жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қожаның қиялы"
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Қазақ тілі Мектеп: Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 6-бөлім. Қиял әлемі
Сынып: 5-сынып Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қиял – адамға тән қасиет |
||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
Т/А.5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау. 5.1.5.1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру О5. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру. 5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. |
||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды. Сұрақтар құрастыра алады. Жауап береді. Білім алушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Көтерілген мәселеге байланысты өз ойын білдіреді. Кейбір білім алушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға нақты жауап береді. Ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. |
||||
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы - Мәтін мазмұнын түсінеді. - Нақты ақпаратты анықтайды. - Мәтін мазмұны негізінде сұрақтар құрастырады. - Мәтіннен көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
|
||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну және қолдану
|
||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: «қиял», «қиялдау», «қиялшыл», «арман», «қиял-ғажайып», «шындық» Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: менің ойымша..., мен бұл пікірмен келісемін/ келіспеймін Талқылауға арналған сұрақтар: •
«Қиял»,
«қиялдау» сөздерінің мағынасы
қандай? |
||||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым. |
||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
«Бос уақыт және хобби» бөліміне жалпы шолу |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
3 минут |
Қызығушылықты ояту. «Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Менің хоббиім» тақырыбында өз қызығушылығы туралы ой бөліседі. Оқушыларды топқа бөлу.
|
Қима қағаздар |
|||
Сабақтың ортасы
Білу, түсіну, 5 минут
|
Бағалау критерийлері Білім алушы: - Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді; -Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді. Мағынаны тану 1-тапсырма. Жалпыға арналған тапсырма. «Ой шақыру» әдісі Тыңдалым алдындағы тапсырма
|
Сурет
|
|||
Қолдану
15 минут |
«Идеяны ұстап ал» әдісі
«Қиял – адамға тән қасиет» мәтінін аудиодискіден тыңдайды. Қиял- адамға тән қасиет Қиял дегеніміз адамның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бейнесін ойда қайта жаңғыртып, өңдеу, ойша өзгерту, шындыққа өз жанынан басқа бір жаңа ой қосып, көзге елестету. Қиял – тек адамға ғана тән қасиет. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар өзгеріске ұшырап, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды ойша қайта жасап, өңдеу кезінде адамның ішкі ойы шешуші рөл атқарады. Әр адамның қиялы әртүрлі болады.Ол адамның жасына, өмірден көрген –білгеніне, мақсаты мен қызығушылығына байланысты. Қиял шындыққа жақын болса, ол шығармашылыққа оң әсер етеді. Ал, мүмкін емес нәрсені қиялдаған адамның ойы айналасындағылар үшін күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ қиял қалай да адамның ойын дамытып, оны алға жетелейтінін жоққа шығаруға болмайды. Қиял адам бойындағы ерік-жігерді де тәрбиелейді. Қиялы мен арманы сай келген бала өскенде мықты, ортасында сыйлы азамат болады. Өйткені қиял арқылы алдағы ісінің нәтижесін , өмір жолын дұрыс болжап, көре алады.
Тыңдалым мәтінінен не түсіндіңдер? (Оқушылар түсініктерін айтады)
Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар
Дескриптор - Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді; - Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Қалыптастырушы бағалау Смайликтер арқылы
Кері байланыс |
Аудиодиск 5-сынып Қазақ тілі «Атамұра» баспасы 2017 жыл
Смайликтер бейнеленген суреттер |
|||
5 минут |
Бағалау критерийлері Білім алушы:
2-тапсырма. «Бумеранг» әдісі. Топтық жұмыс. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша оқушылар сұрақтар жазып, бір-біріне ауысады; сұраққа жауап беріп, кері байланыс жасайды. Бұл әдіс оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенді жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға оң ықпалын тигізеді.
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» |
|
|||
Сергіту сәті 1 минут |
Қыдырып қайтайық!» би билеу
|
«Қыдырып қайтайық!» биі Сілтеме https: //v-s.mobin |
|||
5 минут
Білу, түсіну
Қолдану
Жоғары деңгейлер
4 минут
|
Бағалау критерийлері Білім алушы
3-тапсырма. Топтық жұмыс «Балық қаңқасы» әдісі (Үш топқа мәтіннің үш бөлімі беріледі. Әр топ берілген бөлім бойынша екі сұрақ құрастырады, келесі топтың сұрақтарына жауап береді.)
Адамдардың қиялдауына тән кейбір , ерекшеліктер бар:
Дескриптор Білім алушы
Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі
Бағалау критерийлері Білім алушы:
4-тапсырма. (Саралау тапсырмасы) Білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсымаларды «Үшбұрыш» әдісімен қабырғаға іліп қоямын. Оқушылар өз қажеттіліктеріне сай тапсырмаларды орындайды.
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау. Кері байланыс (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш арқылы бағалау) |
|
|||
Сабақтың соңы
2 минут |
Рефлекторлық экран Менде бәрі сәтті шықты... Мен ... үйрендім Сабақта мен орындай алдым... Бәрінен маған ұнағаны... Бәрінен маған қиын болғаны... |
«Рефлекторлық экран» әдісі Оқушыларға кері байланыс тапсырмалары жазылған қима қағаздар беріледі. |
|||
Қосымша ақпарат
|
|||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін, үйренгенін қалай тексересіз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс, құндылықтармен байланыс |
|||
|
|
|
|||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарлауымда қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|
|||
Кері байланыс |
|
||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқытуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың одан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген