Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қол өнер түрлері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: |
Нүкте. Сызық. Сәуле |
Мектеп: |
||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш секілді геометриялық фигураларды атайды, бір-бірінен ажыратады. |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
бояу қарындаштар; ғарыш туралы электронды презентация; интерактивті тақта; ғарыш тақырыбындағы музыкалық шығармалар; әр оқушыға арналып тірек сөздер жазылған парақшалар; маркерлер; ламинатталған тақтайшалар немесе А3 формат-тағы қағаздар. |
|||||
Тірек сөздер |
сызық; қисық сызық; тұйықталған сызық; түзу; нүкте; тұйықталмаған сызық; сәуле. |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға нүкте, сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық туралы түсінік беру, оқушы-ларға оларды айыра білуді үйрету. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
Сабақ тәжірибе жасау негізінде нүкте, түзу, сәуле, бұрыш, тұйықталған және тұйықталмаған сызық туралы түсініктерді анықтауға бағыттал-ған. Оқушылар осы түсініктерді ажырата білуді және нүктелер мен сызықтарды салуды үйрене-ді. Салу барысында түзу және қисық, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды ажырата білуге жаттығады. Сәуле — басы нүктеден басталатын, аяғы жоқ жарты түзу. Бұрыш — бір нүктеден шығатын екі түзудің арасындағы жазықтықтың бір бөлігі. Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерінің 47-бетінде орындау керек. Оқушылардан жұмыс дәп-терін ашуды өтініңіз. “Ғарышқа саяхат жаса” тапсырмасында берілген суреттерді қарап шығыңыз. Сұрақтар қойыңыз: — Түнде аспаннан жұлдыздарды бақылаған кезің болды ма? — Түнгі аспанда жұлдыздар қалай көрінеді? — Түнгі аспандағы жұлдыздар неге ұқсайды? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Жұлдыз- дардың нүктеге ұқсайтыны туралы тұжырыммен келісіңіз. Оқушылардан өз жұмыс парақтарында нүктелерді бейнелеуін өтініңіз. Сіздің әрекетіңіз бүкіл сыныпқа көрініп тұра-тындай тақтада нүктелерді бейнелеңіз. Нүктелерді қағаз бетіне үшкір ұшталған қарын-дашпен дұрыс салуға болатынына тоқталыңыз. Әр жұлдыздың өз атауы болатынын айтыңыз. Мысалы: Темірқазық, Ақбозат, Есекқырған т.б. Біздің нүкте-жұлдыздарымыздың атаулары бо-луы керек. Нүктелерге латынның бас әріптерінің (латын әліпбиінің әріптері) көмегімен атау беріледі: А, В, С, D. Оқушыларға өз нүктелеріне ат беруді ұсыныңыз. Оқушыларға ғарыш әлемінде ғарышқа ұшатын аппарат ұшып бара жатыр деп елестетуді ұсыны-ңыз. Ол жолынан адаспай түзу ұшып барады. Ғарыш аппаратының ізін қалай кескіндеуге болатынын сұраңыз. Оқушылардан өз парақтарына осы іздің суретін салуды өтініңіз. Олардың не салғанын сұраңыз. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз. Оқушылардың сызық салғанын айтыңыз. Нүкте мен сызықтың ең негізгі және қарапайым геометриялық фигуралар екенін хабарлаңыз. Оқушылардан саяхатты жалғастыруды өтініңіз. Ұшқыштың А нүктесінде орналасқанын айтыңыз, осы нүктеден ұшуға аттанады. В, C, D жұлдыздарын ұшып өтіп, қайтадан А нүктесіне оралады. Ол ұшып өткен жолдың сызығын сызыңдар. Ол сызық қандай болып шықты? Мұндай сызық тұйықталған деп аталады. Біз оны А нүктесінен бастадық та, қайтадан А нүктесіне қайтып оралып, сызып әкелдік. Бұл сызықтың басы да, аяғы да жоқ. Сұрақ қойыңыз: — Сызықта қандай нүкте орналасқан? — Тұйықталған сызықтың ішінде қандай нүктелер қалды? — Қандай нүкте сыртында орналасқан? Оқушыларға енді В нүктесінен С нүктесіне ұшып бару керек және D нүктесіне қонуды елестету керек екенін ұсыныңыз. Сызық жүргізіңіз. Сұрақ қойыңыз: — Сіздің сызығыңыз қандай болып шықты? |
Мұндай сызық тұйықталмаған сызық деп атала-ды. Оның екі ұшы бар. Оқушыларға Күннен сәу-лелер түсіп тұрғанын елестетуді ұсыныңыз. Күн сәулелері қалай көрінетінін сұраңыз. Сызып көр-сетулерін өтініңіз. Басы бар, бірақ аяғы жоқ сызық сәуле деп аталатынын хабарлаңыз. Сәулені екі бас әріппен белгілеуге болатынын айтыңыз. Мысалы, ОK. — Сызықтың бір ұшы қай нүктеде орналасқан? Екінші ұшы ше? Оқушыларға сынып кеңістігін зерттеуді және тұйықталған, тұйықталмаған сызықтардың, нүкте-лердің мысалын табуды ұсыныңыз. Суреттен нүктелер мен сызықтарды тап. Оқушылардан оқулықтағы өз орбитасымен Күнді айналып жүрген Жер ғаламшары көрсетілген және Жерді айналып жүрген Ай ғаламшары көрсетіл-ген суретті қарап шығуды ұсыныңыз. Суреттен нүктелерді, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтар-ды және сәулелерді табу туралы тапсырма беріңіз. Жауабы: нүктелер: жұлдыздар; тұйықталған сызықтар: Күнді айналып жүрген Жер; жерді айналып жүрген Айдың орбита сызығы; тұйықталмаған сызықтар: ағып бара жатқан жұл-дыздың ізі. Нүктелер мен сәулелерді ата. Тапсырма белгі-ленген әріптер арқылы нүктелерді оқи білуді қай-талауға бағытталған. Оқушыларға математикада нүктелерді белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріп-тері пайдаланылатынын хабарлаңыз. Орындап көр. Тапсырма ламинатталған тақ-тайшалар мен маркерді пайдаланып жұппен орын-далады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болаты-нына көздері жетеді. Сызықтың түзу болуына назар аударуы керек. Жауабы: екі нүкте арқылы бір түзу сызық жүргізуге болады. Шығарып көр. Тапсырма сызықтарды әріп-термен белгілеп, оқи білу дағдысын қайталауға бағытталған. Оқушыларға математикада сызықтар-ды белгілеу үшін латын алфавитінің кіші әріптері пайдаланылатынын айтып түсіндіріңіз.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
Тірек сөздер жазылған парақшаларды таратып беріңіз. Жүргізуші маркермен тақтада нүктені немесе тұйықталған, тұйықталмаған, түзу, қисық сызықтардың біреуін бейнелейді. Осы кезде салған фигураға қатысты сөз жазылған парақшасы бар оқушы тақтаның алдына сол фигураның жанына барып тұрады. Оқушылар сөздерді суреттің жа-нына немесе сыныптағы “Сөздер тақтасына” іледі. |
Ғарышқа саяхат жаса. Бұл тапсырма кіріспе бөлігінде берілген. Ғарыштық сызықтар. Нүктелерді әріптермен белгілейді. Әр нүктеге ат қояды, нүктелер санын анықтай-ды. Оқушыларға ғарышқа саяхатты жалғастыруды және тұйықталған сызықтарды — қызыл, тұйық-талмаған сызықтарды — көк, ал сәулені — сары түсті қарындашпен айналдыра сызуды ұсыныңыз. Суреттегі нүктелерді тауып, оларды санап, әр-қайсысын әріптермен белгілеу керек. Тапсырманы тез орындаған оқушыға суретті өзінің нүкте-жұл-дыздарымен және сызықтарымен толықтыруды ұсыныңыз. Егер уақыт жетсе, суретті бояуға бола-тынын ескертіңіз. |
|||||
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында: нүкте мен сызықты ажыратады; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызық-тарды айыра біледі; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызық-тарды салуды меңгереді. Оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында әртүрлі нүкте мен сызықтарды көрсете отырып, сұрақ қойыңыз: — Суретте не көрсетілген? Бұл сызық қалай аталады? — Сыныптан және мектеп ауласынан қандай сызықтарды көруге болады? — Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сы-зықтан қандай айырмашылығы бар? — Қандай сызықтарды сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы? — Сәуле түзу сызықтан несімен ерекшеленеді? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас- палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |