400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қойылым Гүл ертегісі 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қойылым үлгісі мұғалімдер үшін берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

КММ «БЭСТ гимназиясы»







Shape1 / «Тілдер күні» апталығы шеңберінде арналған 3 сыныптарда

өткізілген сыныптан тыс іс-шара/



Дайындаған:

М.Қ.Садырова






















Петропавл қаласы

21 қыркүйек 2017 жыл

Тақырыбы: «Ертегілер сыр шертеді»
Мақсаты: Оқушыларды әдеби ертегілерді сахналауға үйрету. Жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін жетілдіру .Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті арқылы танымдық қабілетін дамыту.Оқушылардың өзгешеліктерін дамыту, тілдерін жаттықтыру, жан-жақты қабілеттерің байқау.

Сыныптан тыс шараның барысы: а) ұйымдастыру; ә) қойылым көрсету;

Түрі: сахналық қойылым

Көрнекілігі: Слайд, күн, жаңбыр тамшылары, бұлттар, гүлдер.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Мемелекеттік тіл-ұлт тірегі» айдарымен өткізілетін тіл мерекесі апталығының аясында 3 сынып оқушылары дайындаған «Ертегілер сыр шертеді» атты сахналық қойылымға қош келдіңіздер".


І. Оқушылар шығады/ Тіл туралы өлеңдер/:


Жүргізуші:

Сіздердің алғашқы тамашалайтын ертегілеріңіз «Гүл» ертегісі.

Гүлдер сахнада:

-Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды. 
/Сахнаның ортасына Гүл шығады, орындыққа отырады. /

Жүргізуші: Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды.

Гүлдің жанына бұлттар, жаңбыр тамшылары шығады/

бәрі дауыстап /:


-Жаңбыр жауа бастады
Қатты жауа бастады.
Бәсеңдеді
Бұлттар тарқады.


Жүргізуші: Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып басылған соң, күн қайта ашылады.


Күн:

-Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.

Гүл қуанады, билейді: -Күннің көзі шықты, қандай тамаша.


Жүргізуші: Гүл әр-түрлі қимыл жасайды, билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да мұңайып, достарым жоқ деп жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады.


Бұлттар:

1 оқушы

Жаңғырсын

Баулар бір,

Жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр!


2 оқушы

Төгілсін

Таудан нұр,

Жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр!


3 оқушы

Салсын құс

Сайран бір

Жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр!


4 оқушы

Самғасын

Таңда жыр,

Қауласын

Бауда гүл,

Жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр!


Гүл: -Достарым қайда? Мен тағы да жалғызбын. Не істеймін. Кіммен ойнаймын. /жылайды/


Жүргізуші: Ал, балалар, гүлдің көңілің көтерейік. Кім гүлді қуантады?


/Би, ән/


Жүргізуші: Жаңбырдан соң, гүл жан-жағына қараса кішкентай- кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді.


Гүлдер:

-Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр. 


Гүл: Алақай, енді мен жалғыз емеспін, қасымда достарым бар.-деп қуанады.

Жүргізуші: Содан бері жерге әр-түрлі гүлдер шыға бастады.


Ән. /танец/


.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
983
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі