400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қол ұстасып шеңбер жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
жылдам қозғалуды, баяу және жылдам жүруді, жүгіруді үйрету. ә) қимылды ойындарға қызығушылықпен қатысуға тәрбиелеу. б) Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу қызыметінің технологиялық карта

Топ: І-сәбилер тобы

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Денсаулық

Тақырыбы: Қол ұстасып шеңбер жасау.

Мақсаты: а) жылдам қозғалуды, баяу және жылдам жүруді, жүгіруді үйрету.

ә) қимылды ойындарға қызығушылықпен қатысуға тәрбиелеу.

б) Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Есте сақтау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер:кішкентай доптар, жалаушалар, әр түстегі шарлар және себеттер.

Сөздік жұмыс: жүріс түрлері, тік тұру, бір тізбекпен жүру, жылдам жүгіру.

Билингвалды компонент: қол – рука, аяқ – нога.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу.

(Нұсқауларды орындау).


Арнаулы жаттығулар:

-бір тізбекпен жүру;

-қол белде, аяқты кезек-кезек жоғары көтеріп жүру;

-баяу жүгіру;

-жай жүріспен жүру.


Балаларға үлкен себеттегі кішкентай доптарды беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.

Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.

Сәлемдеседі. Бірінің артынан бір жүріп, жүруге арналған жолдармен жаттығулар орындайды.


Ұйымдастырушылық

ізденістер

Жан-жақты дамыту жаттығулар: (Кішкентай доптармен)

Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

«Допты иыққа тигіз!»

Б.қ.: негізі тұрыс, допты қос қолмен кеудеде ұстап тұру.

1.Екі қолмен ұстаған допты алға созу.

2.Қос қолдағы допты оң иыққа тигізу

3.екі қолмен ұстаған допты алға созу.

4.Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу.

5.Б.қ. келу.

Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
«Иілу»

Б.қ.: негізі тұрыс, допты қос қолмен ұстау, аяқ арасы сәл ашық.

1.Допты қос қолмен жоғары көтеру.

2.Допты алға созып, иілу.

3.Б.қ. келу.

Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

«Алға, артқа секіру»

Б.қ.:аяқ бірге, допты екі қолмен кеудеде ұстау.

1.Алға қос аяқпен секіру.

2.Артқа қос аяқпне секіру.

3.Б.қ. келу

Тыныс алу:

-тік тұру.

-допты алақанға қою.

-алақандағы допты үрлеу.

(Мұрынмен ауа жұтып, ауызбен дем шығару).

Негізгі қимыл жаттығулары:

1.Қол ұстасып, шеңбер жасау.

2.Алаңның бір шетінен екінші шетіне баяу және жылдам жүгіру.

«Қуыршақтарға қонаққа бару» ойыны:

1.Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

Шеңбер құрып тұру.


Нұсқауларды орындайды.



Допты алға созып, қос иыққа кезек-кезек тигізеді



3-4рет




Допты ұстап, алға қарай иіледі.



3-4 рет





Қос аяқпен алға, артқа секіреді.

3-4 рет.



2-3 рет.


Допты үлкен себетке өздері салады.

Бірінің қолынан бірі ұстап, айнала шеңбер болып тұрады. Баяу және жылдам жүгіреді.Бірлесе ойнайды

Рефлексиялық – түзетушілік

1.Балаларды мақтап, мадақтау.

2.Жүріс түрлерінің дұрыс орындалуын бақылау.

3.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Ұйымшылдықпен ойнайды.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: екі аяқпен алға және артқа дұрыс секіруді.

түсінеді: кішкентай доптарды қолды дұрыс ұстай білу қажеттілігін.

қолданады: жүріс түрлерін дұрыс орындауды және қол ұстасып шеңбер жасай білу іскерліктерін.

Тәрбиеші:Ажигулова Б



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
2659
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі