400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қолданбалы курс "Жердің топонимикалық атаулары" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқулықтың көлемі мен оқу бағдарламасы Қазақстанның физикалық географиясында жер-су атауларының шығу тарихы туралы қызғылықты мәліметтерді енгізуге толық мүмкіндік бермейтіндіктен «Жердің топонимикалық атаулары » курсының маңызы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, «Zerde» мектеп-гимназиясы

География пәні мұғалімі

Кенжебаева Жанна Онгарбековна



«Жердің топонимикалық атаулары» бойынша

қолданбалы курстың

БАҒДАРЛАМАСЫ

Аптасына 1 сағат

8 cынып

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» - демекші, бүгінгі бала-ертеңгі жаңа әлем. Демек, бүгінгі оқушының ынта-ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет-қасиеттерін дамыту қажет.

Оқулықтың көлемі мен оқу бағдарламасы Қазақстанның физикалық географиясында жер-су атауларының шығу тарихы туралы қызғылықты мәліметтерді енгізуге толық мүмкіндік бермейтіндіктен «Жердің топонимикалық атаулары » курсының маңызы зор.

Ғылымның қай саласы болса да даму процесінде бірімен- бірі тығыз байланыста өрістейді, біріне-бірі игілікті әсерін тигізеді. Оған дәлел осы курста оқушылар жер-су атауларының тарихи қойылу себебін зерттеу барысында ерте кездегі өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің географиялық орнын анықтау, жер бедері,пайдалы қазбалар, судың минералдық құрамы, жергілікті жердің климаты мен жазықтығы, ландшафтар ерекшелігі туралы ақпараттық мәліметтер алады.Өлкеміздің жер-су атаулары туралы қосымша деректер жинауға, көркем әдебиеттер мен ғаламтор материалдарымен жүйелі жұмыс жасауға үйреніп,география пәнінен алған білімін толықтырады.

Курстың басты мақсаты

Курстың негізгі мақсаты -күнделікті өмірде жиі кездесетін жер-су, қала, елді-мекен атауларының қалай, қандай жолмен пайда болғанын, олардың алғашқы мағыналарын, одан кейінгі кездерде өзгеріске ұшырау себептерін ашу, сондай-ақ мағынасы көмескіленіп бара жатқан атаулардың тарихы мен түпкі төркінін түрлі деректерге сүйене отырып анықтау.

Отанымыздың жер-су, қала, ауыл, елді мекендеріне байланысты географиялық атаулардың әр жылдары алуан түрде өзгерістерге ұшырағаны өткен тарихтан жақсы белгілі. Сол географиялық атаулардың негізгі мазмұнына үңілсек, онда терең сыр жатқанын байқауға болады. Ертеде адамдар табиғатты, жер-суды, тау-тасты, өсімдіктерді қасиетті деп есептеп, оларға ерекше ықыласпен қараған. Көптеген атаулар сол кездегі тарихи оқиғалармен, халықтың мұрат-мақсатымен байланыстырылып отырған. Яғни көне атаулардың қалпына келтірілуі - өткен тарихымыздың шынайылыққа келтірілуі. Бұған әрине, тек ғалымдар ғана емес, өз елінің жүріп өткен жолдарын білуге құштар әрбір саналы адам үлес қосуы тиіс.

Курстың негізгі міндеттері

  • Адам –табиғаттың бір бөлшегі, әрі ғажап туындысы. Туған жерін, елін сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.

  • Курстың негізгі міндеті - өзінің жауапкершілігін сезіне алатын, берілген тапсырмаларды тиянақты орындайтын, қажетті ақпаратты іздеп, сұрыптай алатын оқушы даярлау.

  • Оқыту мүмкіндіктеріне сүйене отырып, оқушылардың қызығушылығын дамыту, оқушының болашақ кәсіби іс-әрекетін саналы түрде жауапкершілікпен таңдауына жағдай жасау.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы оқушыларды география ғылымының теориялық негіздерімен ,заңдылықтарымен,

дүниетанымдық идеялармен таныстыруды қарастырады және оқу материалының жүйелілігін ескереді.Әр сабақта оқушылар тақырыпқа сай слайдтар,бейнебаяндар дайындап,сыныппен талдайды.Курсты оқу барысында оқушыларда өлкеміздің жер-су атаулары,шығу тарихы туралы білім қалыптасуы тиіс.

Пәнаралық байланыс.

Тарих, археология,геология, гидрология пәндерімен байланысты.

Таңдау курсы мектептің таңдап алған бағыты мен оқу бағдарламасының мүмкіндігіне орай аптасына бір сағат көлемінде өткізіледі. Сонымен қатар география пәніне қызығатын оқушылардың танымдық мүмкіншілігін арттыру

мақсатын көздейді.

Курсты ұйымдастыру формасы.

Мұғалім оқушыларды жеке тапсырмалар беру арқылы қосымша ізденуге, өз бетімен білім алуға бағыттайды.Курсты оқу барысында электронды оқулықтар мен фильмдер,компьютерлік компакт-дискілерді пайдаланудың мүмкіндігі артады.Оқушылар қосымша ізденіп,әртүрлі тақырыпта анимациялық слайдтар мен флипчарттар дайындайды.

Курсты оқытуды аяқтау формалары.

“Жердің топонимикалық атаулары” курсын қорытындылау барысында оқушылардың жұмыс нәтижелерін бақылау үшін түрлі формалар қолданылады. Атап айтқанда: рефераттар,эсселер жазу, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеу. Ғылыми жобаларға және Халықаралық немесе жоғарғы оқу орындарына ғылыми - тәжірибелік конферецияларға қатысу.


Бағалау формалары.

Бағалау барысында материалдың толық,сапалы баяндалуын,географиялық терминдердің дәл қолданылуын,логикалық ойлауын,жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділіктерін қалыптастырғанын ескеру қажет.Таңдау курсының нәтижелері қабырға газеттері мен көрмелерде көрініс табады.Пән апталығында оқушылардың жұмыстары қорытындыланып,марапатталады.Сабақ соңында сынақ алынады.


Бағдарлама мазмұны мен құрылымы.

“Жердің топонимикалық атаулары”

Кіріспе /1 сағат/

Топонимика ғылымы туралы. Топонимиканың даму кезеңдері. Топонимдер классификациясы.

Қазақстан топонимикасының эволюциялық дамуы /1 сағат/

Махмұт Қашқаридің «Диуанилұғат ат-түрік» еңбегі. Ш.Уәлиханов еңбегінің мәні. Қазақстан аймағының географиялық жер-су атауларын зерттеу- Қазақстан топонимикасының өзекті мәселелерінің бірі. Географиялық картадағы топонимдер.

Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі топонимикалық деректер. /2 сағат/

Ш.Уәлихановтың өмірбаяны, ғалым-Шоқан. Оның саяхаттары. Шоқан еңбектерінде 3000-нан топонимдерді пайдаланған, оның 2600 түркі тілдес Шоқан еңбектерінде Қытай және Моңғол тілінен енген топонимдер кездеседі. «Жоңғария очерктері» еңбегіндегі Алматы атауының мағынасы.

Топонимдердің ландшафтық ерекшеліктері. /2 сағат/

Термин-географиялық атаудың мағыналық мазмұнын анықтайтын топонимнің негізі, жергілікті географиялық терминдердің мәні. Орыс ғалымдары еңбегіндегі топонимдер. В.И.Татишев. П.П.Семенов, А.А.Ивановский т. б. Топонимдер кездесетін энциклопедиялық сөздік, географиялық атаулардың қысқаша сөздігі.

Археологиялық деректер \1 сағат\

Қазақстандағы зерттеуші археологтардың, тарихшылардың еңбектері. Андронов мәдениеті кезіндегі топонимдер. Андронов мәдениетінің Атасу дәуіріндегі ескерткіштері.

Көне және кейінгі жазу ескерткіштеріндегі деректер /3 сағат/

Геродот еңбегінде кездесетін жер-су атаулары. Б.э.І ғасырда тіршілік етіп, «Жер тану» деген кітап жазған, Ертедегі ғалымдардың еңбегінде кездесетін Ырғыз, Іле, Созақ, сырдария терминінің мәні. Араб ғалымдары еңбегінде кездесетін топонимдер. Орыс зерттеушілері – В.Радлов, А.Соболевский, еңбектерінің мәні. Жер-су аттары – халық қазынасы.

Қазақстан топонимдерінің /макро, микронимдердің құрамы /2 сағат/

Қақстан аумағындағы топонимдер екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың бірі-ірі географиялық объектілердің аты болса,екінші тобы кішігірім объектілер атауы болып бөлінеді. Топонимдер стратегиясы – яғни, жер қыртысының тарихи даму барысында оның қат –қабаттарының жасалу процесін зерттейді.

Алтай дәуіріндегі топонимдер /2 сағат/

Алтай тілдік топонимдері. Ұлытау, Бурхан, Обаған, Сібір, Алтай дәуіріндегі топонимдердің тілдік ерекшеліктері.

Көне түркі тіліндегі топонимдер /1 сағат/

Түркі топонимдері: Айрық, Аршаты, Балқаш, Өлеңті, Шет, Шідерті.

Көне қазақ тіліндегі топонимдер /1 сағат/

Бағанаты. Бұқтырма. Доғалаң. Жарыққопа. Көктің көлі, Қағыл. Қайнар. Қарасу. Қорған. Құйған. Шаңдақ.

Қазіргі қазақ тіліндегі топонимдер /1 сағат/

Алатау, Ұлытау, Қаратау, Ақсу, Саумалкөл, Көкшетау, Шортанды, Ырғыз.

Иран тілінен енген атаулар /1 сағат/

Мақаншы. Дара. Қызылкент. Талдыкент.

Монғол тілінен енген топонимдер /1 сағат/

ХІІІ ғасырда Монғолдардың қазақ жерін басып алуымен монғол тілінен көптеген топонимдер енді. Абылай кеткен. Арасан. Дүрбілжің.

Орыс тілінен енген топонимдер/2 сағат/

Қазақстанның Ресей империясының қол астына кіруінен бастап, қазақ жерінде орыс топонимдері пайда болды. Петропавловск, Ульяновск, Целиноград. Дружба.

Гидронимдер /1 сағат/

Топонимикалық күрделі саласы- гидронимия. Гидро- су, оним-атау, яғни су атаулары Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Каспий, Зайсан, Марқакөл.

Көл аттары/1 сағат/

Атаулар көбінесе көлдің түр-түсіне, суының дәміне, айналасындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне байланысты қойылады. Сілетітеңіз, Шалқар, Щучье

Қазақ тіліндегі көл аттары /1сағат/

Теңіз көлі. Жыланды. Қоғалы, Медет, Балықты. Шабақты. Қоғасу. Батпақтықөл. Зайсан. Алакөл.

Өзен аттары/1 сағат/

Қазақстанның өзендері Ертіс. Шаған. Іле. Аягөз. Сырдария. Ырғыз.

Өзен аттарының мағынасы /2 сағат/

Ертіс атауының шығу тарихы. Арыс өзені мағынасы. Келес. Текес. Қорғас. Өгізбалық.

Жан-жануарлар, өсімдік атауларынан қойылған өзен аттары /1сағат/

Қоянды. Құланөтпес. Соналы. Көкбие. Төрбие. Теке. Күзенді. Қарғалы. Жыланды. Қарсақпай.

Өсімдік атауларынан қойылған өзендер: Талқара Жалғызағаш. Талсай. Ақши. Қияқты. Жуалысай.

Түр-түске, әлем кеңістігіндегі денелерге байланысты қойылған өзен аттары /1 сағат/

Түр-түске байланысты: Сарыөзен. Көксай. Сарыбұлақ. Қараеспе. Қара кеңгір. Қарасу. Көктас. Ақши. Алабас.

Тау аттары /оронимдер//1 сағат/

Қарқаралы. Ұлытау. Баянауыл. Көкшетау. Алатау. Алтай. Сауыр-Тарбағатай. Шыңғыстау.

Өзгерген жер-су атаулары /1 сағат/

1991-2005 жылдары Республика бойынша көптеген қала, аудан, ауыл аттары өзгерді. Мысалы: Целиноград- Ақмола облысы, Шевченко – Ақтау, Гурьев –Атырау

Қайталау /1 сағат/



8 -сынып

Тақырыптық -күнтізбелік жоспар


р\н

Тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі

Оқытуды

ұйымдастыру

Бақылау формасы

1

Топонимикаға кіріспе

1


лекция


2

Қазақстан топонимикасының эволюциялық дамуы.

1



Хабарлама әзірлеу

3-4

Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі топонимикалық деректер.Картамен жұмыс.

2


лекция

Реферат жазғызу

5-6

Топонимдердің ландшафтық ерекшеліктері.

2




7-8

Қазақстан топонимикасының қалыптасуы.

2


лекция


9

Археологиялық деректер

1



Баяндама

10-11-12

Көне және кейінгі жазу ескерткіштеріндегі деректер

3



Слайд әзірлеу

13-14

Қазақстан топонимдерінің (макро,микротопонимдік құрамы)

2


лекция


15-16

Алтай дәуіріндегі топонимдер.Картамен жұмыс.

2


лекция


17

Көне түрік тіліндегі топонимдер. Картамен жұмыс.

1



Реферат әзірлеу

18

Көне қазақ тіліндегі топонимдер

1


лекция

Флипчарт әзірлеу

19

Қазіргі қазақ тіліндегі топонимдер. Картамен жұмыс.

1




20

Иран тілінен енген атаулар

1


лекция


21

Монғол тілінен енген топонимдер

1


лекция

Сөздікпен жұмыс


22

23

Орыс тілінен енген топонимдер

2



Флипчарт әзірлеу

24

Гидронимдер. Картамен жұмыс.

1


лекция


25

Көл аттары

1





26

Қазақ тіліндегі көл аттары

1


лекция

Флипчарт жасау

27

Өзен аттары, Картамен жұмыс.

1



Реферат жазу

28

29

Өзен аттарының мағынасы

2




30

Жан-жануарлар, өсімдік атынан қойылған өзен аттары.

1


лекция

Буклет әзірлеу

31

Түр-түске, әлем кеңістігіндегі денелерге байланысты қойылған өзен аттары.

1


лекция

Слайд жасау

32

Тау аттары ( оронимдер)

1



Слайд жасау

33

Өзгерген жер-су атаулары. Картамен жұмыс.

1


лекция


34

Жылдық қайталау.Сынақ.

1


























Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.


  1. « Жер-су атаулары» География,биология,экология орта мектепте, №2,2011ж.

  2. «Қазақстан топонимикасының эволюциялық дамуы », «География және табиғат», №4 2006 ж.

  3. Ш.Уәлиханов зерттеулері, « География,биология,экология орта мектепте», №1,2008ж.

  4. Топонимдердің ландшафтық ерекшеліктері ,«География және табиғат», №1,2006 ж.

  5. Қазақстан топонимикасының қалыптасуы , ,«География және табиғат», №2,2005ж.

  6. Т.Жанұзақов «Қазақстанның жер-су аттары», А, 1989ж.

  7. «Өзгерген жер-су атаулары », «География және табиғат», №3,2006 ж.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
46 ұстаз жүктеп алған
8 тамыз
1681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі