400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қолға арналған жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
арнайы мектепте қолдың ұсақ моторикасы әдістемесін түзете-дамыту сабағының мазмұнына ендіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Байжұманова Қарлығаш Ченсізбайқызы

Дефектолог.

Аяқ - қолы кемтар балаларға

арналған № 2 арнайы (түзету)

мектеп - интернаты» КММ

Алматы қаласы.


Түзете-дамыту сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қолға арналған жаттығулар

Сынып: 2

Сабақтың түрі: жеке сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Менің соңымнан қайтала» (қолға арналған жаттығулар)
Сабақтың мақсаты: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту, көріп-қабылдау қабілетін дамыту, сөйлеу тілін түзету.
Сабақтың көрнекі құрал - жабдықтары: суреттер


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.

І. Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, көңіл -күйін сұрау. Жағымды ахуал туғызу.

ІІ. Сабақтың ортасы. Негізгі кезең.

Бүгін, екеуміз сабақта қолымызға, саусақтарымызға арналған жаттығулар жасап үйренеміз. Мен бірінші көрсетемін, ал сен менің соңымнан қайталайсың. Бірінші саусақ жаттығуларына көшпес бұрын саусақтарымыздың атын атап есімізге түсірейікші: Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

1-тапсырма. «Саусақтар» жаттығуы

Саусақтарым өнерлі (екі қолды үстел үстіне қою)

Мына саусағым билейді (балан үйректі қозғау)

Мына саусағым дөңгелекті сызады (шылдыр шүмек)

Мына саусағым доп секілді секіреді (ортан терек)

Ал кішкене бөбегім,

Тышқан секілді тығылады. (тығылады)


2-тапсырма. «Құлып » жаттығуы

Есікте тұр бір құлып (екі қолдың саусақтарын айқастыру)

Оны бізге кім ашады?

Қосамыз, айналдырамыз (саусақтармен көрсетеміз)

Соғамыз, ашамыз(алақандарды соғу, екі қолды жаю)

3-тапсырма. «Не қалай айтады» жаттығуы

Қайшы қиып айтады

Ине кіріп айтады

Балға ұрып айтады,

Біз тесіп айтады

Пышақ кесіп айтады.


Алақан-жұдырық-қабырға жаттығуларын орындату

4-тапсырма. Мен тақпақтар оқимын, сен соларға байланысты саусақ қимылдарын көрсет

Ат

Атымды жақсы көремін

Арпа сұлы беремін

Күтемін баптап қараймын

Жалын талдап тараймын

Ақ тауық

Ақ тауық-ау, ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертеменен қытқылдап

Ауламыздан бір шықпайды


ІІІ. Сабақтың соңы. Қорытындылау. Сабақ аяқталды.

Кері байланыс: Сұрақ –жауап. Сабақ саған ұнадыма? Ұнаса, неге ұнады?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 тамыз
3288
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі