жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қолданбалы курс Теңдеулер мен теңсіздіктер
Қолданбалы курс
Тақырыбы Теңдеулер мен теңсіздіктер
Сынып 10 «Ә»
Түсінік хат
Жоғары сынып оқушыларын таңдау
сабақтарымен қамтамасыз ету үшін «Теңдеулер мен теңсіздіктер»
қолданбалы курсы құрылды.Ұсынылып отырған курс жоғары сынып
оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға
көмектеседі. Курс 34 сағатқа есептеліп, 10 - сынып оқушыларына
арналған.
Бұл курс, математикаға бейімі бар оқушының
қызығушылығын, сұранысын стандартты емес есептер шешу әдістерінде
танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған.
Курс мазмұны математикалық анализ және
алгебра курсының бағдарламасын қайталамайды және мектеп математика
курсындағы «сызықтық теңдеу» туралы білімді тереңдетуге
бағытталған. Сондықтан да бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып
оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын
неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі емес
жағдайларда алған білімін қолдана білуге аттестат алу үшін оқу
емес,өмірлік жоспарларын іске асыру үшін жоғарғы сынып оқушыларының
білім алуында «Теңдеулер мен теңсіздіктер» маңызды орын
алады.
Басқа жағынан алғанда, бұл курс орта
мектептеріне теңдеу шешуге қажетті және жеткілікті білім жинақтауға
мүмкіндік бере отыра, математика негізгі пән болып келетін жоғарғы
оқу орнына дайындық болып
табылады.
Мақсаты
Оқушылардың теңдеулер мен теңсіздіктер
тақырыптары бойынша білімдерін кеңейте отырып, әр түрлі тәсілдерді
қолдану арқылы есептердің шығу жолдарын
қарастыру
Міндеттері
1. Теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбы
бойынша білімдерін
жүйелеу.
2. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана
отырып,оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын дамыту және
қалыптастыруға жағдай
жасау.
3. Шығармашылық және логикалық ойлауларын
дамыту.
4. Білімін пайдалану және өздігінен білім алу
дағдыларын дамыту.
5.Оқушының математикалық мәдениетін
көтеру.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары
Курсты оқып-үйрену барысында оқушылар білу керек:
Теңдеулер мен теңсіздіктерге берілген негізгі есептерді шешуді;
Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімін таба білуді;
Параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше білуді;
Негізгі типті есеп шығару алгоритмін;
Теңдеулерді, теңсіздіктерді функциялардың қасиеттерін және графиктерін пайдалана отырып шеше білуді;
Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алуды.
Оқу тақырыптық жоспары
10 сынып
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Теңдеулер мен тепе-теңдіктер туралы жалпы түсінік |
1 |
|
|
2 |
Тең шамалы теңдеулер |
1 |
|
|
3 |
Теңдеулерді шешу тәсілдері |
1 |
|
|
4 |
Бір айнымалысы бар теңдеулер |
1 |
|
|
5 |
Бүтін рационал теңдеулер |
1 |
|
|
6 |
Бүтін рационал теңдеулерді шешу тәсілдері |
1 |
|
|
7 |
Жоғары дәрежелі теңдеулер үшін Виет теоремасы |
1 |
|
|
8 |
Бөлшек рационал теңдеулер |
1 |
|
|
9 |
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі |
1 |
|
|
10 |
Теңдеулер жүйесін шешу әдістері |
1 |
|
|
11 |
Теңдеулерді шешудің кейбір дербес тәсілдері |
1 |
|
|
12 |
Ирационал теңдеулер |
1 |
|
|
13 |
Модуль белгісімен алынған теңдеулер |
1 |
|
|
14 |
Теңдеулерді шешу қасиеттері |
1 |
|
|
15 |
Параметрмен берілген теңдеулер және теңдеулер жүйесі |
1 |
|
|
16 |
Параметрмен берілген теңдеулер және теңдеулер жүйесіне есептер |
1 |
|
|
17 |
Сынақ №1 |
2 |
|
|
18 |
Бүтін рационал теңсіздіктерді шешу |
1 |
|
|
19 |
Бүтін рационал теңсіздіктерді шешу |
2 |
|
|
20 |
Бөлшек рационал теңсіздіктерді шешу |
1 |
|
|
21 |
Бөлшек рационал теңсіздіктерді шешу |
2 |
|
|
22 |
Теңсіздіктерді дәлелдеу |
1 |
|
|
23 |
Теңсіздіктерді дәлелдеуге есептер шығару |
2 |
|
|
24 |
Теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу |
1 |
|
|
25 |
Теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу |
2 |
|
|
26 |
Есептер шығару |
2 |
|
|
27 |
Сынақ №2 |
2 |
|
Оқу тақырыптық жоспары
11 сынып
|
№ |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Теңдеулер мен тепе-теңдіктер туралы жалпы түсінік |
1 |
|
|
2 |
Тең шамалы теңдеулер |
1 |
|
|
3 |
Теңдеулерді шешу тәсілдері |
1 |
|
|
4 |
Бір айнымалысы бар теңдеулер |
1 |
|
|
5 |
Бүтін рационал теңдеулер |
1 |
|
|
6 |
Бүтін рационал теңдеулерді шешу тәсілдері |
1 |
|
|
7 |
Жоғары дәрежелі теңдеулер үшін Виет теоремасы |
1 |
|
|
8 |
Бөлшек рационал теңдеулер |
1 |
|
|
9 |
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі |
1 |
|
|
10 |
Теңдеулер жүйесін шешу әдістері |
1 |
|
|
11 |
Теңдеулерді шешудің кейбір дербес тәсілдері |
1 |
|
|
12 |
Ирационал теңдеулер |
1 |
|
|
13 |
Модуль белгісімен алынған теңдеулер |
1 |
|
|
14 |
Теңдеулерді шешу қасиеттері |
1 |
|
|
15 |
Көрсеткіштік теңдеулер |
1 |
|
|
16 |
Логарифмдік теңдеулер |
1 |
|
|
17 |
Параметрмен берілген теңдеулер және теңдеулер жүйесіне есептер |
1 |
|
|
18 |
Көрсеткіштік теңдеулер жүйесі |
1 |
|
|
19 |
Логарифмдік теңдеулер жүйесі |
1 |
|
|
20 |
Сынақ №1 |
1 |
|
|
21 |
Бүтін рационал теңсіздіктерді шешу |
2 |
|
|
22 |
Бөлшек рационал теңсіздіктерді шешу |
2 |
|
|
23 |
Теңсіздіктерді дәлелдеу |
2 |
|
|
24 |
Ирационал теңсіздіктер |
2 |
|
|
25 |
Теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу |
1 |
|
|
26 |
Көрсеткіштік теңсіздіктер |
2 |
|
|
27 |
Логарифмдік теңсіздіктер |
2 |
|
|
28 |
Сынақ №2 |
1 |
|
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Алгебра және
анализ бастамалары (жаратылыстану-математика
бағыты) 10 сынып.
А.Е.Әбілхасымова, К.Д.Шойынбеков. Алматы:
«Мектеп» баспасы -2010 ж.
2. Алгебра және
анализ бастамалары (жаратылыстану-математика
бағыты) 11 сынып.
А.Е.Әбілхасымова, К.Д.Шойынбеков. Алматы:
«Мектеп» баспасы -2013 ж.
3. Алгебра және
анализ бастамалары: Жалпы беретін мектептің 11-сыныбына арналған
оқулық. – Алматы Атамұра, 2007 ж.
4. Алгебра және
анализ бастамалары: Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған
оқулық. А.Н.Колмогоров - Алматы: «Мектеп» баспасы -
2010 ж.
5. Математика
және физика журналы №5, 2010.
6. Математика
және физика журналы №3, 2012.
7. Математика
және физика журналы №3, 2013.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген