жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қожекеңде қонақта
Алматы қаласы, 110мектеп –гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі Сәдібекова Ұлданай Сәпибекқызы
|
||||||||
Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 2 « В» Күні: 05.03.2020 |
||||||||
Ортақ тақырып
|
Бөлім
|
Бөлімше
|
Сабақтың тақырыбы:
|
|||||
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті |
Тыңдалым және айтылым. Оқылым
|
1.2.Шығарманы мазмұндау (Тыңдалым және айтылым) 2.1Оқу түрлерін қолдану(оқылым) 2.6 Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау (оқылым) |
Қожекеңде қонақта
|
|||||
|
|
|||||||
СЫНЫП: 2 « »
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: |
||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.2.1.2 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/мәнерлеп/теріп оқу 2.1.2.1 шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/үзіндісін мазмұндау/сахналау 2.2.6.1.кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау |
|||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Ауыз әдебиетінің жанрларын ажырату,шығарманы түсініп оқу. Көптеген оқушылар: Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, сахналау. Кейбір оқушылар: Кейіпкердің сыртқы келбетін, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау, айтылған пікірлерге нақты дәлелдер келтіру. |
|||||||
Бағалау критерийі |
-шығарманы дауыстап, рөлге бөліп,мәнерлеп,теріп оқиды. -шығарманың жанрын ажыратады. -шығарманы мазмұндайды және сахналайды. -кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды,кейіпкерлерді салыстырады, баға береді. |
|||||||
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну,қолдану, талдау |
|||||||
Тілдік мақсат |
Талқылауға арналған сұрақтар: Алдаркөсе қандай іс-әрекетімен саған ұнады? Қожанасырдың тапқырлығын қалай байқадың? Екі кейіпкерлердің айырмашылығын атап бер. Олардың ұқсастықтарын атап көрсет. |
|||||||
Құндылық |
Адалдыққа, өтірік айтпауға тәрбиелеу. |
|||||||
АКТ қолдану дағдылылары |
Интербелсенді тақта Слайд, видеоролик |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, әдебиет |
|||||||
Алдыңғы оқу |
«Ұяшық таңда» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
|
|||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||
Басталуы
5 минут
Үй тапсырмасы |
Қане балалар, әдебиет сабағында айтылатын ұранымызбен сабағымызды бастайық! Күндей жадырап Айдай арайлап Жұлдыздай жарқырап Судай таза көңілмен Әдебиет сабағын бастаймыз! Алдымен сынып ішінде жаңа атмосфера қалыптастырып алайық. Ол үшін орнымыздан тұрып, қарама-қарсы тұрған көршімізге «Алақан» тренингі арқылы жақсы энергиямызды таратайық. Әр оқушыға алақан пішінінің суреттері таратылады.Әр алақан суретінде жылы лебіздер жазылған. Жылы лебіздерімізбен тілектерімізді жолдаған болсақ ары қарай сабағымызды жалғастырайық.
«Бейнелі суреттер» әдісі арқылы 4 топқа бөлу. Психологиялық ахуалда таратылған алақан суреттердің келесі жағында бейнелі суреттер бейнеленген.( Олар: Ұр тоқпақ, Алдаркөсе, сақина, Қожанасыр)Сол суреттер арқылы 4 топқа бөліну. 1-Топ-Ұртоқпақ 2-Топ-Алдаркөсе 3-Топ-Сақина 4-Топ-Қожанасыр, -деп топтарға бөлінеміз. Топтарға бөлініп болған болсақ жаңа сабағымызды бастайық. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өте қызықты болмақ. Өйткені біз сендермен түрлі тосынсыйларға жолығатын боламыз. Сабағымыздың әр кезеңінде түрлі олжалармен мақтау қағаздарына ие болатын боламыз. Ол үшін сабаққа белсенді қатысып, апайды тыңдап, тәртіпті болсақ барлығымыз марапаттарға лайықты боламыз. Олай болса сабағымызды бастайық. Сәттілік !
«Ұяшық таңда» әдісі арқылы
Кез келген бір оқушы ұяшық таңдайды, оның ішінен тапсырмаға жауап беретін оқушынің есімі шығады. Сол екі оқушы бірлесе отырып кезекпен-кезек бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді (ауызша)әрі арасында ширату сұрақтарын қойсада болады.
«Ширату сұрақтары»
1 Түйенің төлін қалай атайды? 2 Түйенің жүрісі туралы не деуге болады? 3 Шудасы туралы не айтуға болады? 4 Түйе қандай шөпті жақсы көреді? 5 Сыйлық 6 Жалғастыр: Маң-маң басқан, маң басқан ....... 7 Шөлге төзімді жануар? 8 Түйенің төлі? 9 Түйенің сүті?
ҚБ: отшашу арқылы
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. ҚБ: отшашу арқылы
|
|
||||||
Жаңа білім 5 минут
|
Білу және түсіну Алдаркөсе туралы аудиожазба тыңдаймыз. -Балалар аудиожазба да кім туралы айтты? -Сендер Алдаркөсені білесіңдер ме? -Ал Қожанасырды ше? -Жақсы, олай болса бүгінгі мақсатымызбен танысып алайық. Мақсатымыз мәтіндерді мәнерлеп,түсініп, дауыстап,рөлге бөліп оқу,мазмұнын айту және сахналау. Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. -Алдаркөсе туралы аудиожазба тыңдаймыз. -Неге оны Алдаркөсе деп атап кеткен? -Алдаркөсе қандай адам екен? Дескриптор: Сұрақтарға дұрыс жауап береді. ҚБ:
«Бас
бармақ» тәсілі арқылы бағалау |
Видеоролик
https://youtu.be/xqX1gc549Es |
||||||
Ортасы 20 минут
-шығарманы дауыстап, рөлге бөліп,мәнерлеп, теріп оқиды.
-шығарманың жанрын ажыратады.
-шығарманы мазмұндайды және сахналайды.
-кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды,кейіпкерлерді салыстырады, баға береді. |
Қолдану 1-тапсырма Топтық жұмыс 1 топқа:Қожанасыр мен Алдаркөсе(Аңыздың басы) Мәнерлеп оқиды 2 топқа:Үш сом(Аңыздың соңы) Рөлге бөліп оқиды 3 топқа:Қожанасырдың көшуі(Аңыз) Басты кейіпкердің сөзін теріп оқиды 4 топқа: Қожанасырдың аттан түсуі(Аңыз)Мазмұндап береді
Дескриптор: -берілген мәтінді мәнерлеп оқиды. мәтінді рөдге бөліп оқиды. мәтіндегі басты кейіпкердің сөзін теріп оқиды -мәтіннің мазмұнын айтып береді -шығармалардың жанрын ажыратады Саралау жұмысы: Диалог және қолдау көрсету. ҚБ: Топтар боптар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды 2-тапсырма Әр топқа бір мәтіннен беріледі, мәтінді оқып, сахналап береді«Сахналау» 1 топқа: Қожанасырдың аттан түсуі (Аңыз) 2 топқа:Қожанасырдың көшуі (Аңыз) 3 топқа: Қожанасыр мен Алдаркөсе (Аңыздың басы) 4 топқа: Үш сом (Аңыздың соңы)
Саралау жұмысы: «Қарқын» Қожанасыр мен Алдаркөсенің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «Венн диаграммасына»салу. Тірек сөздер:ақылды, тапқыр, қу, кедей, жанашыр, қамқор
Ұқсастықтары: ақылды, тапқыр, қу, кедей, жанашыр, қамқор, айлакер, сөзтапқыш, күлкілі, халықтың сүйікті кейіпкерлері Айырмашылықтары: мінездері, өмір сүрген уақыттары
Дескриптор: -мәтін мазмұнын түсінеді - мәтінді қойылым ретінде көрсетеді - кейіпкерді дәл сипаттап береді ҚБ:Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды
|
Оқулық, мәтіндер, слайд, бәйшешектер,үлестірмелі қағаздар;
Үлестірмелі материалдар, конверттер,
|
||||||
Сергіту сәті 2 минут |
Қане қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Білімді де алайық. СЕРГІТУ СӘТІ:Музыка қойылады.Барлық оқушылар орындарынан тұрып жұптар бір-біріне массаж жасайды. Музыка ырғағына сәйкес баяу әрі жылдам жасайды. 2-3 минут Мұғалім сөзі: жарайсыңдар, өте керемет !
Жазылым "Адасқан әріптер" әдісі Қожанасыр- оқжнасрыа Алдаркөсе- ладарөксе Ұрылар- рұыалр
Қосымша ақпарат Термин сөз Сом-кеңестік дәуірде одақтық ақша өлшемі болған рубльдің қырғызша атауы. 100 тиынға тең.
«Үш қадамды сұхбат:А,В,С» Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне тыңдалған мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.
А- тобы
В-тобы
С-тобы
Мұғалім
|
Микрофон |
||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 5минут Кері байланыс |
Талдау
Ақ қалпақ-Қожанасыр ақылды,тапқыр Қызыл қалпақ-Қожанасыр заттарын жинап жатқанда,ұрылардан қорқып қашпақшы болды деп ойладым Қара қалпақ- Аңыз,ертегі көбірек берілсе,тез бітіпқалады Сары қалпақ- Өмірмен байланысты. Ақыл, білім жағынан пайдалы. Көп нәрсені ойланып жасайды. Жасыл қалпақ- Сахналық қойылым ұнады Көк қалпақ- Сабақ керемет болды, ұнады. Міндетті түрде үйге барып қазақша мультфильм көретін боламын.
Дескриптор: - ақ қалпақ бойынша фактілер айтады. -қызыл қалпақ бойынша ішкі уәжін білдіреді -қара қалпақ бойынша сын-пікірлер айтады. -сары қалпақ бойынша шығарманы өмірмен байланыстырады. -жасыл қалпақ бойынша жаңа идеялар айтады. -көк қалпақ бойынша сабақты қорытындылайды.
«Ең,ең………» марапаттау сәті «Қазақфилім» кино студиясының ең үздік мақтау қағаздарымен марапатталады.
«Сертификат» 3 оқушы «Қазақфилім» кино студиясына кіру үшін 20%-дық жеңілдік ұтып алды. Келесі сабағымыз дәл осы тақырыпта болмақ. Жолыболғыш жандар екенсіңдер.
|
6 түсті қалпақтар,
|
||||||
Үйге тапсырма |
60-61 бет мазмұндау |
|
||||||
Бағалау критерийі
-шығарманы дауыстап, рөлге бөліп,мәнерлеп,теріп оқиды.
-шығарманың жанрын ажыратады.
|
Дескриптор:
-берілген мәтінді мәнерлеп оқиды. -мәтінді рөдге бөліп оқиды. -мәтіндегі басты кейіпкердің сөзін теріп оқиды -мәтіннің мазмұнын айтып береді -шығармалардың жанрын ажыратады |
|||||||
-шығарманы мазмұндайды және сахналайды. |
-мәтін мазмұнын түсінеді - мәтінді қойылым ретінде көрсетеді - кейіпкерді дәл сипаттап береді
|
|||||||
-кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды,кейіпкерлерді салыстырады, баға береді. |
-суретке қарап,қай аңыз екенін анықтайды. -сол аңызды әңгімелейді. -«Үш сом» аңызын түсіндіріп береді. -айтылған пікірлерге нақты дәлелдер келтіреді. -кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.
|
|||||||
Саралау
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс
|
||||||
Саралауды жүзеге асыру мақсатында тақырыпқа сәйкес сабақ мақсаттарын құрдым. Сабақ мақсатын оқушы деңгейіне қарай бөлдім. Әр деңгейге сәйкес тапсырма құрастырдым. Алайда мақсатқа барлық оқушы жетуіне жағдай жасадым. Мысалы бірінші тапсырмамда«Диалог және қолдау көрсету» арқылыүлгерімі төмен оқушыларға қосымша сұрақ қою арқылы саралау жүргіздім.Бұл жерде төрт топқа мәнерлеп оқу, теріп оқу, рөлге бөліп оқу, мазмұндау тапсырмасы беріледі осы кезде шығармалардың мазмұны толық ашылу үшін және үлгерімі төмен оқушыларға түсінікті болу үшін ашық сұрақтар қойдым. Ал екінші тапсырмамда «Қарқын» арқылы саралау тәсілін жүзеге асырдым.Кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді, оларға қосымша Алдаркөсе мен Қожанасырдың айырмашылығы мен ұқсастықтарын венн диаграммасына салу тапсырмасын бердім.
|
Критерийалды бағалауды жүзеге асыру мақсатында сабақ мақсатынан бағалау критерийлерін құрастырдым.Әр критерийге жету мақсатында тапсырмаларды ойластырдым.Әр тапсырмадан соң дескриптор құрастырдым. Дескрипторларды орындау арқылы көрсетілген бағалау критерийлерге жетуді жоспарладым.Тапсырманы толық орындаған оқушыларға «Бәйшешек» гүлдерін тарату арқылы олардың сабаққа деген зейінін арттырдым.Топпен жұмыс барысында оқушылар топ-топпен бір-бірін «Бас бармақ» әдісімен бағалады.Сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында «Жарайсың!»,«Өте жақсы!»,«Тамаша!» деген ынталандырушы сөздерді қолдандым. |
Дүниетану пәнімен байланыс болды; АКТ-мен жұмыс,яғни интерактивті тақтаны пайдалану, слайд көрсету,аудиожазба тыңдату;
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген