400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қолданбалы курс тақырыбы: «Өлкетану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолданбалы курс
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қолданбалы курс тақырыбы: «Өлкетану»


Түсінік хат

Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.

Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.

Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.

Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

Осы мақсатта «Өлкетану» курсы бойынша орта буын оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарлама ауыл тарихына арналып жасалды. Бағдарлама оқу процесінде 6-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.

«Өлкетану» курсының негізгі тұжырымдамасы:

  1. Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу

  2. Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру

  3. Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту

«Өлкетану» курсының мақсаты:

Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.

«Өлкетану» курсының міндеттері:

-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру

-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру

-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу


Атқарылатын жұмыс түрлері:

  1. Батық ауылын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу

  2. Тарихи-өлкетану қоғамын құру

  3. Ауылға саяхаттар ұйымдастыру

  4. Ауылдағы ескерткіштерді зерттеу

  5. Ауыл туралы материалдар жинақтау

  6. Ауыл туралы мұражайлар ұйымдастыру

  7. Ауыл туралы тарихи кештерін ұйымдастыру

  8. Өлкетану тақырыбында конференция, пікір-талас ұйымдастыру

  9. Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау


«Өлкетану» факультативтік курс 6-сыныптар аралығында мынадай тақырып бойынша өтіледі:

6-сынып «Батықтану»


Күтілетін нәтиже:

  1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

  2. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

  3. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

  4. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

  5. Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.
















№

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1-2-3

Қорғалжын – құт мекенім

3


4-5

Жұмай ауылының тарихы

2


6

Киелі мекен табиғатына саяхат

1


7-8

Туған өлке өңірі (Таныстырылым қорғау)

2


9-10-11

Қорғалжын өңірінен шыққан танымал тұлғалар

3


12

Қорғалжын қорығы

1


13-14

Азамат соғысы жылдарында

2


15-16

Алаш қайраткері

2


17-18

Өлке ұжымдастыру жылдарында

2


19-20

Жеңіске жұмылу баршаның ісі ( 1941-1945 жж)

2


21

Тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі

1


22-23

«Ер есімі- ел есінде» ұпақтар сабақтастығы (Баспаға материалдар даярлау)

2


24

Ауған соғысы біздің жан жарамыз

1


25

Ел қадірі азаматымен

1


26-27

Заман сырын шерткен жерлес ақындар

2


28

Қорғалжын алтын бесік – өз елім (Мұражайға саяхат)

1


29-30

Қорғалжын өңірінің сал- серілері

2


31-32

Өнер көзі халықта

2


33

Ел болашағы жастарда

1


34

Қорытынды

1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
6 маусым
961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі