Авторлық қолданбалы курс бағдарламасы
«Физика –менің өмірімде»
Орал, 2018
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің эксперттік кеңесінің шешімімен жариялауға ұсынылды
Хаттама № 4 15.11.2018
Құрастырушы:
-
Киреева Г.Ч. - Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің физика пәнінің әдіскері
-
Куниров Алмаз Тулегенович – Зеленов ауданы Трекин жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Рецензент:
-
Сырым С.Ж. - М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты
-
Узакбаева Г.А – М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің физика – математика кафедрасының оқытушысы
Физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы физика пәнінің жалпы мақсаттарын және оқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және болашақ мамандық таңдау мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалды.
Бағдарлама мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалып, білім беру жүйесін сапалы деңгейге көтеруді көздейді. Қазіргі білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуі болашақта білім беру жүйесін ізгілендіре түсуді, жалпы білім берудің этникалық, мәдени демографикалық және әлеуметтік-эканомикалық ерекшеліктерін ескеруді көздейтіндіктен, бұл бағдарламада оқушыны келешек өмірге дайындау, білім алу және кәсіби бағыт - бағдарының қалыптасуына арналған.
Түсінік хат
Физика пәні қоршаған дүниенi ғылыми түсiнудiң iргетасы болып табылады, оқушылардың табиғат пен техника құбылыстарын зерттей және түсiндiре алу бiлiктерімен қарулануына, қоғамның экономикалық және мәдени дамуындағы ғылымның ролін түсінуге, табиғаттың бөлігі ретінде адамға табиғат дүниесін ғана емес, ондағы өзінің орнын да саналы түсінуге ықпал етеді.
Физика пәні бойынша олимпиадаға қатыса отырып, оқушылар мектеп курсы бойынша алған білімдерін тексеріп қана қоймай, сонымен бірге толықтыру, бұрын беймәлім болып келген дүниенің сырына қанығып, «білемін» деген дүниені жаңа қырынан тану мүмкіндігіне ие болады.
Физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасын физика пәнінің жалпы мақсаттарын жәнеоқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және кәсіптік болашақ мамандық таңдау мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалды.
Бағдарлама физиканың мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалып, білім беру жүйесін сапалы деңгейге көтеруді көздейді.Қазіргі білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуі болашақта білім беру жүйесін ізгілендіре түсуді, жалпы білім берудің этникалық, мәдени демографикалық және әлеуметтік- эканомикалық ерекшеліктерін ескеруді көздейтіндіктен, бұл бағдарламада оқушыны келешек өмірге дайындау, білім алу және кәсіби бағыт- бағдарының қалыптасуына арналған.
Жалпы білім беретін физика курсының барлық бөлімдерінің негізгі формулалары мен жиі қолданылатын заңдары және шығармашылық жұмыстар, баяндамалар жасау, әлемнің физикалық бейнесінің біртұтастығы, ондағы адамның орны мен ролі жайлы көзқарас қалыптастырады.
Курстың негізгі мақсаты:
- Оқушылардың физика пәні бойынша білім деңгейін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі оқудың қажеттілігін ұғындыру, алған білімін тексеруге мүмкіндік беру.
Курс жұмысының міндеттері:
- коммуникациялық технологиялар мен зерттеулердің арқасында оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру;
- қабілетті жастардың зияткерлік дамуы мен білім алуын жалғастырып, кәсіптік бағдар алуына жағдай жасау, қолдау көрсету;
- Физикалық білім алу, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыру;
Курс мүмкіндіктері:
· Физиканың теориялық мәнділігі мен практикалық бағытталу арасындағы байланыстардың айқындалуы.
· Оқушылар мен ата- аналардың жалпы білім алу деңгейінде өз қажеттіліктерін жүзеге асыруда таңдау құқығына ие болуы.
· Тұлға, қоғам, мемлекет қажеттіліктеріне сәйкестігі.
· Физика ғылымы мен кәсіби мамандықтар арасындағы заңдылықтардың өзара байланысы.
· Оқушы бойындағы табиғи дарын мен қабілеттерін зерттеу мен дамыту.
· Оқушының болашақ еңбек жолын дұрыс таңдау мүмкіндігі.
· Ғылыми білімдерді өз бетінше игеруді және қолдануды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруді өз бетінше зерттеулерді жүргізулерді қалыптастыру.
· Жаңа технологияландырылған әлемде бағдар ала білуді, яғни білімді күнделікті өмірде жеке басы үшін маңызды мәселелерді шешуге қолдана білу
Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:
-физикалық құбылыстарды талдау;
-физика пәніне қызығушылық, физикалық есептерді шығаруға жаттығу;
-физикалық экспериментті жүргізу, физикалық шамаларды тура және жанама әдістермен өлшеу.
Біліктері:
-оқушының студенттің материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;
-алған өлшеу нәтижелерін талдап, жүйелей;
-физикалық есептерді шығара алу, талдау;
-қарапайым есептер құрастыра білу;
-есеп шығарудың аналитикалық,графиктік, эксперименттік меңгеру;
-есеп шығаруды бастамас бұрын, физикалық құбылысты сипаттап, анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» тексере білу керек.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың тақырыпты жетік меңгеріп, физика ғылымының көп ашылмаған сырларын біліп отырады.Бірі танғалдыратын,бірі естен таңдыратын,ал кейбірі ойға жеткізетін сырларын біліп жатады.
Қолданбалы курстың күнтізбелік жоспары 11 сынып оқушыларына арналған.
Барлығы 34 сағат (аптасына 1 сағат)


