400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіріп отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Апта дәйек сөзі

«Тәулсіздік- ұлтымыздың мәңгілік ұраны»

Педагогтің Т.А.Ә.

Джанзакова А.Д

Күні:

29.09.25

Сынып: 10 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет.

Сабақтың мақсаты

Қоғамға адал қызмет ету туралы түсіндіріп отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеуОтан, қоғам ұғымын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру Жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту

Отанды, қоғамды құрметтей отырып, татулық, бірлікке тәрбиелеу

Қауіпсіздік сабағы 10 мин

«Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез -құлық қағидалары»

Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

«Қоғамға қызмет ету» волонтерлік қызметі – адамдардың ерікті түрде, өз еркімен қоғам игілігі үшін атқаратын қызметі. Бұл қызмет материалдық сыйақысыз жүзеге асырылады және қоғамның дамуына, әл-ауқатын жақсартуға бағытталады. Волонтерлік қызмет түрлері көп және әртүрлі салаларда қолданылады, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік көмек және мәдени шаралар сияқты бағыттар Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Оқушылар өз ойларын ортаға салады

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://yandex.kz/video/preview/11938283753396988379


Сабақтың ортасы 25 мин








































Қауіпсіздік сабағы 10 мин



Волонтерлік қызметтің негізгі түрлері:

Әлеуметтік көмек көрсету:

Қарттар үйінде, балалар үйінде жұмыс істеу.

Мүгедектерге көмек көрсету, оларды қолдау.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік немесе киім-кешек жинап, тарату.

Экологиялық волонтерлік:

Ағаш отырғызу, тазалық акцияларын өткізу.

Қоқыс жинау және қалпына келтіру шараларына қатысу.

Табиғатты қорғауға бағытталған жобаларға қолдау көрсету.Мәдени және білім беру жобалары:

Кітап оқу акцияларын ұйымдастыру, ауылдық жерлердегі кітапханаларға көмек көрсету.

Тегін сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізу.

Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау.

Төтенше жағдайлар кезіндегі көмек:

Табиғи апаттар кезінде жедел көмек көрсету (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт).

Қайырымдылық қорларына қатысу, зардап шеккендерге көмек көрсету.

Медицина саласындағы волонтерлік:

Қан тапсыру акцияларын ұйымдастыру.

Ауруханалар мен клиникаларда науқастарға көмек көрсету.Денсаулық сақтау туралы ақпараттық іс-шаралар өткізуВолонтерлік қызметті ұйымдастыру:

Волонтерлік қызметке қатысу үшін көптеген үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлік орталықтар бар. Қазақстанда «Ұлттық волонтерлер желісі», «Қызыл Жарты ай қоғамы» сияқты ұйымдар халыққа көмек көрсетуге бағытталған түрлі жобаларды іске асырады. Сонымен қатар, әртүрлі әлеуметтік жобаларға қатысу мүмкіндігі мектептерде, университеттерде және жергілікті қоғамдық орталықтарда ұсынылады.

Қоғамға қызмет ету – бұл әрбір адамның қоғамды жақсартуға қосқан үлесі. Волонтер болу арқылы адамдар қоғамның өмір сүру деңгейін көтеруге, өзгелерге көмек көрсетуге және азаматтық жауапкершілікті арттыруға атсалысады.Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары

Қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстау – әрбір жолаушының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін өте маңызды. Мына қағидаларды сақтау арқылы сіз өзіңіздің де, өзгелердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз:Көлікке мініп-түскенде абай болыңызКөлік толық тоқтамай тұрып мінуге немесе түсуге болмайды. Мінген кезде есіктен ұстаңыз.Жол жүру ережесін сақтаңызАвтобус немесе троллейбус аялдамаға тоқтағанда ғана мініңіз. Жолда жүгіріп шығып, тоқтатып міну қауіпті.Қол жүгін ұқыпты ұстаңыҮлкен сөмкелер мен заттар басқа жолаушыларға кедергі келтірмеуі керек.Қарттар мен балаларға орын беріңізБұл – адамгершіліктің белгісі ғана емес, олардың қауіпсіздігі үшін де маңызды.Көлікте тыныштық сақтауДауыс көтеріп сөйлемеңіз, музыка немесе видео көргенде құлаққап қолданыңыз.Күдікті заттар немесе әрекеттер байқалса – дереу хабарлаңызБөгде, иесіз заттар немесе күмәнді адамдар байқалса, жүргізушіге немесе тиісті органдарға хабар беріңіз.Төтенше жағдайларда сабырлы болыңызҚауіп төнген жағдайда есіктерді ашуға тырыспай, жүргізушінің немесе жауапты қызметкердің нұсқауын күтіңіз.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



«Ең үздік жауап»


Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



«Ең үздік жауап»



Ақпараттық мәтін










Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте



ҚБ парағы


Сабақ

тың соңы

5 мин


Волонтер болудың пайдасы:

Жеке даму: Жаңа дағдыларды үйреніп, өз қабілеттеріңді арттыруға мүмкіндік береді.Қоғамдық тәжірибе: Адамдармен қарым-қатынас жасау, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну.Жаңа байланыстар орнату: Волонтерлік қызмет арқылы көптеген жаңа адамдармен танысу.

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект



Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия




«Қоғамға қызмет ету»волонтерлық қызмет.







Сынып: 10 «А»

Өткізген: Джанзакова А.Д















Ақтөбе 2025-2026 оқу жылы






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12.10.2025
54
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12