырыбы: Қоғамға қызмет ету (16 сабақ)
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық, жауапкершілік
Мұғалім:Барлыбаева Г.К.
Сынып: 7-А,Ә,Д,Е,Ж
Тексерген: 26.12.2017
Қолданылған әдебиеттер:
-
Өзін-өзі тану оқулығы.Алматы 2017
-
Ы.Жақаев туралы мәліметтер
https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/28951/
"Көшеде"сахналау
Сыныпқа бірнеше оқушы кіреді. Олар ары-бері жүріп жатқан адамдарды бейнелеп, сынып ішінде қыдырып жүреді. Есіктен Арман кіреді. Ол жолдасымен қуана кездеседі.
Арман: Миша, амансың ба?
Қанат: Сәлемет пе?
Арман: Бүгін үйірмеде сабақ бола ма екен, білмейсің бе? Маған Нұрлан болады деп еді, Талғат болмайды дейді.
"Ары-бері жүріп жатқан адамдар әңгімелесіп тұрған балалардың жанынан айналып, «тротуардан» шығып, бормен сызылып бөлектеліп қойған «үлкен жолмен» өтуге мәжбүр болады. Екі дос оларға бөгет жасап тұр.
Қанат: Қане, Арман, жолдан былай тұрайық. Біз жолды бөгеп тұрмыз. «Тротуардан» шығып, әңгімелерін жалғастыра береді. «Ары-бері жүріп жатқан адамдар» енді «тротуармен» еркін жүреді. Класқа өзара дос, төрт қыз кіреді. Олар қатар түзеп, көңілді әңгімелесіп, қатты күліп келеді. «Тротуар» тағы да бос емес, «ары-бері жүріп жатқан адамдардың» тағыда қыздарды айналып өтуіне тура келеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен әлгі көріністі талдайды. Мұғалім былай деп қорытынды жасайды:
Мына ереже естеріңде болсын: «жолдастарыңмен бірге келе жатыр екенсің, тротуарды түгел алмаңдар; жолдасыңмен кездесіп, әңгімелесу үшін тоқтаған екенсің, жолдан шығып тұр. Бір-біріңмен сөйлескенде, сыпайы бол, Арман, Қанат, Талғат деп атын атаңдар.
Оқушыларға көшедегі тәртіптің басқа да ережелерін нақты көрсету үшін және бір инсценировка әзірлеуге болады.
«Айтыңызшы, қалай жүру керек» сахналау
Класқа бір топ бала келіп енеді. Олар «көшеде» доп ойнап, жіптен секіре бастайды. Зульфия кіреді.
М ұ ғ а л і м: Зульфия өзіне керекті адресті табу үшін қалай қарай жүру керек екенін білмейді. Ол бір оқушыдан, онан соң келесісінен сұрайды.
Зульфия (доп ойнап жсүрген балага қарап). «Рақым етіңіз, Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңызшы».
Орынкүль (бұрылып қарамастан). «Білмеймін», Уалихан қолын белгісіз бір жаққа қарай сілтей салды. Зульфия аз-кем тұрған соң жіптен секіріп жүрген балаларға келеді.
- Рақым етіңіздер, Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңыздаршы?
Балалар бірлесіп: Солға! Көпірден өткен соң оңға бұрыл! Жоқ, олай емес! Көпірмен өтудің керегі жоқ! Трамвай аялдамасының жанында! Зульфия ренжіп, ештеңеге түсінбей кете береді. Балалардың бәрі де өз ойындарымен айналысады, біраздан соң кластан шығып кетеді.
Осыдан кейін инценировканы талдау басталады.
Мұғалім былай дейді:
Біздің әрқайсымыз сыпайы қойылған сұрағымызға басқалардың қалай болса солай, немқұрайдылықпен, түсініксіз жауапберуі реніш тудыратынын өз тәжірибемізден білеміз.
Телефон
Қыз бала «телефон-автоматпен» сөйлесіп тұр. Жақын жерде үлкен сағат ілулі тұр. Оның тілдері қанша уақыт өткенін көрсетіп тұр. Телефонға кезек күткен адамдар ұзыннан-ұзақ тұра бастайды. Ал қыз бала болса сөйлесе береді, сөйлесе береді. Кезектегі адамдар ренішпенен тарай бастайды.
М ұ ғ а л і м. Балалар сендерге жекелеген оқушылардың өздерін көшеде өзін-өзі қалай ұстау керек екенін қайсыларыңның жақсы білетініңді қазір байқап көрелік. Бұл үшін шағын ойын кіземіз.
Көшедегі тәртіптің белгілі бір ережесін айтқан балаға қызыл дөңгелекше береміз. Осындай дөңгелекшілерді көп алған бала жеңіп шыққан болып табылады, өйткені ол көше тәртібін басқалардан гөрі жақсы біледі. Бір ережені қайталап айта беруге болмайды, әрине.
Оқушылар кезекпе-кезек қолдарын көтеріп, өздеріне таныс ережелерді айта бастайды. Мұғалімге көмекші балалар оқушы айтқан ереже жазылған плакатты іліп отырады (ол плакаттарды шефтердің көмегімен оқушылардың өздері алдынала жасайды).
Сабақтың соңында балалар өздері аулада ойнайтын ойындарды көрсетіп, ережелерін айтып береді. Бұл ойындарды балалардың шағын топтары көрсетеді.
Сызық арқылы қосыңдар

Сызық арқылы қосыңдар

Сызық арқылы қосыңдар

Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : №54 жом
Мерзімі : 28.11.2017
Сабақ саны:12
Сабақтың тақырыбы: Адам жауапкершілігі
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Сүйіспеншілік
Сынып: 7
Оқушылар саны:
Мұғалім: Барлыбаева Г.К
|
Сабақтың мақсаты: –Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: Білімділігі: Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ; Дамытушылығы: –Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; Тәрбиелілігі: –оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) ӨӨТ.Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. Алматы«Бөбек»ҰҒПББСО.2017 |
|
Сабақ
барысы:
Атқарамыз әр
істі,
Психологиялық дайындық.
Барлығы:
-Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсаулық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңды шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар. Рахмет! Сұрақтар: Қандай күйде болдыңдар? Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар? Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма? Қорытынды: Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Біз өткен сабаққа шолу жасасақ. 1. «Атамекен» әнін жаттап келу тапсырылады. «Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазындар
Жаңа тақырып «Құпия хаттарға» жауап беру Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады. Хаттардың мазмұны: 1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
|
Сабақ барысын талқылау Оқулық «Көршіңмен сырлас». Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз |
|
Дәйексөзбен жұмыс. «Уәде берсең – орында»
деп тақтаға жазамын және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі
ретінде түсіндіремін. Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. /Оқулықта берілген тапсырманың мақсаты оқушыларды өз беттерімен ізденуге, негізгі ойды қосалқы ойдан айыра білуге үйрету./ |
|
|
Әңгімелеу. Нағыз ұстаз Аңыз Ұстаздың бойынан қандай жауапкершілікті байқадыңдар? Ұстаздың кеңесін неліктен дәрігерлердің ескертулеріне құлақ тікпеген бала үлкен сеніммен қабылдады? Анасы неліктен Ұстазды бірден түсіне алмады? 4. Өзің орындай алмағаныңды неліктен өзгеге орындауға ешқашан кеңес бермеу керек? |
«Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл . Мәтін бөліктерін тез жинау. |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ойын-жаттығу. |
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі |
|
6. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. 49 б. 6 тапсырма орындау |
|
|
7.Топпен ән айту. Ауылым – әнім Сөзін жазған Бәкір Тәжібаев Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Шамаң келсе көмектес! Жақсы болу өз қолыңда! Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін. Мен саған жақсылық тілеймін.Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
|
Тексерген: 28.11.2017ж. _________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алпысқызы Сара. Өмір әдебі. Әдеби эссе, толғаныстар.-Алматы, 2003ж.
«Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал.7-сынып. «Бөбек» Алматы,
«Өзін-өзі тану». Оқулық. 7-сынып. «Бөбек» Алматы, 2017
Мұсабекова А.А Тәрбие тағылымдары. Танымдық – тәрбиелік оқу құралы.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген