400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қолданбалы курс "Физика және техника" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып оқушыларына арналған көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану –математикалық бағыт бойынша 10 сыныпқа арналған

ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКА

Ұсынылып отырған материал жоғарғы сынып оқушыларының танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік жасаумен қатар, әлемнің қазіргі көрінісі туралы түсініктерінің кеңеюіне септігін тигізеді.

Қазіргі кезде мектептерді дамыту бағыттарының бірі – бейіндеп оқыту. Осыған орай жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 10 сыныпқа арналған «Физика және техника» тақырыбындағы курс бағдарламасы оқушылардың қызығушылығынан, кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсаттарын ескере отырып дайындалған. Негізінен оқыту мазмұнында «Механика»курсын қайталауға деңгейлікесептер берілген. Техникаға байланысты бу машинасынан бастап зымыранға дейінгі жетістіктердің даму тарихы, техникалық жаңалықтар, бүгінгі техниканың өнертабысы туралы мағлұматтар қамтылған.

Курстың мақсаты:

  1. Физикалық заңдарға сүйене жасалған техникалық құралдармен таныса отырып деңгейлік есептерді шешу;

  2. Оқушылардың физикалық есептерді шығару барысында танымдық қызығушылығын арттыру, зияткерлік және шығармашылық қабілетін дамыта отырып, өз бетімен ізденіп, жаңа білімге қол жеткізуге үйрету;

  3. Физикалық білімдерін табиғаттың құбылыстарын, заттың қасиетін түсіндіруге қолдана білуге, физикалық мағынасыбар жаңа ақпаратты өз бетімен ізденіп бағалауға үйрету

  4. Оқушылар бойына «Физика және техника»ғылымдарына деген шынайылық пен сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.



Курстың міндеті:

  1. Оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу;

  2. Есептер шығару жолдары әдістерін игерту

  3. Теорияны өмірмен байланыстыра білу



Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылардың білім іскерлігі мен есеп шығару дағдысы анықталады;

  2. Физикалық теорияны дұрыс қолдана алады;

  3. Физикалық заңдардың оқылуы мен формулалардың жазылуын біледі;

  4. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;

  5. Ұлттық бірыңғай тестілеуде нәтижеге қол жеткізеді.











Курстың мазмұны. 10 сынып ЖМБ. Барлығы 34 сағат.



№

Мазмұны

Сағат саны


Кіріспе(2сағ)


1

Физика және Техника

1

2

Көліктегі өнертабыстар

1


І. Кинематика (6сағ)


3

Автомобиль және ұшақ

1

4

Жүрілген жол және орын ауыстыруға есептер шығару

1

5

Электр транспорттары

1

6

Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс түрлеріне есептер шығару

1

7

Жердің Жасанды Серігі

1

8

Шеңбер бойымен қозғалысқа есептер шығару

1


ІІ. Динамика (5сағ)


9

Механизмдер

1

10

Қозғалыс Заңдары. Ньютон заңдарына есептер шығару

1

11

Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару

1

12

Реактивтік қозғалыс. Зымырандар

1

13

Үдемелі қозғалыстағы денелер салмағын анықтауға есептер шығару

1


ІІІ. Сақталу заңдары(4сағ)


14

Өрт сөндіруші бранспойт

1

15

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңына есептер шығару

1

16

Электр станциясы. Күн батареясы. Жел энергетикасын қолдану

1

17

Электр өрісі. Энергияның айналу және сақталу заңдарына есептер шығару

1


IV.Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.(4сағ)


18

Кемелер. Сүңгуір қайық

1

19

Бернулли теңдеуіне есептер шығару

1

20

Парашют. Ұшақтар

1

21

Қанаттың көтергіш күштеріне есептер шығару

1


V. Тербелістер(2сағ)


22

Тербелмелі қозғалыс. Электрмагниттік тербеліс. Конденсатор түрлері. Лейден банкасы. Осциллограф

1

23

Семинар сабақ: Техникалық құралдар әлемі.

1


VІ. Толқындар(3сағ)


24

Телефон. Микрофон. Дыбыс сипаттамалары

1

25

Электрмагниттік толқындарға есептер шығару

1

26

Радио. Радиобайланыс. Радиотелескоп. Радиолокатор

1


VІІ. Атом құрылысы(4сағ)


27

Фототелеграф. Теледидар

1

28

Фотоэффект құбылысына есептер шығару

1

29

Атом электр станциясы

1

30

Атом ядросының құрамын зерттеуге есептер шығару

1


VІІІ. Электроника ғасыры (4сағ)


31

Электронды құрылғылар

1

32

Техника бүгін және ертең

1

33

Семинар сабақ: «Ұлы өнертапқыштар» Техникалық жаңалықтар

1

34

Жалпылама қорытынды сабақ

1





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Р.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»

  2. М.Н. Алексеева «Физика - юным»

  3. С.Тұяқбаев, Ж.Бақынов Физика оқулығы. Есептер жинағы 10 сынып

  4. Энциклопедия «Сұрақ-Жауап», «Физика-техника бөлімі»

  5. Р.Башарұлы Физика оқулығы 9 сынып

  6. Б.Кронгарт Физика 10 сынып



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
58 ұстаз жүктеп алған
23 сәуір
5024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі