жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қол өнер" ашық тәрбие сағаты
Мектеп
психологтары: Нысанова А.К. Джантаева
Т.И.
Мақсаты:
Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін, тұлғааралығын өзара
әрекет ерекшеліктерін зерттеу. Оқушылардың психикалық және тұлғалық
дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысымен біліктілікті
дамыту. Педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге
көмектесу, психологиялық мәдениетін
көтеру.
Психологиялық
қызметтің міндеті
• Өмірге
икемді, алдағы атқаратын істерді толық сезе білетін, өмірге
көзқарасы қажетті дәреже таныта алатын тұлғаны
тәрбиелеу;
• Әрбір оқушыға
мақсатты айқын мәдени - өнімдік тұлға болуға әсер
ету;
• Әрбір
оқушының өз мінез- құлқының мүмкіндіктерін ашуға
көмектесу;
• Ұжымда
жағымды психологиялық хал- ахуалдың болуына әсер
ету;
• Жекелеген
ауытқушылықтардың алдын
–алу;
• Бәсекеге
қабілетті маман даярлауға психологиялық әсер
ету.
Мектептегі
психологиялық қызметтің негізгі
бағыттары
Психологиялық
зерртеу Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ
тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу, жан-жақты толық
мүмкіндіктерін ашу.
Психологиялық
алдын-алу
Мақсаты:
Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін
сәтсіздіктерге ескерту жасау, алдын алу шараларын
ұйымдастыру.
Психологиялық
түзету, дамыту
Мақсаты:
Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуындағы кездескен
келеңсіздіктерді теңестіру, түзету жұмыстары, жалпы оқу дағдысы мен
біліктілік деңгейін
арттыру.
Психологиялық
кеңес беру
Мақсаты:
Педагогкикалық үрдіске қатынасушылардың барлығына дамыту, оқыту,
тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер
беру.
Психологиялық
ағарту
Мақсаты:
Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың психологиялық мәдениетін
көтеріп, психологиялық білімге жұмылдыру шаралар
ұйымдастыру
Психологиялық
диагностика
Мектепалды
даярлық және 1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын
анықтау мақсатында психодиагностикалық жұмыс бағыты бойынша
«Керн-Йерасик» тесті алынып, нәтижесі шығарылып қорытынды
жасалынды. Бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың орта
буынға бейімделуін анықтауға байланысты Н.Г. Лусканова тесті
алынып, оқушылардың бейімделуі қалыпты жағдайда екендігі
анықталынды. Қиын және девианты мінез- құлықты оқушыларды анықтау
барысында сынып жетекшілерден ұсыныс түсіп «Стот бақылау» картасы
толтырылды, папкасы жинақталды. Тұрмысы төмен отбасы мен
мектепішілік есепте тұрған оқушылардың әлеуметтік – тұрмыстық
жағдайын зерттеу мақсатында әлеуметтік педагогпен бірге
ата-аналарымен сұхбаттасып, үйлерін аралап акт толтырылды. 2-4
сынып бойынша оқушылардың таным процесстерін диагностикалау
мақсатында тест
алынып,
оқушылардың
есте сақтау, зейін, қабылдау, ойлау, қиял деңгейлері тексеріліп,
бланктер толтырылды. 6 – 8 сынып оқушыларымен Филлипстің мектептегі
мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында тест жүргізіліп, нәтижесі
бойынша оқушылардың қобалжу деңгейі факторлар бойынша жоғары
еместігі анықталды. Әр сынып бойынша оқушылардың жеке психологиялық
картасы толтырылды. Бала бойындағы дарындылықты анықтау мақсатында
дарындылық картасы 2-9 сынып оқушыларымен жүргізіліп көркемдік,
спорттық, академиялық, шығармашыл-креативті бейімділіктері
анықталынып, іріктеліп, тізімі жасалынды. Оқушы мен мұғалімнің
қарым-қатынасын, оқушылардың мұғалімдерге деген көзқарасын анықтау
мақсатында
«Мұғалім оқушы
көзімен» анкетасы алынды. Нәтижесінде мұғаліммен оқушы арасындағы
қарым-қатынас жақсы деңгейде, оқушының жақсы тәрбие - білім алып,
жетілуіне мұғалімнің ықпалы басым екендігі анықталды. 5 сынып
оқушыларының қарым-қатынасын анықтау мақсатында «Социометрия»
әдістемесі жүргізіліп, сыныпта жалпы психологиялық ахуал жақсы,
шеттетілген оқушы болған
жоқ.
6-8 сынып
оқушыларының бойындағы өзгерістерді бақылау, келешегіне ой жүргізу,
бала бойына жақсы мінез-құлық қалыптастыру «Менің өзгерістерім»
социометрия әдістемесі жүргізіліп,нәтижесі шығарылды. 1-4 сынып
оқушыларымен «Үй, адам, ағаш» психологиялық әдістемесі жүргізіліп,
әр оқушыға жеке психологиялық талдау жұмысы жүргізілді.Сонымен
қатар бастауыш сынып оқушыларының таным процесстері зерттеліп
анықтау жұмыстары
жүргізілді.
1 сынып
оқушыларынан таным процесстері қалыптасып, есте сақтау, қабылдау,
зейіні, ойлауы өте жақсы, қиялы, ұшқыр ойы, логикалық ойлауы,
сөздерді құрастыруы да өте жақсы
дамыған.
Осы орайда 1-10
сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейі 11 критерий бойынша анықталды,
нәтижесінде оқушылардың тәрбие денгейі үлгерімнен 6 пайызға жоғары
болды.
Ерекше
назардағы оқушының темперамент типі анықталып, жеке 1 оқушыға
мінездеме берілді және оқушымен «Мен және менің достарым»
тақырыбында сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде оқушының өз ортасында
сыныптас достарымен жақсы қарым-қатынаста екендігі анықталды. 8-9
сынып оқушыларының құқықтық білімін анықтау мақсатында «Біз неге
құқылымыз?» тақырыбында сауалнама алынып нәтижесінде оқушылардың
құқықтық білімі орташа деңгейді
көрсетті.
Сонымен қатар
дарынды оқушылармен ақыл-ой деңгейі дәрежесін анықтау мақсатында
«Штур» әдістемесі жүргізілді, нәтижесінде оқушылардың ақыл-ой
деңгейі жоғары нәтижені көрсетсе, қалған оқушылар орташа деңгейді
көрсетті. 5-8 сынып аралығында жеке бас ерекшеліктерін анықтау
мақсатында «Кактус» әдістемесі жүргізілді, Нәтижесінде: әр сынып
оқушыларының жеткіншектік шақтағы өтетін қиыншылықтар, өзіне
сенбеушілікті анықтап, өзіндік бағалауды үйрету, жауапкершілікті
арттыру, мінез-құлқының әлеуметтік маңызды нормаларына бағдарлау,
бейімдеу, қасиеттерді бағалау
анықталды.
Мектеп алды
даярлық алды тобы мен 1-4 сынып оқушыларының бейімделу деңгейі,
танымдық процестеріне психологиялық диагностика жүргізілді.
Оқушылардың ойлау, көру, есте сақтау қабілеттерін анықталынды.
Оқушылардың бағдарлы оқыту және болашақ мамандыққа көзқарасын
анықтау мақсатында 9 сынып оқушыларынан сауалнама алынып,
қорытындысы шығарылып, оқушыларға болашақ мамандыққа байланысты
түрлі тиімді кеңестер берілді. Оқушының орта буынға дайындығын
анықтау мақсатында «Мен 5 сыныпқа көшемін» тақырыбында шығарма
алынды, мақсаты 4-сынып бастауыш сыныптан орта буынға өту туралы
оқушылардың ойын білу, психологиялық тұрғыда дайындығын,
эмоционалды жағдайын білу, анықтау. Оқушылардың шығармаларынан
анықталғаны,оқушыларда орта буынға көшуде қобалжу жоқ
екендігі,өздеріне сенімділігі мол екендігі
анықталды.
3-4сынып «Мен
білемін» топтық іскерлік ойын оқушылардың ойлауының, есте
сақтауының қарым-қатынасын
анықтау.
Мектеп алды
даярлық тобы оқушыларының танымдық процестерінің (ойлау, қабылдау,
есте сақтау, қиял)даму деңгейі анықталып, әр оқушыға нұсқаулық
бойынша тапсырмалар беріліп, қорытынды жасалынып нәтижесінде мектеп
алды даярлық тобының мектепке дайындығы орташа деңгейді
көрсетті.
Психокоррекция:
түзету, дамыту
Оқушылармен
психокоррекциялық жұмыс психологиялық түрде дұрыс дамыған балаларға
да, сонымен қатар оқу барысында, мінез – құлқында қандай да бір
күрделі психологиялық мәселелері байқалатын балаларға да
бағытталына алады. Алғашқы жағдайда дамытушы жұмыстың басым
қолданылуы, ол екінші жағдайда – түзету (коррекциялық) жұмысының
орындалуы жоспарланады. Толық әрі жан – жақты ұйымдастырылған
түзетуші – дамытушы жұмыстың негізгі принципі – оқушыға ықпал
етудің тұтастығы болып
табылады.
Жеткіншектермен
жеке бас ерекшеліктерін дамыту және қарым-қатынасқа нашар түсетін
оқушылармен «Көңіл-күй кімге және кімге байланысты болады?» түзету
жұмыстары жүргізілді.
Бастауыш сынып
оқушыларға эмоциялық көңіл-күйге арналған түзету-дамыту
бағдарламасы жасалып 1 - 2 сынып өзіндік бағалау әдістемесі
жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың өзіндік бағалауы «орташа»,
«жоғары» деңгейде екені анықталды. 1 сынып оқушыларымен жүргізілген
«Мектептің суретін сал» әдісі арқылы баланың мектепке
қарым-қатынасы мен мектептік қобалжу деңгейін анықталды. Төмен
деңгей – 8 оқушы, орташа деңгейде - 20 оқушы, жоғары деңгей – 10
оқушы.Оқушылармен оқушы бойында бір- біріне деген құрмет, достық,
жанашырлық, татулық сезімдерін ояту мақсатында «Менің жағымды
тұстарым, жақтарым, қырларым ... досымның көзімен» әдістемесі
жүргізілді.
Сонымен қатар
үйде оқытылатын оқушының үйіне барып ата-анасымен балалардың
денсаулығы, тұрмыс жағдайын анықтау мақсатында кездесулер
ұйымдастырылды.
Үйде
оқытылыатын оқушыға мектеп әкімшілігінің атынан кішігірім сыйлықтар
таратылды.
Оқушының
мектепке деген көзқарасы, мектептегі белсенділігін, оқуға ынтасын,
мектепте оқуға бейімделуінің деңгейін, сабаққа қатынасын
анықталынды, нәтижесі шығарылып оқушылырмен «Жағымды қатынас орната
білу», Өзіндік бағаны дамытуға арналған жаттығулары зейінді
дамытуға арналған жаттығулары, ес процесін дамытуға арналған
жаттығулар. «Мен қапқа салдым», «Төртіншісі артық» «Сөйлемді аяқта»
ойындары жүргізілді, мақсаты: логикалық ойлауды, есте сақтауды,
зейінді дамыту, еріксіз зейінді дамыту, еске сақтау қабілетін, есту
арқылы қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді.
Қарым-қатынасты дамытуға арналған
жаттығулар.
Психологиялық
консультация
Оқушылардың
өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу,
мамандық таңдауға жәрдемдесу. Оқушыларға кәсіби бағдар беру.
Жасөспірімдерге өзіндік кәсіптік таңдауға көмек көрсетті, жеке
тұлғаның ерекшеліктерін ұзақ уақыт бақылау арқылы оқушының қай
бағытқа бейім екендігі, мақсатты бағыттылыққа жетекшілік ету.
Көбіне оқушының бойындағы қандай кәсіпке бейімділігі бар екендігін
анықтау ғана емес оқушы бойындағы жекелік сапанының дамуы, өзін
тәрбиелеуі мен оқушының практикаға психологиялық түрде дайындығын
анықтау.
5-6-7сынып
оқушыларына «Бала өмірінде жәбірлеуге жол бермейік» психологиялық
кеңес берілді: Ақылды адам өз басын кінәлайды, ақылсыз адам
жолдасын кінәлайды- демекші, қандай жағдай болмасын, әңгіменің
байыбына бармай жатып, біреуді кінәлаудан аулақ болыңдар. Қиын
жағдайға түсіп қалсаң, үрейге немесе күйзеліске түспе, жағдайыңа
өзің анық талдау жасауға тырыс деп оқушыларға түрлі тиімді
психологиялық кеңестер
берілді.
9-шы сыныптарда
психологиялық-педагогикалық консилиум өткізілді. Оқушылардың
өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде қалыптасуға баулу,
мамандық таңдауға жәрдемдесу.Оқушыларға кәсіби бағдар беру.
Жасөспірімдерге өзіндік кәсіптік таңдауға көмек көрсетті, жеке
тұлғаның ерекшеліктерін ұзақ уақыт бақылау арқылы оқушының қай
бағытқа бейім екендігі, мақсатты бағыттылыққа жетекшілік ету.
Көбіне оқушының бойындағы қандай кәсіпке бейімділігі бар екендігін
анықтау ғана емес оқушы бойындағы жекелік сапанының дамуы, өзін
тәрбиелеуі мен оқушының практикаға психологиялық түрде дайындығын
анықтау,оқушылардың өзіндік кәсіптік таңдауына психологиялық түрде
қалыптасуға баулу, мамандық таңдауға жәрдемдесу,оқушыларға кәсіби
бағдар беру, нәтижесінде оқушылар әр түрлі мамандықтар туралы өз
ойларын айтып, емін еркін сөйлесуді үйренді, мамандыққа байланысты
ақпараттар алмасып, өзін өзі тану аумағын кеңейтті. «Асуларды алады
жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» - деп, Елбасымыздың
алға қойған үлкен мақсаты «Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына
қосылу» үшін біз заман талабына сай болуға тырысатын жастарға сенім
білдіре отырып, консилиумның сіздердің өз мамандықтарыңызды дұрыс
таңдауына, оң шешім қабылдауға психологиялық көмек берілді.Сонымен
қатар «Салауатты өмір сүрсең-қызғалдақтай өнерсің » тақырыбында 8-9
сынып оқушыларымен жеке әңгіме, «Мен нашақорлыққа қарсымын»
тақырыбында дөңгелек үстел жүргізіліп,оқушыларға салауатты өмір
салтын қалыптастыруға байланысты пікір-алмасу барысында
психологиялық консультация
берілді.
Психологиялық
профилактика
7 сынып
оқушыларымен «Мен қандаймын» тренингі жүргізілді. Тренинг барысында
оқушылардың ара қатынасы, бір – бірімен қарым қатынасы, бағалауы
анықталып, ойындар, жаттығулар
жүргізілді.
Оқушылардың
жеке қасиеттерін зерттеу мақсатында «Өзіндік баға берудің шкаласы»,
«Автопортрет» әдісі, «Кактус» әдісі жүргізіліп оқушының айналадағы
адамдармен қарым-қатынасын бақылау мақсатында жеке жұмыстар
жүргізілді. 7-8 сынып оқушыларының құқықтық білімін анықтау
мақсатында «Біз неге құқылымыз» сауалнамасы
алынды.
Кәсіптік
бағыт-бағдар
9сыныптарға
арналған «Сенің кәсіби ой ниетің?» сауалнамасы алынып, өзінің кім
екенін, қандай екенін, болашақта қандай маман бола алатынын, алға
қойған мақсаттарын қалай іске асыру керектігі анықталынып, нәтижесі
шығарылды. 9 сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты
тренинг жүргізілді, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру,
оқушының кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық
дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. Оқушылардың
кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік
құндылықтар туралы танымдылығна психологиялық – педагогикалық көмек
көрсетілді. Сонымен қатар сәуір айында жүргізілген кәсіби бағыт
–бағдар сауалнамасы бойынша зерттеу жүргізілді. Тренингке
қатысушылар кәсіптік икемділік және қызығушылықтарын анықтау
нәтижесімен таныстырылып ақпарат
алмасты.
Нәтижесінде
оқушылар әр түрлі мамандықтар туралы өз ойларын айтып, емін еркін
сөйлесуді үйренді, мамандыққа байланысты ақпараттар алмасып, өзін
өзі тану аумағын
кеңейтті.
Оқушыларға
ОЖСБ-ға дайындық жүргізу мақсатында «Сіздің ерекше қабілетіңіз»
тренингі жүргізіліп, психологиялық ұсыныстар,кеңестер
берілді.
Педагогикалық
ұжыммен жұмыс
1 сынып
мұғалімдеріне кеңестер берілді. Жас мамандармен «Мен ғажайыппын»
тренингі жүргізіліп, жас мамандар сауалнамасы толтырылды. Сынып
жетекшілермен сынып жетекшіге арналған карта толтырылды. Жас
мамандармен психологиялық ағарту жұмысы жүргізіліп «Ұжымға
бейімделу» тренингі өткізілді. «Сіз қандай ұстазсыз?» сауалнамасы
алынып тренинг
жүргізілді.
Мектептегі
барлық сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен байланыса отырып жеке
психолого-педагогикалық карта
толтырылды.
Пән
мұғалімдерімен байланыса отырып негізгі пәндер бойынша оқудағы
үлгермеушіліктің себептерін анықтау мақсатында оқушылардың танымдық
процестеріне психодиагностикалық әдістер жүргізілді.
Психодиагностика арқылы ойлауы, зейіні, есте сақтауы,қабылдауы және
қиялының деңгейлері анықталды. Нәтижесі шығарылып,пән мұғалімдеріне
ұсыныстар жасалды. Әр үлгерімі төмен оқушыға психодиагностикалық
зерттеудің нәтижесі бойынша қорытынды жасалды. Оқушылар мен
мұғалімдердің қарым – қатынасын анықтау мақсатында сауалнамасы
жүргізіліп мұғалім оқушы арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау,
оқушы мен мұғалімнің арасындағы келіспеушілік, оқушының бойындағы
жағымды қасиеттің болуын, мұғалімнің оқушыны тәртіпке салу үшін
қандай әдістерді қолданатынын анықталынды. Оқытушының дарынды
балалармен жұмыс жүргізуге бейімділігін анықтау мақстында тест
алынып, ұпай бойынша мұғалімнің дарынды баламен жұмыс істеуге
бейімділігі бар екендігі, шығармашылық ынтасын оята алатындығы
анықталынды.
Сонымен қатар
жас мамандармен «Мен үйдемін, мен жұмыстамын», «Менің ерекше
қабілетім» тренингтері жүргізіліп, «Мен құрметтейтін ұстаз»
тақырыбында шығарма жазылды, шығарма барысында жас мамандар өздері
құрметтейтін ұстаздарды тәлімгер ретінде көргісі келетіні және
ұстаздық мамандықта тәлімгердің атқаратын маңызы зор екендігі
айтылған. «Мұғалімнің шыдамдылығы»тесті алынды. Мұғалімдердің
шыдамдылығы мен кәсіби бағыттылығын анықтау, мұғалімдердің кәсіптік
деңгейін анықтауға мүмкіндік беру. Мұғалімдермен «Мұғалім болу
оңайма?» тренингі өткізіліп, мұалімдердің шаршау, енжарлық,
аффектілерінен арылтуға жаттығулар жүргізілді. Сынып жетекшілерді
диагностика нәтижелерімен таныстырылып түзету дамыту жұмыстары
уақытында өткізіліп отырады. Оқушылар мен мұғалімдердің қарым –
қатынасын анықтау мақсатында сауалнамасы жүргізіліп мұғалім оқушы
арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау, оқушы мен мұғалімнің
арасындағы келіспеушілік, оқушының бойындағы жағымды қасиеттің
болуын, мұғалімнің оқушыны тәртіпке салу үшін қандай әдістерді
қолданатынын анықтау
Жыл бойы
оқушылармен, мұғалімдермен, сынып жетекшілермен тығыз байланыста
қарым-қатынаста жұмыс жүргізілді. Жас мамандармен психологиялық
қолдау көрсету мақсатында психологиялық ағарту жұмыстары және қарым
– қатынас, сенімділік тренингтері жүргізіліп
отырды.
Ата-аналармен
жұмыс
Оқушының
ата-анамен қарым-қатынасын анықтау мақсатында ата-анасынан
«Ата-аналарға арналған»сауалнамасы жүргізіліп баласына қанша уақыт
бөлетінін, қаншалықты түсініп, тыңдай алатыны біліп тексеру
мақсатында 7-8 сынып оқушыларынан «Балаларға арналған» сауалнама
алынды. Сонымен қатар ата-аналармен «Тәрбие отбасынан басталады»,
«Кикілжіңнің бала денсаулығына әсері» тақырыптарында жиналыстарда
баяндамалар оқылып,баланың ата-ана өміріндегі маңызды орын
алатынына шолу
жасалынды.
Әр-бір ата-ана
оқушының жан-жақты дамуын қадағалауы (қызығушылығы, қабілеттілігі,
психолого-физиологиялық сапасын, денсаулық
жағдайы)қажет
Оқушының
практикалық және психологиялық дайындығын кәсіптік міндеттермен
салыстырып деңгейін білуі
керек.
Болашақ
мамандығын еркін меңгеру үшін, жеке жетіспейтін кәсіби сапасын
баламен бірге маңыздылығын
анықтау.
Өзіндік
тәрбиелеуге ұмтылыс және мектеп баламен оның жетістіктерімен
мақсатқа жету жолын қарастыру. Еліміздің дамуы мен қалыптасуында
ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның ең бастысы- еліміздің тұғырын
берік етіп ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін
ұрпақ өсіруге атсалысу. Қоғамда дамытушы күш жастар болғаннан
кейін, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш, қабілет
болуы керек. Ол күш-білімде, тәрбиеде, тәжірибеде, делінді баяндама
барысында.
Дарынды
оқушылармен жұмыс
Дарынды
балалардың қабілеттерінің анықталуына, дамуына жағдайлар жасау,
шығармашылық іс-әрекеттеріне қолдау
көрсету.
Оқыту үрдісінде
дарынды балалармен жұмыстың тиімділігін арттыратын педагогикалық
технологияларды
ендіру.
Дарынды
балалармен жұмыста мұғалімдерге ғылыми – әдістемелік, ақпараттық
қолдау көрсетуді
жетілдіру.
Дарынды бала
өзгеше және шапшаң ойлайды.
Дарынды
оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі: өте сезімтал, ықылас
қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп
ұсынады.
Дарынды
оқушының физикалық тұрғыдан ерекшелігі: дамудағы шапшандылық,
ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял күйінің басым
түсуі.
Әлеуметтік
тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғары
моральдік қасиеттерге ие
болуы.
Дарынды
оқушының қызығушылығын арттыру, дамыту үшін таңдалып алынған
дарынды оқушылармен төмендегі жұмыстар
жүргізіледі.
Дарынды
балаларды анықтау, ата-аналарымен, сынып жетекші пән мұғалімдерімен
қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықталынып С.А. Савенков
картасы толтырылды. Оқушылар бар зейіндерін салып ойланып, өз
қиялдарына ерік беріп бейнелі тесті
орындады.
Дарынды
балалардың. Дарынды оқушының жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету,
қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді. Дарынды балалармен оқу-тәрбие
жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары туралы баяндама
оқылды.
Дарынды
балалармен «Мен ғажайыппын», «Менің ерекше қабілетім» тренингі
жүргізіліп оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, әр түрлі
жетістіктерге жете беруге тілектер айтылып, жаттығулар
жүргізілді.
Ерекше назарда
тұратын оқушымен жұмыс
Ерекше назарда
тұрған оқушыларды анықтау мақсатында «Стотт картасы» толтырылып,
нәтижесінде «Ерекше назарда тұратын» оқушылар тізімі
алынды.
Ерекше
назардағы оқушымен «Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі жүргізілді,
жеке психологиялық картасы толтырылды. «Өзіңді бақылай білесіңбе?»
сауалнамасы алынды, «Мен және менің достарым» тақырыбында сұрақ –
жауап алынды. «Бақылау картасы», «Өзара қарым-қатынас», ерекше
назарда тұратын бақылау күнделігі толтырылып, үйірмелерге қатысуы
қадағаланып отырды.
Ерекше назарды
қажет ететін оқушымен жеке әңгіме, «Кох ағашы» әдістемесі
жүргізілді.
Құқық ісі
жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілермен
бірлесіп ерекше назарда тұратын, тұрмыс жағдайы төмен, үйде
оқытылатын оқушының тұрмыс жағдайымен танысып, акт
толтырылды.
Өзін-өзі қол
жұмсаудың алдын алу
жұмыстары
6 -9 сынып
оқушылары арасында суициалды мінез –құлықты анықтау мақсатында тест
жүргізіліп, мазасыздық деңгейі бар оқушылармен ағарту жұмыстары
жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын
алу туралы тренинг өткізілді. Оқушылар арасында жағымды
эмоционалдық жағдай қалыптастыру, оқушылардың ішкі сана сезімін
түсіну, өзін-өзі қол жұмсаудың алдын алу, өмірге құлшынысын ояту.
«Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі» атты «дөңгелек үстел»
барысында мұғалім оқушыларға өзіне-өзі қол жұмсау қолайсыз
жағдайларға, үлкендер тарапынан болатын қысымдарға, кейде педагог
мамандардың әдепсіз қылықтарынан, достары мен сыныптастарының дау
дамай мәселесі, өзара реніш, жағдайда туындайтындығын көрсетті. 7-9
сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары
барысында сынып жетекшілері мен мектеп психологтары «Өмір құндылығы
неде?» тақырыбында оқушылардан қысқаша шығармалар жазылып
алынды.
Ата-аналар
жиналысы барысында «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық
ерекшеліктері» жайлы баяндама оқылды. Өзін-өзі қол жұмсау
мінез-құлық ішкі және сыртқы жоспарда көрініс табады. Суицид
әрекеті-өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті мен аяқталған суицидті
біріктіреді. Суицидтің үш түрлі топқа бөлінетіндігі жайлы да,
мінездің ашулы, байбаламдық сипаттында жеке бас қарым-қатынастың
кесірінен болатын жағдай екені
айтылды.
Сонымен қатар
аудандық білім бөлімінің нұсқауымен 2018 жылғы наурыз айында
жүргізілген айлық жоспарға сай мектеп оқушыларының арасында
психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық іс –шара
өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы «Өзіне – өзі қол
жұмсау» тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, өзінің
көкейкестілігін жоғалтпай,қайта жас ерекшілігіне қарай оның
маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Өзіне өзі қол жұмсау тек
адамға тән қасиет. Өзіне-өзі қол жұмсайтын адамдар көбіне
психикалық аурулармен ауыратын, стрессте жүретін, өзін-өзі басқара
алмайтын адамдар болып келеді. Сондай-ақ, өзіне-өзі қол жұмсау
оқиғасы дамуы қалыпты адамдардың да психопотологиясында орын
алады.
Құқық
бұзушылықтың алдын-алу барысында оқушылардан «Бопсалау дегеніміз
не?» қалай түсінетінін, жоғарғы сыныптардан әлімжетік, жәбір көріп
жүргенін білу, анықтау жұмыстары, «Қылмыс неден басталады», «Біз
неге құқылымыз» сауалнамалары алынып оқушылардың құқықтық
білімдерін анықталды.
«Сенім жәшігі»
жұмыс жасап, түскен хаттар талқыланып, керек жағдайда мектеп
әкімшілік кеңесінде қаралды. Мектеп директорының құқықтық тәрбие –
ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, оқу-тәрбие-ісі
жөніндегі орынбасарларымен тығыз байланыста болып жұмыстар өз
деңгейінде жүргізіліп отырды.
Психологтың –
оқу жылындағы есебі.
«Ертөстік»
мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагог-психологы
Тукмухамбетова Айман Мирзалевна. Білімі жоғары, 2
санат
Ақтөбе
облысы,Шалқар ауданы,Бозой елді
мекені.
Балабақша
психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру
мақсатында және балабақшаның тәрбие беру ортасында арнайы жағдайда
қалыптастыра отырып, баланың психологиялық даму жақсарту
мақсатындағы міндеті- балалардың психологиялық даму нәтижелерін
бақылап отыру,балалардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық
көмек көрсету үшін жағдай жасау,балаларды индивидуалды және жастық
ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды
жүзеге асыру, көңіл-күйлерін ұйымдастыруға қатысу,педагогикалық
ұжымды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы,сұраныс
иелерін психолог жұмысының түрлерімен,
ақыл-кеңестермен,бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен
таныстыру арқылы, педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің
жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып
табылады.
Психологиялық
бағыт: - психодиогностикалық -түзету-дамыту - ақыл-кеңестік -
ағартушылық -
профилактикалық
Журнал:
-дамытушылық журнал- түзету журналы - ақыл-кеңестік
журналы
Балалармен
жұмыс - балалардың балабақша бейімделуі, адаптациялық кезеңнен
өтуінепсихологиялық көмек көрсету- балалармен танысып топ тізімін
дайындау -жылдың басында және жылдың аяғында зертеу жұмыстар
жүргізу -сенсоматорлық карта өткізу - балабақша балаға әсер етуін
анықтау (сұрақ-жауап) -Ұ.О.І.Ә-не қатысу топтың ауа райын бақылау-
«төмен» деңгейдегі балалармен жұмыс- мектепке дайындығын анықтау
(сұрақ-жауап) -жыл бойына психологиялық түзету-дамыту жұмыстар
жүргізу
Ата-аналармен
жұмыс -«Баланың жас шамасына сай даму ерекшеліктері» ақыл-кеңестер
беру-«Бала балабақшаға бейімделуі» кеңестер беру -«балабақшаға
деген көзқарасын анықтау» сауалнама - жылдың басында балалардан
алынған зертеу жұмыстармен ата-аналарға қорытындысымен таныстыру
кеңестер беру- дөңгелек үстел «Отбасы бақыты-ол...»тақырыбында
пікірлесу тренинг өткізу -сауалнама ата-ананың Ұ.О.І.Ә-не
көзқарасын анықтау - тренинг «Болады,болмайды» ,тәрбиеші мен
ата-ана арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін сауалнама алу
-«Көңіл-күй терапиясы» тақырыбында жоғары топтың ата-аналармен
тренинг ұйымдастыру-жылдың аяғында балалардан алынған зертеу
жұмыстардың қорытындымен таныстыру кеңестер беру- жанұялық тәрбие
стилін анықтау-ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктерін
айқындау-психологиялық ағарту және профилактика (дәріс,әңгіме) -
түзету және дамыту - жұмыстарына
қатыстыру
Педагогтармен
жұмыс - әкімшілікке әлеуметтік психологиялық көмек -педагогтардың
жаңа оқу жылына психологиялық ахуалын жақсартуға көмек беру - «жас
тәрбиешілерді ұжымға бейімдеу, психологиялық тұрғыдан ақыл-кеңестер
беру» баяндама. - тренингтер «бала-сәби», «кездесу», «қырықаяқ»
педагогикалықкеңесте өткізу-«тәрбиешілердің білім деңгейін анықтау»
сауалнама-тәрбиешілерден «баланың даму қылықтарына баға беру»
сауалнама алу -педагогтардан «социометрия» алу -сауалнама «өз
мамандығының шеберлігін анықтау» -тәрбиешілердің Ұ.О.І.Ә-не қатысып
психологиялық тұрғыдан бақылау- жылдың аяғында топтың «даму
деңгейін»анықтау -оқу жылдың аяғында «тәрбиешілердің білім деңгейін
анықтау» тест -педагогикалық кеңесте ,отырыста балалармен
жүргізілген психологиялық зертеу жұмыстармен педагогтарға жыл бойы
таныстырып отыру -ата-аналардан алынған сауалнаманың қорытындысымен
таныстыру -психологиялық жылдық есеп беру-тұлғаның әлсіз және күшті
тұстарын анықтау -жайлы психологиялық микроахуал
қалыптастыру.
Жылдық
есеп.Мақсаты:психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып,шолу
жасап,атқарған жұмыстарына байланысты есеп
беру.
2012-2013 оқу
жылының жылдық жұмысына есеп берер болсақ, көптеген істердің
атқарылғандығы көрсетеді. Қыркүйек айынан бастап 6 топпен жұмыс
жасадым, оның ішінде зертеу жұмыстар жоғарғы 4 топпен (3,4,5 жас
аралығындағы балалармен)жұмыс жасадым.Жылдық жоспар, айлық жоспар
және циклограмма құрдым.Қыркүйекайында балалармен адаптациялық
кезеңнен өтуіне байланысты психопрофилактикалық,
психодиогностикалық жұмыстар жүргізілді.Балалармен танысып топ
тізімін дайындадым.Психологиялық ойын арқылы балалардың «ойынды»
әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету,балаларды біріктіру өзара сенім
жағдайын құру мақсатында коррекциялық түзету-дамыту жұмыстары
жүргізілді.Оқу жылдың басында қазан қараша айларында және оқу
жылдың аяғында наурыз сәуір айларында балалармен зерттеу жұмыстары
жүргізіліп,таным процесстерін анықталып мониторингі
шығарылды.Жоғарғы топтың балалардың ойлау қабілеттері жылдың
аяғында «төмен» екені анықталды,яғни берілген сурет арқылы әңгіме
құруға қиналатынын,сөз қоры аз екенін байқалды. Ал «Көгершін»
тобында жылдың аяғында 15 бала «5-ке» дейін санды тани алмайтынын
анықталды.Тәрбиешілерге әдіскер тарапынан ескертулер
берілді.
2012-2013
жылдың «Қарлығаш» тобының психологиялық диогностиканың, даму
картаның мониторингі
2012 жыл
барлығы бала саны:14 2013 жыл барлығы бала саны:19 Қатысқаны:13
бала. Қатысқаны:19
бала.
2012-2013
жылдың «Гүлдер» тобының психологиялық диогностиканың даму
картасының
мониторингі.
2012 жыл
барлығы бала саны:14 2013 жыл барлығы бала саны:15 Қатысқаны:12
бала Қатысқаны: 12
бала.
2012-2013
жылдың «Көгершін» тобының психологиялық диогностиканың даму
картасының
мониторингі.
2012 жыл
барлығы бала саны: 22 2013 жыл барлығы бала саны:21 Қатысқаны: 20
бала. Қатысқаны: 18
бала
Желтоқсан
айында балалармен жүргізілген жұмыстар ретіне келер болсақ, баланың
балабақшаға бейімделуіне байланысты «Балабақша балаға әсер етуі»
әдістемесі жүргізіліп, тәрбиешілеріге педагогикалық отырыста
ұсыныстар тапсырылды. Жалпы балалардың балабақшаға деген әсері
жақсы,достары көп екені анықталды тек қана балабақшаның ойыншықтары
аз, балаға жеткіліксіз екені сұрақтар қою барысында көп ұпай
жиналды.Қантар айында үлгерімі «төмен» деңгейдегі балалар
«Көгершін» тобында Дүйсеналы Сағындық, Бахитов Алдаир,Біржанов
Досымжан,Орынбаев Бекжан,Сағынбаев Айқын. «Гүлдер»тобында Утегенов
Нұртай,Көкетай Ерасыл,Турлан Тасқын,Жетісбайұлы Мади. «Қарлығаш»
тобында Аюпнабиева Аянат, Айболсын Нұрайым,Түгелбаев Аслан,Шоханов
Жарас екені анықталып психологиялық түзету жұмыстар жүргізгенде
балаларға «Артық ұғымның астын сыз», «Суретті есте сақта»,
«Нүктелерді есіңде сақтап қойып шық» әдістемелері қолданылып
жүргізілді. Қорытындысында есте сақтау деңгейлері әртүрлі
орташа,төмен немесе жоғары екендіктері анықталып көрсетіліп отырды.
Ал сәуір айында оқу жылдың аяғында «Гүлдер», «Қарлығаш» тобының
тәрбиешілері сауалнама толтыру барысында даму деңгейі «төмен» бала
жоқ екені анықталды, «Көгершін» тобында 4 бала бар екені
анықталып,яғни тәрбиешілер жыл бойына осы «төмен»деңгейдегі
балалармен ешқандай жұмыстары жүргізілмегенін байқалды.Әдіскер
тарапынан тәрбиешілерге ескертулер берілді. Мамыр айында жоғары
«Гүлдер», «Қарлығаш» тобында «мектепке дайындығын анықтау»
мақсатында сауалнама алынып анықтамасы шығарылып,диаграмма ретінде
көрсетілді.Нәтижесінде балалардың мектепке дайындығы жақсы екені
анықталды. 2013 жыл мамыр айы «Гүлдер», «Қарлығаш» тобының баланың
мектепке дайындығын анықтаудиаграммасы. Барлығы бала саны:30
Қатысқаны:27 бала
Балабақша
ата-ана байланысын жақсарту мен тәрбиешілердің ата-аналарымен
байланысы,қарым-қатынасын анықтау мақсатында балабақшада ата-аналар
жиналысы ай сайын ұйымдастырылды.Қыркүйек айында «Баланың жас
шамасына сай даму ерекшеліктері » ақыл-кеңестер берілді, төменгі
топтың ата-аналарына «Баланың балабақшаға бейімделуі» туралы яғни
үйдегі баланы балабақшаға әкелгенде оңай қабылдау үшін, оған қандай
көмек көрсету қажет екенін ата-аналарға әртүрлі психологиялық
кеңестер ұсынылды. Қазан айында отбасы арасындағы қарым-қатынаста
адамгершілік,әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең
тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына,
яғни баланың ата-анасын жан жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап,
құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың
өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып
отырылуына байланысты баяндама тыңдалды. Жылдың басында балабақшаға
деген көзқарасын анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама
жүргізіліп, нәтиже шығарылды.Наурыз айында «Бүлдіршін» тобының
ата-аналарына бақыт сыры туралы түсінік беру,бақытты болуға,өмірдің
әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу, отбасы бақытын бұзатын
жағдайларды болдырмау мақсатында дөңгелек үстел жүргізіліп, «Отбасы
бақыты ол...» тақырыбында ата-аналар өздерінің ой пікірлерін ашық
жеткізіп ортаға салды. Барлығы 15 ата-ана, 2 тәрбиеші, медбике,
әдіскер тренингке қатысып «тілек шамы» арқылы өздерінің тренингтен
алған әсерлерін айтып, психологқа ризашылығын білдіріп, нәтижесінде
ата-аналардың бойында көптеген ақпараттармен қамтылып, сергіп
қайтты.. Сәуір айында ата-аналардың Ұ.О.І.Ә-не көзқарасын анықтау
мақсатында сауалнама жүргізіліп,нәтижесі шығарылып хаттамаға
тіркетілді.Сонымен қатар «Балбөбек» тобының ата-аналарымен
«Болады,болмайды» атты тренингі өткізіліп,суретке түсіріліп
ата-аналардың көңіл-күйлері көтеріліп сергітіп қайтты. «Қарлығаш»
тобында ата-аналардың ерікті бақылау дағдысын және көңіл-күйді
реттеу мақсатында «Көңіл-күй терапиясы» психологиялық тренингі
ұйымдастырылды.Тренингтің барысы таныстыру, сұрақ-жауап, рөлдік
ойындар,тренинг «ашулы шарлар»,гүлдің шоғына ата-аналар тренингтен
алған әсерлерін жазып,психологқа ризашылығын білдірді.Ата-аналар
өте жақсы көңіл-күйде
тарқатты.
Мамыр айында
107 ата-аналардан балабақшаның тәрбиешілеріне, оқу іс-әрекетін
ұйымдастыруына, жалпы балабақшаға деген көзқарасын анықтау
мақсатында сауалнама алынып, қорытынды шығарылды.Сонымен қатар
жылдың басында, жылдың аяғында балалардан алынған зерттеу
жұмыстары, яғни таным процесстерін анықтау көрсеткіштерімен
таныстырып, ұсыныстар
берілді.
Педагогтың,баланың, ата-анасымен қатысуының
өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген
сүйіспеншілігінен тәрбиешінің қылығы мен талабын шектен тыс
субьективті деп кездеседі.Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы
іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол педагогке деген көңіл
толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған тәрбиешінің немқұрайлығы
қосыласа, оның нәтижесі балабақшаға деген кері көзқарасты тудыруы
мүмкін.Сол мәселеге байланысты жыл бойы жеке ата-аналармен
кездесіп, барынша кеңес беріп отырдым. Педагогтармен жүргізілген
ақыл кеңестік жұмыстар ретіне келер болсақ, жаңа оқу жылына
психологиялық ахуалын жақсарту, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында
тренингтер өткізілді. «Жас тәрбиешілерді ұжымға
бейімдеу,психологиялық тұрғыдан кеңес беру » тақырыбында баяндама
тыңдалды. Жас мамандардың жұмысындағы қиындықты анықтауға арналған
диогностикалық сауал-сұрақтар әдістемесі алынды.Педагогтардың
қарым-қатынасын жақсарту, балаға деген жақсы қарым-қатынасын
қалыптастыру, балалық шақтарын естеріне түсіру,түйсік,түсіну
қабілеттерін одан әрі дамыту, оның «балалық комплексін» (үлкен
адамның өзін бала ретінде сезінуі ) қалыптастыру мақсатында
«Бала-сәби», «Кездесу», «Қырықаяқ» тренинг өткізіліп, анықтамасы
шығарылды.
Қараша сәуір
айларында тәрбиешілердің білім деңгейін анықтау мақсатында
сауалнама алынып, қорытынды шығарылып, хаттамаға тіркетілді.Жылдың
басында жылдың аяғында «баланың даму қылықтарына баға беру»
таблицаны толтыру,оны пайыз арқылы шығару, яғни көп пайыз жиналса
«төмен» деңгейдегі баланы анықтап көрсету мақсатында тәрбиешілерден
сауалнама алынды.Қазан айында педагогикалық отырыста ұжымның
лидерін анықтау мақсатында «социометрия» алынды.28 қазан 2012 жыл
өткізілді Барлығы:17 педагог Қатысқаны: 16
педагог
Қантар айында
педагогтардың өздерінің мамандықтарына деген шеберлігін анықтау
мақсатында сауалнама алынып, қорытынды шығарылды. Тәрбиеші мен бала
арасындағы қарым-қатынасын анықтау мақсатында Ұ.О.І.Ә-не қатысып,
бақылап өздерімен бірігіп сабаққа психологиялық-педагогикалық
талдау жасалды. Яғни тәрбиешілерді бақылау барысында балаларға
деген дөрекілік немесе нашар қарым-қатынас байқалмады.Жалпы
топтарда психологиялық ауа райы жақсы қалыптасқан, әсіресе
Журманова Арай, Ильясова Әдемі, Абнагиева Ақтолқын берген
Ұ.О.І.Ә-рі тартымды, бала мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасы
өте жақсы,балаға деген сүйіспеншілігі жылулығы жоғары дәрежеде
екені байқалды.Жыл бойы педагогикалық кеңесте ,отырыста балалармен
жүргізілген психологиялық зертеу жұмыстармен педагогтарға
таныстырып отырдым. Педагогтар арасында темпераминт типін анықтау
мен өзінің психологиялық ішкі дүниесінің күйі мен қоршаған ортамен
қатынасын анықтау мақсатында жыл бойы әдістемелер жүргізіліп,
нәтижесі шығарылып, кеңестер берілді. Өз білімімді арттыру жолында
жыл бойы ашық сабақтарға, түрлі семинарларға қатысып Шалқар ауданы
психологиялық-түзету кабинетіндепедагог психологтармен кездесіп,
кеңес алдым.
2012-2013 оқу
жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған
жұмыстар жүзеге асырылып,психологиялық анықтамалар
берілді.Негізінен қиындықтар ата-аналармен жұмыс барысында
туындады.Себебі,өзіндік көзқарасымен, жеке ойлауымен табандылық
көрсететін ересек тұлғалардың қандай да бір мәселеге көзін жеткізу
қиын болып келеді. Психологиялық қызметтің жұмысының
нәтижелілігінтек мынадай жағдайда көруге болады:психолог пен
педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие
жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі
психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары
бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз
нәтижесін береді.
Келесі оқу
жылына психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды
жоспарлайды: 1.Оқу жылының жұмыс жоспарын өзіндік
жетілдіру;2.Педагогтармен, ата-аналармен және балалармен
жүргізілетін бес бағыт бойынша жұмыс мазмұнын толықтыру;3.Өзіндік
білімін жетілдіру деңгейін жоғарлату;4.Психолог кабинетін толық
жабдықтау;5.Өз тәжірибесін басылымдарда
жариялау.
Психологтың 2013-2014 оқу жылындағы есебі
Мартынов негізгі мектебі
мектеп психологы
Буранбаева Жанаркул Жұмахметовна
Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады.
Оқушылармен жұмыс
- Оқушының мектепке қалыптасуы
-Үлгермеушілермен жұмыс
- Оқушылармен қарым-қатынас
-Ата-анасымен қарым-қатынас
-Мұғалімдермен қарым-қатынас
- Баланың қиын кезеңдерімен жұмыс
-Дарынды баламен жұмыс
- Сол қолмен жазатын балалар
- Тәртібі нашар балалар
-Сынып ұжымындағы психологиялық ахуал
-Кәсіби бағдарлау жұмысы
Ата-аналармен жұмыс
-Жанұялық тәрбие стилін анықтау
-Ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктерін айқындау
-Олардың балаға қарым-қатынасын зерттеу
-Психологиялық ағарту және профилактика (дәріс, әңгіме, әдебиеттер ұсыну)
-Түзету және дамыту
-жұмыстарына қатыстыру
Мұғалімдермен жұмыс
- Әкімшілікке әлеуметтік-психологиялық көмек:
- Тұлғаның әлсіз және күшті тұстарын анықтау
- Жайлы психологиялық микроахуал қалыптастыруға
- Тиімді басқару стилін қалыптастыруға
- Педагогикалық ұжымды зерттеуге
- Кадрларды қабылдауға
-Кадрларды аттестациялауға
-Өндірістік кикілжіңдерді шешуге
Мартынов негізгі мектебінің 2013 -2014 оқу жылындағы психолог жұмысының жарты жылдық есебі
Мектеп психологы: Буранбаева Жанаркул Жумахметовна
Мақсаты: психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.
2013-2014 оқу жылының жарты жылдық жұмысына есеп берер болсақ, көптеген істердің атқарылғандығын көрсетеді.
Қыркүйек – қазанайы аралығында мектебіміздің бастауыш буынмен атқарылған бірқатар жұмыстар мынадай: бастауыш сыныптарға сабақ беретін сынып жетекшілерге сауалнама мен тренингтер жүргізіліп, олардың сабақ үдерісінде оқушыларға жүргізілетін ес және ойлау қабілеттерін дамытуға арналған психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды. Бірінші сынып үлгерімі төмен оқушылармен түрлі психологиялық зерттеулер жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.
1 «а», 1 «б», 2 «а», 2 «б» сыныптарына психологиядан балалардың отбасымен, қоршаған ортамен, туыстарымен, ата-анасымен қарым-қатынасының қандай екендігін анықтау мақсатында «Отбасы суреті», «Біздің ұстаз» және «Әлемде жоқ жануар» , «Баланың мектепке көзқарасы», проективті сурет әдістемесі қолданылып, жүргізілді. Оқушыларға қаншалықты көңіл бөлінетіндігі мен қамқорлықтың, ата-ана тарапынан зейіннің қажет ететіндігі анықталды.
Мектебіміздің дайындық тобы бірінші сынып оқушыларының ата-аналарынан баланың сабағына зейін аударуы мен үй тапсырмасын орындау барысында кездесетін қиыншылықтарды анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліді. Ұстаздары мен ата- аналарға ұсыныстар мен кеңестер берілді. Оқу үдерісі басталып 1 ай өткеннен кейін 1- сынып оқушыларының бастауыш буынға өту кезіндегі кездесетін қиындықтарын анықтау мақсатында оқушылардан сауалнама алынып, анықтамасы шығарылды. Ұсыныстар берілді.
Апта аралықтарында бастауыш сыныптардың сабақ үдерістеріне қатысып, психологиялық бақылаулар жүргізілді. « Екі үй» психологиялық тренинг 3 сыныпта өткізілді.
Ал, орта буынға жүргізілген жұмыстар ретіне келер болсақ, 5, 6, 7 -ші сынып оқушыларының темперамент типін анықтау мақсатында тест жүргізілді. Сынып оқушыларының неліктен сабақ үдерісінде тыныш немесе шулы болып отыратындығы олардың мінез- құлықтарының әр түрлі тұрақты және тұрақсыз болып келетіндігімен түсіндіреледі.
6 сынып оқушыларына оқушылардың бойында бір- біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту мақсатында «Артығын алып таста» сауалнама әдістемесі жүргізілді. 8 сыныбына оқушылардың бойында бір-біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту, қалыптастыру мақсатында «Махаббат жүрегі» тренинг жүргізіліп,шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырып, әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келетінін артаға салып дискуссия өтілді.
Орта буын оқушыларының сыныптағы көңіл- күйлерін анықтау мен сергіту мақсатында түрлі жаттығулар – « Балалардың психологиялық денсаулығын анықтау», «» Өз мәселеңді өзің шеше аласың ба?» сауалнамалар жүргізіп отырылды. Олармен тікелей неге қызығушылықтары бар екендігі, мектепте тағы қандай қосымша іс-шаралар өткендігін қалайтындығы туралы сауал-сұрақтар қойылды нәтижесі шығарылып, пікір алмасулар жүргізілді. Дискуссия барысында оқушылар өздерінің ойларын ашық жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Психологиялық ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, көріністермен көрсетіп жатты. Нәтижесінде оқушылардың бойында көптеген ақпараттармен қамтылып, сергіп қайтты. Бұл жобаның жалғасы сынып сағаттарында жалғасын тапсын деген ұсыныспен шешімін тапты.
Мектебіміздің түлегі болатын 9 сынып оқушыларына «Мен қалаған мамандық» атты психологиялық тренинг шарасы өтті. Шараға 9 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты:мамандық таңдаудың негізгі шарттарымен таныстыру.Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге,өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу. Бейіміне қарай мамандық таңдау қажет, мамандық таңдаудағы қателіктер» деген тақырыпшалар төңірігінде ақпарат алмасу жүргізілді.
Мектеп ата-ана байланысын жақсарту мен оқушылардың ата-аналарымен байланысы, қарым- қатынасын анықтау мақсатында мектебімізде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Қазан айында отбасы арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты бастауыш сынып ( 1 а», 1 «ә» Нұрмағамбетова Қ. Қ, Амренова Ж.Қ ) сынып оқушыларының ата – аналар жиналысына қатысып,» Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересектер тобы" атты баяндама оқылып, « Сен қандай ата –анасың?» атты сауаланама жүргізіліп, нәтижесі шығарылды.
Педагогтың, оқушы, ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін. Сол мәселеге байланысты жыл бойы жеке ата – аналармен кездесіп, барынша кеңес беріп отырдым.
7 -ші сынып оқушыларынан сабақтастыққа байланысты мектепке бейімделуіне байланысты сауалнама алынды. Нәтижесінде оқушылардың оқуға деген ынтасына байланысты пән мұғалімдері сабақты қызықты әрі белсенді ұйымдастырса, мүмкіндігінше интерактивті тақтаны көбірек қолданылсын деген ұсыныспен анықтамасы шығарылды.
Мектебімізідегі үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде оқушыларға «Артық ұғымның астын сыз», «Суретті есте сақта», «Нүктелерді есіңде сақтап қойып шық» әдістемелері қолданылып жүргізілді. Қорытындысында, оқушылардың есте сақтау деңгейлері әртүрлі орташа, төмен немесе жоғары екендіктерін анықталып көрсетіліп отырды.
Олимпиада, сайыста Сапарбай Нұрсұлтан,Нұрмұханова Аяжан,Капенова Сандуғаш,Рыдненок Юля қорғау барасында өздерін қалай ұстау қажеттігі, дауыс ырғағының қандай болу керектігі туралы кеңес беріліп, сергіту жаттығуы жүргізілді. Оларға психологиялық жағынан сендер жұмыстарыңды жақсы қорғап шығасыңдар, барлығы дұрыс болады, өздеріңмен қорғауға шыққан өзге мектеп оқушыларымен танысасыңдар, өздеріңі жаңа білммен қатар достар табуларың мүмкін деген жадынамамен ақпараттандырылды.
Мектебіміздің ұстаздар ұжымымен мұғалімнің дарынды оқушылармен жұмыс қабілетін анықтау тесті алынды. Оған қатысқандар: Борщ Л.В.,Сапарбаева Қ.С.,Мұқышова Г.М.,Қарымсакова Г.М.,Сабиева А.А.,Кунтаева Г.С.,. сынып мұғалімдерінің ұжымдағы қарым- қатынастан туындайтын кикілжіңдерді басқаруға байланысты« Мұғалімнің конфликтогендігі» сауалнама алынды, анықтамасы берілді. Сонымен қатар мұғалімдерге «менің жұмысым», «мен қандай маманмын» жаттығуы жүргізілді.
Психологиялық диагностика жұмысын жасауға, қажетті білім, білік, дағдыларды меңгерудегі әрбір білім алушының оқу жетістіктерін зерттеуге, білім алушылардың интеллектуалды дамуы мен оқу іс-әрекетінің қалыптасуына оқудың тигізетін әсерін анықтауға Астана қаласы ақпан,наурыз,маусым,қыркүйек,қараша айларында 2013ж дәріс алып «Отбасылық тәрбие бойынша психолог-консультант»деген біліктілік кулігін алдым.
Мартынов негізгі мектебінде 2013ж желтоқсан айында мұғалімдер арасында « Нашакорлықсыз өмір» атты семинар өткіздім
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген