400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қол еңбегі пәнінен сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбекке баулу пәні бойынша ұстаздарға , тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 5 Орташа ақыл ой кемістігімен үйден оқушы

Пәндер сабақтастығы : Айналадағы әлем «Үй жануарлары»

Шаруашылық еңбек «Жүннен алынатын бұйымдар»

Тақырыбы : "Момақан қой"

Мақсаты : балаларға үй жануары - қой туралы, қойдан алынатын сүт және жүннен жасалатын өнімдер туралы түсінік беріп, дайын қойдың шаблонына жүннен иірілген жіптермен жапсырудың әдіс-тәсілдерімен ұқыпты жұмыс жасауға үйрету

Міндеттері:

Білімділік: үй жануарларының дыбыстарын ажырата, атай білуге үйрету, қой жүніне іздеушілік - бақылау жасап, қорытынды жасауды меңгерту.

Дамытушылық: қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік іс-әрекетін дамыту. Ұсақ қол саусақ моторикаларын дамыту.

Тәрбиелілік: қамқоршылыққа, жанашырлыққа, еңбекқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтары: Үй жануарларының суреті, қолдан жасалған қойдың макеті, қой жүні, мұз, қағаздағы дайын қойдың суреті, ұршық, иірілген ақ түсті жіпшелер, ПВА желімі, қол сүлгі, кеспе суреттер, шөп, су, жем, су, ноутбуктан үн таспа дыбыстары, жүннен жасалған ойыншық бұйымдар, жұмыс алжапқышы.

Әдіс- тәсілдері: тосын сәт, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, жұмбақ, сергіту сәті

Алдын ала жүргізілген жұмыстар: үй жануарлары туралы түсінік беру, алдыңғы шаруашылық пәнінде жіптерді бірге дайындауиірілген жіптерді ұсақтап қию.



Іс -әрекет кезеңдері

Мұғалімніңіс­әрекеті

Баланың іс­әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Балаға ұршық иіріп отырған әженің суретін көрсетеді.

  • Бұл суретте кім?

  • Әже не істеп отыр?

Баланың жауабы

Ұйымдастыру­ ізденушілік

Ұршықты ағаш пен сүйектен жасаған . Ұршық – жүннен жіп жасау үшін иіруге қажет зат.

Жұмбақ жасырады:

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.


  • Дұрыс таптың, жарайсың. Ендеше сенің маған көмегің керек боп тұр, мына қой жалғыз адасып отарынан қалып қойыпты, маған оны шарбаққа кіргізіп, қоректендіруге көмектес.

алдымен айтыңдаршы –қой осы қандай жануар?

  • Неліктен солай ойлайсыңдар?



Дидактикалық ойын: «Мекеніне орналастырып, қоректендір» Қойды киіз үйдің жанындағы шарбаққа кіргізіп, алдына астауға су, жем, шөп салуға еңбекке тәрбиелейді. Балаларға қойдың пайдасының көп екенін, мейірімді екенін түсіндіреді, басынан, үстінен сипауды ұсынады.

  • Енді мына суреттерге қарайық (мольберттегі суреттерге назарларын аудартады)

  • - Қой бізге береді? Ол өте мейірімді, жүнін өңдеп, неше түрлі киімдер жасайды.Жүнді қойдың үстінен қырқып алып, жуып, түтіп, сабап, оны иіріп, жіп жасап қолғап, шұлық, т.б. заттар тоқиды, жүнінен сырмақ жасайды (қойдың сүтінен, жүнінен алынған бұйымдар мен тағамдардың суретін көрсетеді).

Іздеушілік- зерттеу жұмысын ұйымдастыру.

  • Жаңағы қойымыз бізге жүнін берді, мында келіп қараңдаршы (жұмыс үстеліне балаларды шақырады)

  • Ал, енді балалар алдыңдағы жүнді ұстап көрейік. Жүн қолға ұстағанда қандай? (Жұмсақ, жылы, жеңіл) Бақылатып, ұстап көрсетіп, жүнді сипаттауды ұсынады. Алдындағы екі бөлік мұзды бірін жүнге, екіншісін қағазға орап қойғызады.

Сергіту сәтін ұйымдастырады:

-Ал, енді саусақтарымыз шаршамасын, саусақ жаттығуын жасайық:

Қуыр-қуыр, қуырмаш!

Тауықтарға бидай шаш:

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек!

Сен тұр қозыңа бар!

Сен тұр қойыңа бар!

Сен тұр жылқыңа бар!

Сен тұр сиырыңа бар!

Ал, сен қазан түбін жалап,

Үйде жат,

Мына жерде май бар,

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде қатық бар.....

Қыты, қытық.

Баланың шығармашылығы:

Жапсыру. Балалар алдарындағы иірілген жіптердің алдын-ала ұсақтап қиылған жіпшелерімен желімді қылқаламмен жағып, дайын қойдың шаблон суреттеріне жіпшелерді себелей отыра басынан бастап жапсыруды ұйымдастырады. Жапсыруды тәрбиеші өзі бастап балаларға көрсетеді.

Балалар жұмыс аяқтаған соң орап қойған мұздарын ашып қаратады.

  • Жүннің жылуын мұзды тез ерітетінін бақылау, салыстыру, қорытынды, тұжырым жасатады:

Жүннің жылулық қасиеті болғандықтан, мұзды қағаздан қарағанда тез ерітті т.б)

Дидактикалық ойын: «Дауысынан ажырат» Үнтаспадан қой мен қозының маңыраған дауысы естіледі.Балалардан дауыстарын ажыратып, табуды сұрайды.

Балалар қызықтап тамашалайды.



Жұмбақты ойланып шешеді

(Қой)











Жұмбақты ойланып шешеді





Балалар ойларын айтады.

Балалар қайталайды.

қойға су, жем-шөп береді(басынан, үстінен сипайды)

қамқорлық жасағанына риза болады.







Балалар жауап береді (ет, сүт және жүн)Суреттерге қызығушылықпен қарайды

















Балалар ұстап, сипап - сезу арқылы тапсырманы аса қызығушылықпен орындап белсенділік көрсете біледі.













Сергіту жаттығуын жасайды.

























Жапсыру тәсілдерін еске түсіріп, өз бетінше мұғалімнің үлгісімен жұмыс жасайды





Зерттеу­бақылау арқылы өз ойларын айта біледі. Қорытынды жасай біледі.Дауыстарын тыңдап, ажыратады


«Еркелетіп ата» - қолдарына жіптен тоқылған қуыршақты алып, тілектерін бір-біріне бере отырып айтады

(ботам,құлыным, қозым, құлыншағым, ботақаным)

ҰОІ-әрекетін қорытындылайды.

аналарының, әжелерінің үй жануарлардың төлінің атауымен еркелетіп атағандарын айтады. Өз жұмыстарын мақтанышпен көрсетеді.

Күтілетін нәтиже.

Нені біледі:

1.Қой мен оның төлі туралы, қойға жалпы сипаттама бере біледі.

2.Шығармашылық жұмыс жасай біледі.

Қандай түсініктерді игерді:

Қой туралы оның пайдасы туралы түсініктерді игерді, зерттеп, бақылау жасаудың қорытындысында жүннің маңызы жайлы түсініктері қалыптасты

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

1.Жіппен қойдың жүнін жапсыра жұмыс істей қорытынды, тұжырым жасай білу іскерліктерін;

2.Қағазбен, желіммен, ұсақ жіптермен, жүнмен жұмыс істеу дағдыларын; 3.Қызығушылықтары, белсенділіктері артып, қорытынды жасай білу іскерліктерін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
5705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі