Қожа Ахмет Ясауидің педагогикалық көзқарасы туралы баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қожа Ахмет Ясауидің педагогикалық көзқарасы туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қожа Ахмет Ясауидің педагогикалық көзқарастары туралы баяндалған
Материалдың қысқаша нұсқасы















БАЯНДАМА: ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ









Дайындаған:

Жұмыс орны:

Пәні:

Санаты:































Аңдатпа





Зерттеу нысаны: Қожа Ахмет Ясауидің ғылыми танымдық, ағартушылық

педагогикалық идеялары.

Зерттеу пәні: Қ.А.Ясауидің педагогикалық мұраларын жинақтау және

оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу .



Зерттеудің мақсаты: Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылық, заманауи

мұраларын, ұстаздық ағартушылық қызметін тарихи

педагогикалық тұрғыдан талдау,тәлім-тәрбиелік

идеяларын жүйелеу,үздіксіз білім беру саласына

енгізуге,тәжірибелік-эксперименттен өткізу,

оқу тәрбие процесінде пайдалану.



Зерттеудің өзектілігі: Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға арналған

Отандық және әлемдік өркениетті елдер

педагогикасындағы тәлім-тәрбиелік
тұжырымдар мен ой-пікірлерді негізге ала отырып,

жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие

жұмыстары үрдісінде оқушыларды адамгершілік,
құндылықтарын шәкірт бойына дарыта отырып

Қ.А.Ясауи мұралары негізінде таныстыру.

Зерттеудің теориялық негізін басшылыққа ала

отырып жеке тұлғаның дамуы жөніндегі ғылыми

тұжырымдар, білім беру ұйымдарындағы

оқу-тәрбие жұмыстарымен Қ.А.Ясауи мұралары

негізінде болашақ өскелең жас ұрпақты

болашақ өмірге дайындау.












Аннотация





Объект исследования: научно-познавательные, просветительские

педагогические идеи.



Предмет исследования: обобщение педагогического наследия К. А. Ясави и

внедрение их в учебно-воспитательный процесс.





Цель исследования: творческий, современный подход Ходжи Ахмеда

Ясави исторического наследия, педагогической

просветительской деятельности педагогического

анализа, учебно-воспитательного

в области непрерывного образования внедрения,

опытно-экспериментального, использование в

учебно-воспитательном процессе.



Актуальность исследования: Оно предназначено для формирования и

развития личности. Отечественные и мировые

цивилизованные стран педагогическое

образование на основе выводов и мнений,

обучение в общеобразовательных школах

моральный дух,прививание ценностей ученику

Презентация на основе наследия К.А. Ясави.

Руководствуется теоретической базой

исследования.наука о развитии личности

выводы в образовательных организациях

наследие К. А. Ясави с просветительскими

произведениями на основе будущего молодого

поколения подготовка к будущей жизни.













Аnnotation





Object of study: scientif ic, educational, educational

pedagogical ideas.



Subject of research: generalization of the pedagogical heritage of K. A.

Yasawi and their introduction into the educational process.





Purpose of the study: creative, modern approach of Khoja Ahmed

Yasawi historical heritage, pedagogical

educational activities of pedagogical

analysis, educational in the field of continuous

education implementation,experimental, use in

educational process.



Relevance of the study: It is intended to form and personality development.

Domestic and world civilized countries pedagogical

education based on conclusions and opinions,

education in secondary schools morale, instilling values ​​ in the student Presentation based on the legacy of K.A.

Yasawi. Guided by a theoretical framework

research.science of personality development

conclusions in educational organizations legacy of K.

A. Yasawi with educational works based on the future

of the young generation preparation for future life.















Қожа Ахмет Ясауидің педагогикалық көзқарасы


Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызатынымыз айдан анық. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың негізгі борыштарының бірі екені барлығымызға мәлім. Осы тұрғыдан алғанда тарих қойнауында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи, қазақ жерін әлемге паш ете білген ғұламалардың бірі екені баршаға аян.

 Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы Ахмет Ясауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.  Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі ғұламалар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Яссауи шығармаларының құндылығы осында.

Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбаб бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. 


Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Әрбір ғылымның өзіне сай зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын тануға болатыны сөзсіз. Әрине,педагогикалық ұғымның бір саласы ол тәрбие болып табылады. Біз Қ.А Ясауи туралы қай парақты ашып қарасақта,жазған ілімдеріне көз жүгіртсекте педагогикамен ұштасқан білім мен тәрбиеге жастарға болашаққа жол ашқанын көруге болады.

Қазақтың аса көрнекті ғұлама ғалымы Қожа Ахмет Ясауи демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмірінің жартысын жас балаларды оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерде, негізінен ұлттық әдебиет өкілдері – ақындар, жазушылардың ағартушылық бағыттағы шығармалары мен өлеңдеріне педагогикалық баға беріп, оларды белгілі тарихи кезеңде педагогикалық ой дамуының көрнекті өкілдері қатарына қосатын мысалдар көпшілік. Бірақ шығармаларында тәрбие мәселелері үстіртін емес, терең қарастырылған, педагогиканың кейбір аспектілері бойынша өз заманынан алда қайда озық идеяларды ұсынған әдеби шығарма авторларыда аз емес. Педагогика тарихы әдіснамасы және зерттеушінің әдіснамалық біліктілігі дамыған жағдайда біз педагогикалық білімнің түрлі дерек көздерінен нағыз педагогикалық ой туындыларын таба аламыз.

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі Игүнеки,Ясауи,Қашқари сынды ғұламалардың педагогикаға қосқан үлесі зор.

Соңғы он жылдықтарда Қ.А.Ясауидің педагогикалық көзқарастарына арналған көптеген еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектердің ұлы ғұлама мұрасын педагогикалық тұрғыдан зерттеуге жоғары үлес қосқандығын айта келе, олардың көпшілігінде Ясауи тарихи-педагогикалық мұрасы ескіше әдіснамалық тұрғыларға негізделіп, зерттеу пәніне бір қалыпты талдау мен баға беруден әрі аспағаны байқалады.

Қ.А.Ясауидің педагогикалық көзқарастары жаңа, зайырлы, бірақ діни мәдениетке жаңаша көзқарас тұрғысынан, жаңа әдіснамалық тұрғылар және тәсілдер көмегімен зерделенуі қажет деген тұжырымға негізделе, баяндамада педагогикалық ясауитанудың әдіснамалық мәселелерін де қарастыруға болады.

Қ.А.Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілетімен талантын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе келешек жас өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама ғалым қаламгер. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдебиетінің, тілінің қалыптасып, дамуына, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде Республикамыздағы педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік, мағнауи мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Міне соның нәтижесінде, ұлы ғұлама ғалым есімі өз кезінде біршама түркі әлемінің мәдениетінің білім беру саласының тарихынан да ерекше орын алды. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоймай келе жатыр деп айта аламыз. Бұл ретте түркі дүниесінің оның ішінде халқымыздың бүкіл рухани адамгершілік, мағнауи әлемінен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері тарихынан аса көрнекті ғұлама ғалым, сопылық мектеп пен әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл, философ ұстаз, Түркістанның пірі, Түркі-ислам жолының негізгі ірге тасын қалаушы Құл Қожа Ахмет Ясауидің есімінің алар орны ерекше.

Соңғы жылдары жекелеген ғұлама ғалым, ағартушы педагогтардың
педагогикалық рухани, мағнауи мұралары жан-жақты қарастырылан, зерттеу
нысанына айналуда. Өздерінің үлгілі өнегелі істерімен, ұлағатты сөздерімен,
қайырымды істерімен, мінез-құлықтарымен сол дәуірдің өзінде де иісі қазақ
жұртының зор құрметіне иеленген беделді, рухани, мағнауи көшбасшыларымыз болды. Бұл зиялы азаматтарымыздың барлығы да халық ағарту майданында ерекше көзге түсіп, тәлім-тәрбие, мектеп жұмысы салаларында өзіндік өшпестей із қалдырған, туған халқының рухани адамгершілік, мағнауи үрдісіне бағыт- бағдар беріп, жөн сілтеп, жол көрсеткен ерен қажырлы қайраткерлер. Олардың мұралары туралы ғылыми зерттеулердің барлығы да уақыт талабына сай әрі сәйкес дүниеге келген қажетті де құнды еңбектер екендігі даусыз әрі талассыз. Бұл ретте түркі дүниесінің оның ішінде халқымыздың бүкіл рухани адамгершілік, мағнауи әлемінен тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері тарихынан аса көрнекті ғұлама ғалым, сопылық мектеп пен әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл, философ ұстаз, Түркістанның пірі, Түркі-ислам жолының негізгі ірге тасын қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің есімінің алар орны ерекше.
Ісімен де, сөзімен де күллі түркі жұртын ізгілікке тәрбиелеген, ұлттың ұстазына айналған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың да ұлтты жаңа деңгейге көтеру жолындағы атқарған қызметі орасан зор болды. Абай кезінде ұлы Қожа Ахмет Ясауи салып кеткен жолды қайта жаңғыртушы болды. Бұл екі тұлға өз дәуірінің озық ойлы ірі реформаторы болатын. Жаңа дәуірдің, жаңа ке­зеңнің өз артықшылықтарын терең түсінген ғұламалар халықты про­грес­сивті ойлауға, біліммен қару­лан­ға үндеді. Абай өлеңдері мен Ясауи хикметтері бір-бірімен үндес, ма­ғыналас келіп отырады. «Сонымен Абайдың «мен бір жұмбақ адаммын» дегеніндей, тылсым жан екеніне көзіңіз жетеді. 

Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде.

Ғалымдар көрсетілуінде коғамдық-педагогикалық ойдың қалыптасуына үлкен ықпал жасаған ірі тұлға Қожа Ахмет Ясауи жайлы хикаяттар да аз емес екен. Үлы ұстаз өмірі, дүниетанымы, қызметі жайлы білімдерді терендетуге септігін тигізер деген мақсатпен осы материалдарды келтіре кетуді жөн көрдік.

Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар.

Қожа Ахмет Ясауи - өз дәуірінің әдеби-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміз бен тіліміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы ғұлама-ғалым, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай әдебиетіміздің мәдениетіміздің, тіліміздің, дініміздің, діліміздің «Ақиқатқа апаратын жол бастаушымыз – Білім иесі» өкілі.

Қай заманда айтылса да саңлақ тұлғалардың ұлағатқа толы мирасы ұлтқа азық.  Олардың өмірсүйгіш жауһарлары адамның ақыл-ойымен бірге жасап отырмақ. Ғұламаның халықтың өресін көтеретін ғибратты туындылар көңілге түрлі ой салып, алдымыздан даңғыл жол ашады.

























Пайдаланылған әдебиеттер:



Ғаламтор желісінен

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл

Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. 

Аңыз адам журналы Қ.А.Ясауи саны

«Тарихи тұлғалар» кітабы

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2025
253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі