15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қола дәуірінің сипаты
Ашық сабақ.
Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 6 «Б»
Өтілетін уақыты: 06.12.2017ж. сағ:1235
Өтілетін орны: 313 каб.
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірінің сипаты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «Қола дәуіріндегі Қазақстан» тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау.
Дамытушылық:
Оқушыларды танымдық ойындар арқылы
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып
үйрену, есте сақтау қабілеттерін
арттыру;
Тәрбиелік:
Достарын
тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге
үйрету, өз елінің тарихын танып, оны
құрметтей білуге тәрбиелеу;
Коррекциялық: Оқушылардың дыбыстарын қадағалау, дыбыстарын үнемі түзетіп отыру.
Сабақтың түрі: Ұжымдық, іздену сабағы.
Әдіс-тәсілдері:
Топпен жұмыс, танымдық ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, таратпа қағаздары, смайлик.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-ПА-ПА-ПА-
Амандасу.(диалог)
Қазір қандай сабақ?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Бүгін ауа райы қандай?
Бүгін айдың нешесі?
II. Үй тапсырмасын қайталау: (сұрақ-жауап арқылы)
Өткен сабақтың тақырыбы қандай?
Үйге қандай тапсырма берілді?
1. Қазақ даласында зергерлік өнер қай дәуірде пайда болды?
2. Қола дәуірінде әшекей бұйымдар неден жасалды?
3. ................... - әшекей бұйымдарын жасайтын шебер.
4. Тұмарша дегеніміз не?
Сөздік жаттығу:
Қола дәуірі, Андрон мәдениеті, Беғазы – Дәндібай мәдениеті, ескерткіш, қазба жұмыстары.
III. Жаңа сабақ: (түсіндіру)
Балалар! Бүгінгі ашық сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдеріңді тексеремін.
Таныстыру.
Сыныпты
екі топқа бөлу.
-
«Андрон» тобы;
-
«Беғазы – Дәндібай» тобы;
1
- кезең. «Сенемін – сенбеймін».
Кезең
шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен
алты
сұрақ
қойылады. Бірінші топ
жауап
бермесе
келесі
топ жауап
беруге
болады.
1
- топ: «Сенемін – сенбеймін».
-
Қола дәуірінде адамзат баласы металл
өңдеуді игерді.
( сенемін)
-
Қола мыс пен қалайының қосындысы.
( сенемін)
-
Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң
аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген.
(сенбеймін)
2
- топ: «Сенемін – сенбеймін».
-
Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі
түрі – терімшілік.
( сенбеймін)
-
Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл –
күміс. ( сенбеймін)
-
Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір
өрістеген кезі. (сенемін)
2
- кезең: «Ойыңды аяқта» ( топтарға
таратпа қағаздар беріледі)
Кезең
шарты: берілген тапсырманы 5 минут ішінде
жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын
топ мүшесі оқиды.
1
- топ. «Ойыңды аяқта».
Еуразия даласындағы қола дәуірінің
жетістіктері........... (Андрон мәдениеті)
деп аталады.
Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштері.............. (Андроново) селосының маңынан табылған.
Селоның атына қарай бұл қола мәдениет .................(Андрон мәдениеті) деп аталып кетті.
Ғалымдар
Солтүстік және Батыс Қазақстаннан...........
(80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын
зерттеді.
2
- топ. «Ойыңды аяқта».
Андрондықтардың басты кәсібі........ (мал бағу),................... (егіншілік) пен........... (балық аулау) болған.
Андрондықтар жерді тесемен өңдеген,...........,.......,......... мен.......... (сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген.
Сазбалшықты...... (ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен............ (металл өндеу) құрады.
Андрондықтар дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған.
3
- кезең. «Сөздер сөйлейді». (екі
топқа бірдей)
Кезең
шарты: термин сөздердің мағынасы жазылған
карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты
бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп
айтады.
-
Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске
енген кезеңі)
-
Соқа - (егін егу үшін жер жыртуға арналған
құрал)
-
Оба - (қабір үстіне топырақтан үйілген
төбешік)
-
Жеке меншік - (жеке отбасылардың байлығы)
4- кезең. «Адасқан сөздер».
Кезең шарты: Ретсіз орналасқан әріптердің ішінен сөздерді құрап, сөйлемді табу.
1-топ. «Адасқан сөздер».
АКВАРАҚОЛАПЕНУШДӘУІРІНҰАОМЗЕРТТЕГЕНПГНШҢДНҒАЛЫМҰДВГЕТБПЩӘЛКЕЙЫЖКРПТПМШМАРҒҰЛАНБЫШ
2-топ. «Адасқан сөздер».
ФЫРВАНҚОЛАОЫНКЕЩДӘУІРІНДЕТМГОУППЩҚҰМЫРАТАЩЦУАКПБДЖАСАУЖЦУӨНЕРІУВРУЕПФЫДАМЫДЫЦУГ
IV.Сабақты қорытындылау:
Біз бүгін сбақта не өттік?
Біз сабақта не істедік?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
V.Бағалау. (Әр кезеңнің жауаптарына берілген смайликтер арқылы )
VI.Үйге тапсырма: «Андрон мәдениеті» мен «Беғазы-Дәндібай мәдениетінің» ерекшелігін сипаттап келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген