400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қолдау тапқан Жолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл елбасымыздың жолдауы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қолдау тапқан Жолдау

Тараз қаласы №40 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары арасында 2018 жылдың 10 қаңтарында Президентіміздің Жолдауы жан-жақты талданып, мұғалімдер тарапынан білім саласы бойынша Президенттің нақты айтылған жоспарлары қолдау мен аса зор мадаққа ие болды. Жолдаудың жетінші міндетінде білім саласына ерекше көңіл бөлінген.Президент: «Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.»-деп нақты атап көрсетеді. Өзімізге мәлім жаңартылған білім мазмұнына 1,2,5,7-сыныптар көшкен болатын. Жаңартылған білім мазмұнының артықшылықтары біз өз тәжірибемізде көрудеміз. Оның ең басты артықшылығы-оқушылардың функционалдық сауаттылығының артуы, яғни өмірге бейім азаматтың тәрбиеленуі. Демек, біздің болашақ ұрпағымыз тек теориялық білімді меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар оны тәжірибеде қолдана білетін болады. Президентіміз өз Жолдауында мұғалім мәртебесінің өсуіне көп көңіл бөлген. Бұл қолдау біздің еңбегімізге шабыт, талмас қанат сыйлады. ««Балам», дейтін жұрты болмаса, «Жұртым» дейтін баласы қайдан болсын»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, Елбасымыз балалар жайын назардан тыс қалдырмаған. «Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек.

Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.»-деп Жолдауда көрсетілген. Елбасымыз Қазақстан ұрпағының бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған болуына ерекше көңіл бөледі.Жолдауда үштілділікті дамыту жолдары да айтылады. Әсіресе, бізді қуантқан жайт-қазақ тілін оқытудың жаңа бағдарламасы. Бұл өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу мәселесі де айтылған. Біз, қазақ тілі мұғалімдері, Президентіміздің бұл саясатын толыққанды қолдаймыз. Елбасымздың Жолдауы бізді ерекше жігерлендіріп, болашаққа зор үмітпен қарауға мүмкіндік берді. Жолдаудағы әр міндет қазақстандықтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналғаны сөзсіз. Сондықтан бірлігіміз жарасып, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға атсалысайық!


Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Бактаева Гульнара Заманбековна



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі