жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қожаның қиялы
|
|
Мұғалімнің аты-жөні: Макеева Бибігүл Тұрдақынқызы |
||||
Күні:22.01.2020ж |
|
|||||
Сынып: 5Ә |
|
Оқушылар саны: 16 |
|
Қатыспағандар:0 |
||
Сабақтың тақырыбы |
Қожаның қиялы |
|||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.1.3.1-тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау; 5.4.2.2-зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану. |
|||||
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп,негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:өзіндік ой-тұжырымын жазба жұмыстарында еркін білдіре алады
|
|||||
Жетістік критерийлері: |
Грамматикалық ережелерді ұстанады, шығармашылық жұмыстар жаза алады. |
|||||
Ойлау деңгейлері |
Қолдану, жинақтау, бағалау |
|||||
Пәнаралық байланыс |
әдебиет, музыка |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Негізгі сөздер мен тіркестер: армия, батыр, қиял,арман,Қозы мен Баяндай. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша,ал жолдастарымның пікірінше,бұл игі бастаманы қолдаймын,болашақтың сұранысы мынандай болуы ықтимал. |
|||||
Ресурстар |
Интербелсенді тақта,суреттер, тірек сөздер,оқулық, бейнежазба, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар |
|||||
Бағалау критерийлері |
1.Тақырыптан ауытқымай эссе жаза алады 2. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелді жеткізе алады 3. Эссе жазу барысында тірек сөздерді пайдаланады (диалект сөздер мен кәсіби сөздер)
|
|||||
Алдыңғы оқу |
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңі |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
3 минут
5 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі «Кіру билеті» әдісі. Оқушылар каассадан билет алады. Билетке армандарын жазады. Психологиялық ахуал қалыптастырады Топқа бөлінеді. Үй тапсырмасы: «Еркін микрафон» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын жинақтап қорытындылау.
ІІ.Қызығушылықты ояту. Оқушылар тыңдалым мен айтылым материалдары бойынша берілген «Менің атым-Қожа» хикаятынан үзінді тыңдап,жаңа сабақтың тақырыбын болжайды,сұрақтарға жауап береді.Өзара ой бөліседі. |
Микрафон, кіру,шығу билеті |
||||
Сабақтың ортасы
3минут
1минут
7минут
1минут
2минут
2минут
7минут Кері байланыс Үздік жазылған жұмысқа «коментарий айту» әдісі 2минут
Қорытынды бағамдау: Мұғалім сабақты қорытындылап, бағалайды 3минут Үй тапсырмасы?
Рефлексия 2минут
|
Оқылымды «Іштей оқу» әдісі арқылы оқылым мәтінімен танысып, ойтүрткі сұрақтарына жауап беру арқылы ауызша тапсырмалар орындайды. 1-тапсырма: Топпен жұмыс «Жұмыс үстелі» әдісі бойынша стикерге жазылған сұрақтарды қалаған топтарына апарып береді. Сол бойынша әр топ сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор: 1.Мәтінді мұқият түсініп оқи алады; 2.Сұраққа жауап бере алады; 3. Ойын жүйелі жеткізеді; Кері байланыс: Гүл шоқтары арқылы беремін Қызыл гүл-тамаша Сары гүл-жақсы Жасыл гүл-орташа 2-тапсырма: Топпен жұмыс Ендігі тапсырмамыз «Қожадан тапсырма» деп аталады. Мен сендерге ең бірінші Қожаның хатын оқып берейін. Сағат қазір түнгі екі. Столымның үсті қиқымдалған қағазға толып кетті.Осының бәрі Жанарға жазылған хаттар.Сөзбен де жазып көрдім, өлеңмен де жазып көрдім.Болмады.Жай ғана әсерсіз болып қалады. Жанар, мен сені жақсы көремін.Қозы мен Баян секілді болайық. Түү, жақсы көрудің жаман мен жақсысы болушы ма еді? Бұл да болмайды.Ешқандай сөзімнің қисыны жоқ. Қымбатты, менің достарым. Мен жаза алмаған хатты,менің қиялымдағы сезімімді сендер тапсырма орындау арқылы жеткізе аласыңдар. Жанарға сәлемдеме ретінде тапсырмамды жоғарғы деңгейде орындайды деген ойдамын.
1-топ. Жанарға хат жазады 2-топ. Ұйқастар бойынша өлең құрастырады ----------------------------------------болыпты, -----------------------------------------барыпты, ------------------------------------------------------ ----------------------------------------------айтып қалыпты. 3-топ. «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы Мен Қожаға былай көмектесер едім» деген тақырыпта қиялдай отырып, шағын мәтін құрау Дескриптор: 1.Хатты жүйелі жазады 2.Өлең ұйқастарын тиімді пайдаланады 3.Мәтінді тақырыпқа сай құрайды « Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Сергіту сәті: Сөздің соңғы әріпінен басталатын зат есімдер айтқызу. Әдеби тіл нормалары бойынша тақырып: Көптік жалғаулары. Ауызша ережесін мысалдар арқылы түсіндіру. 3-тапсырма. Жеке жұмыс Үш топқа бірдей тапсырма беріледі. «Менің қиялымдағы болашақтың мектебі» эссе жазу. (50 сөз). Эссе жазу барысында көптік жалғауы жалғанған зат есімдерді тауып, астын сызады Дескриптор:
Кері байланыс Үздік жазылған жұмысқа «коментарий айту» әдісі
Сабақта жүргізілген жұмыстарды бағалау мақсатында әрбір оқушыны,топты мадақтап, ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңін оқи отырып, саяхатқа шығу күндерін белгілеп жүру үшін әрбір оқушыға 2020жылдың күнтізбесін сыйға тартады..
5-тапсырма
Оқушылар шығу билетіне сабақтан алған әсерлерін жазады |
Интербелсенді тақта, бейнежазба
|
||||
|
|
|||||
Саралау |
Қолдауды қажет ететіндер: Сурет пен сөзді байланыстыра отырып, сөйлем құрастыру Қолдауды қажет етпейтіндер: Өзіне ұнаған кереметтің біріне арнап, өлең шығару |
|
||||
Сергіту сәті 2минут |
«Армансыз күнім болмайды» караокемен орындау |
Интербелсенді тақта |
||||
10 минут
Бағалау критерийі
Дескриптор
Бағалау |
3-тапсырма Әлемнің жеті жаңа кереметі туралы бейнежазба көреді.
( Ұлы Қытай қорғаны, Тәж Махал мавзолейі, Рим Колизейі,Мачу-Пикчу, Иорданиядағы ежелгі Петра қаласы,бразилиядағы Иса Пайғамбар мүсіні, Мексикадағы Чичен-Ица пирамидасы) Жеке жұмыс «Тақырыптық жазба» әдісі арқылы «Мен таңдаған жеті керемет» тақырыбында «Келісу-келіспеу» позициясын ұстанып, ойтолғау жазады. 1.Тақырыптан ауытқымай жазба жұмысын орындай алады 2. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелді жеткізе алады 3. «Келісу/келіспеу» позициясын дұрыс қолдана біледі.
2 баллдық жүйемен бағалау. |
Интербелсенді тақта |
||||
Соңы 1минут
Үй тапсырмасы |
« Мен білетін әлем кереметтері» тақырыбына жүйелі эссе жазу |
|
||||
Қорытынды Бағалау 2минут |
Ең көп ұпай жинаған топты анықтау және белсенді топтарға номинациялық атаулар беру. |
Грамоталар |
||||
Рефлексия 2минут |
«.5.5.1 әдісі» Сабақта не тиімді болы? ( 5 сөйлем, 5 сөз, 1сөз) жазады |
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген