400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қожанасыр туралы әңгімелер" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Қожанасыр туралы әңгімелер»



Пән мұғалімі: Бектасова Гулжан

Пәні: әдебиеттік оқу







Сабақтың тақырыбы:Қожанасыр туралы әңгімелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қожанасыр туралы түсінік беру.Қожанасыр туралы әңгімелермен таныстыру, түсініктерін кеңейту.Рольге бөліп орындау арқылы ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін дамыту.

Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ойын әдісі

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Көрнекіліктері: Қожанасыр бейнесі, сағат, теңге, 4 саны, есек макеті, үнтаспа,жапырақтар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу,музыка

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық:

Армысың, асыл күн

Армысың, асыл жер,

Армысың, көк аспан,

Армысыздар құрметті қонақтар,

Армысың, асыл досым

Жылуыма-жылу қос

Міне менің қолым.

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу,сабаққа дайындау

2.Үй жұмысын сұрау және бағалау.

«Өтірік» өлеңін сұраймын.

1.Өлеңді оқығанда саған қандай ой келді?

2.Өтірік өлең не үшін жазылады деп ойлайсың?

3.Өздерің қандай қызықты өтірік өлеңдер құрастырып келдіңдер?

3.Негізгі бөлімі : жаңа сабақ

Қожанасыр туралы әңгімелер

Қожанасыр-қазақтың күлдіргі әңгімелерінің кейіпкері.Әңгімелерде ол өте аңқау жан болып көрінеді.Бірақ оның аңқаулығының ар жағында ащы мысқыл ,қулық жатады.ол сонысымен өмірдегі ,адам бойындағы жат қылықтарға қарсы күреседі.Көп әңгімеде Қожаның қасында есегі жүреді.Есек Қожанасырдың көлігі ,серігі және әзіл құралы да.



4.Сөздікпен жұмыс:

Мысқыл-сықақ,келеке.

Жат қылық- лайықсыз мінез.

5.Оқулықпен жұмыс:

3Қожанасыр мектепте

Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезінде оқытушы:

-Қожанасыр , бір тәулікте неше сағат бар?-деп сұрапты.

-Бүгін жиырма бес сағат болса керек ,- депті Қожа.

-Жиырма төрт сағат емес пе?-деп жекіріпті оқытушы.

-Кеше «Күн енді бір сағатқа ұзарады» дегеніңіз қайда, тақсыр!- депті оған Қожа.

Төрттен төртті алса,не қалады?

Қожанасырдан мектепте оқытушы:

-Қожанасыр, төрттен төртті алса,не қалады?-деп сұрапты.

Қожа жауап бере алмайды.

-Мысалы,қалтаңда төрт теңгең бар еді,сол теңгелер қалтаңнан түсіп қалды.Сонда не қалады?-депті оқытушы қайталап.

-Не қалсын,теңге түсіп кеткен тесік қалады да,-депті Қожа.

6.Топпен жұмыс:

1-топ «Қожанасырдың немерелері»

Бұл топтың оқушылары Қожанасырдың әңгімелерінен көрініс көрсетеді.

2-топ «Тапқырлар»

Бұл топтың оқушылары Қожанасыр жайлы әңгімелер айтады.

3-топ «Жазушылар»

Бұл топтың оқушылары Қожанасырға хат жазады.

4-топ «Бейнелеу»

Бұл топтың оқушылары Қожанасырды ,оның есегін бейнелеп салады.

Қорытынды:

Қожанасыр жайлы кестеге құрастырады.

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1

DrawObject4

DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5





DrawObject8 DrawObject9



DrawObject11 DrawObject10





Бағалау:

Сабақтың ұнағанын жапырақтар арқылы өздері көрсетіп өтеді.

Рефлексия:

  • Сабақ өте ұнады сары жапырақты көтереді

  • Сабақ ұнады жасыл жапырақты көтереді

  • Сабақ ұнамады қызыл жапырақты көтереді



Үйге тапсырма:

Қожанасыр туралы әңгімелерді түсініп,мазмұнын айта білуге жаттығып келу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
2506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі