400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қолданбалы курс КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түсінік хат

Бұл бағдарлама жаратылыстану математика бағытындағы математикадан базалық білімі бар жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушыларына арналған және 34 сағатқа есептелінген. Бағдарлама: - ҚР «Білім туралы» Заңына; - «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартының» негізіне; - математикадан 5-11 сыныптарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сүйене отырып құрастырылды. Курсқа негізгі және орта мектептердің алгебра және анализ бастамаларының және геометрияның негізгі бӛлімдері мен осы курсқа тікелей қатысы бар негізгі кӛзқарастық бағыттарды тереңдететін бірнеше қосымша сұрақтар енгізілген. Материалдар курстың негізгі тақырыптарын жинақтап, қорытындылауды қамтамасыз ететіндей, «Өрнектерді теңбе-тең түрлендіру», «Теңдеулер мен теңдеулер жүйелерін шешу», «Туындының қолданылуы», «Көпжақтар мен айналу денелері» тақырыптары бойынша оқушылардың білімдерін тереңдетіп, кеңейтетіндей етіп іріктелген. Бағдарламада дәстүрлі курстарда жеткілікті көңіл бөлінбейтін модульді және параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері, сондай-ақ иррационал, тригонометриялық теңсіздіктерді шешу кеңінен қарастырылады. Математикалық анализді қатыстырумен, функцияның қасиеттерін пайдаланып, есеп шығаруға көп көңіл бөлінеді. Бұл курс жалпы білім берудің «Математика» облысына кіреді және теориялық материалды іріленген блоктар арқылы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді. Курс мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен математика бағытындағы немесе техникалық жоғары оқу орындарына түскісі келетін оқушылардың түпкілікті дайындалуына арналған































Курсты меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:

Курсты табысты аяқтаудың нәтижесінде оқушылар: - айнымалысы модуль астындағы теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмін; - әр түрлі қиындық деңгейіндегі теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін шешу жолдарын; - есептеудің тиімді тәсілдерін; - күрделі функцияларды дифференциалдаудың негізгі әдістерін; - қолданбалы есептерді шешуде туындыны пайдалануды; - геометриялық есептерді шешудің ұтымды жолдарын;

- айнымалысы модуль астындағы жоғары дәрежелі теңдеулерді; - тригонометриялық, кӛрсеткіштік, логарифмдік теңдеулерді шығаруды; - параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді; - олардың жүйелерін қалыптан тыс әдіспен шешуді; - есеп шарты бойынша геометриялық салуларды сауатты орындауды үйреніп шығуы керек.







































Курстың мазмұндық жоспары

1. Алгебралық өрнектерді түрлендіру (3 сағат) Рационал көрсеткішті дәреже және радикалы бар күрделі өрнектерді түрлендіру. Күрделі тригонометриялық өрнектерді түрлендіру.

2. Теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу (9 сағат) Модулі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу. Жоғары қиындықтағы теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу. Модулі бар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу.

3. Логарифмдік және көрсеткіштік функциялар (5 сағат) Модулі бар көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу. Модулі бар логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу.

4. Туындыны пайдаланып қолданбалы есептер шығару (4 сағат) Туындыны қолданбалы есептер шығаруға пайдалану.

5. Параметрі бар есептер (4 сағат) Параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу

6. Стереометрия есептері (7 сағат) Көпжақтарға берілген күрделі есептер. Айналу денелеріне арналған күрделі есептер.

7. Қорытынды сабақ (2 сағат)



























Тақырыптық жоспар

№

Тақырыбы

Сағат

саны

Мерізімі


І

Алгебралық өрнектерді түрлендіру 3 (сағат)


1

Рационал көрсеткішті дәреже және радикалы бар күрделі өрнектерді түрлендіру

1


2

Күрделі тригонометриялық өрнектерді түрлендіру.

1


3

Есептер шығару

1


ІІ Теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу (9 сағат)


1

Модулі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу

1


2

Жоғары қиындықтағы теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу

1


3

Есептер шығару

1


4

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу

1


5

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу

1


6

Есептер шығару



7

Модулі бар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу.

1


8

Есептер шығару

1


9

Өзіндік жұмыс

1


ІІІ Логарифмдік және көрсеткіштік функциялар (5 сағат)


1

Модулі бар көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу

1


2

Есептер шығару

1


3

Модулі бар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шешу

1


4

Есептер шығару

1


5

Өзіндік жұмыс

1


ІV Туындыны пайдаланып қолданбалы есептер шығару (4 сағат)


1

Туындыны қолданбалы есептер шығаруға пайдалану.

1


2

Туындыны қолданбалы есептер шығаруға пайдалану.

1


3

Есептер шығару

1


4

Өзіндік жұмыс

1


V Параметрі бар есептер (4 сағат)


1

Параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктер

1


2

Параметрі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу

1


3

Есептер шығару

1


4

Өзіндік жұмыс

1


VI Стереометрия есептері (7 сағат)


1

Көпжақтарға берілген күрделі есептер

1


2

Есептер шығару

1


3

Айналу денелеріне арналған күрделі

1


4

Есептер шығару

1



Есептер шығару

1



Өзіндік жұмыс

1


VII Қорытынды сабақ (2 сағат)


1

Қайталау есептері

1


2

Қорытынды сабақ

1






Курстың мақсаты

11 сыныптарға математикада кездесетін күрделі есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін, дағдыларын дамыту, оларды ҰБТ талаптарына сай дайындау, оұушылардың математикалық материалдарды меңгеруіне жағыдай туғызу,оұушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру



Курстың міндеттері

  • Есеп типтері мен әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін қалыптастыру.

  • Есеп шығару әдіс-тәсілдері бойынша негізгі білімдерін бекіту.

  • Күрделі есептерге анализ жасап,оларды шығарып дағдыландыру.

  • Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуды қалыптастыру.

  • Оұушы бойына математика ғылымына деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық әрекеттерін арттыру.



































Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету



  • Оқу теориялық: оқулық, дәріс

  • Оқыту-практикалық: есептер мен тапсырмалар, тақырыптық тесттер, өзіндік жұмыстар

  • Оқыту-әдістемелік: әдістемелік көмекші құралдар, өзіндік тест, қатемен жұмыстар

  • Оқу-анықтамалық: формулалар, анықтамалықтар

  • Оқыту-көрнекілік: кестелер, сызбалар, электронды оқулықтар











































Пайдаланылған әдебиеттер:

ҚР «Білім туралы» Заңы; - «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты»; Математикадан 5-11 сыныптарға арналған мемлекеттік бағдарлама; Шарыгин И.Ф. Математикадан факультативтік курсы, есеп шығару 10,11сыныптар. Москва, 1989ж. Шарыгин И.Ф., Бүкүбаева К.О. 10 – 11 сыныпқа арналған оқулық, Алматы, 2004 ж. Башмаков М.И. Теңдеулер мен теңсіздіктер. Москва, 1983 ж. Горнштейн П.И., Полонский В.Т., Якир М.С. Параметрі бар есептер. Москва, 1999 ж. - Локоть В.В. Параметрі бар есептер. Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер, теңсіздіктер, олардың жүйелері. Москва, 2005ж. Мордкович А.Г. Алгебра және анализ бастамалары 10 – 11 сыныптар. Фальке Л.Я., Лисничук Н.Н. Алгебра және анализ бастамалары курсындағы күрделі тақырыптарды оқыту. Москва, 2006 ж. Шыныбеков Ә.Н. Алгебра және анализ бастамалары 10 – 11 сыныптар. Галицкий М.Л., Мошкович М.М., Шварцбурд С.И. Алгебра және анализ бастамаларын тереңдетіп оқыту. Москва, 1990 ж. Руденко В.Н., Бахурин Г.А., Цукарь А.Я. Геометрия 10 – 11 сыныптар.





Оқушыларға ұсынылған әдебиеттер:

1. А.Н.Колмогоров 10-11 сыныптар Алгебра және анализ бастамалары.

2. Г.М.Фихтенгольц Математика анализдерінің негіздері.

3.Ж.Қайдасов, В.Гусев Есептер жинағы

4.М.Өтеғұлов, С.Егізбаев Мектеп бітірушіге арналған есептер жинағы

5. Т.Т.Абылайхан Математикалық есептер 10-11сынып оқушыларына арналған.

6. Ш.Бекбаулиев Қ.Қаңлыбаев Алгебралық анализге кіріспе



















Қолданбалы курсты ұйымдастыру формасы.

Лекция, сарамандық жұмыс, оқушылардың шығармашылық жұмысы, есеп шығару, семенар, конференция.

Курстың қорытынды формалары:

Рефераттар қорғау, ғылыми жоба.

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі:

Жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат

Пәнаралық байланыс:

Физика, информатика, экономика





































Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

№51 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Қолданбалы курс




Тақырыбы Математикалық логика



Сыныбы 11

Құрастырушы Медетбекова Гулнар Аманқызы

жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі

























2014-2015 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
2116
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі